Сыртқы ортаның органзмге әсері. Организмнің дұрыс дамып еңбек етуіне қажетті сыртқы ортаның қолайлы жағдайлары –адамның денсаулығын сақтауға, күшейтуге арналған шаралардың бірі.
Адам организміне сыртқы ортаның көптеген жағжайлары әсер етеді. Олардың қалыпты шамада өзгеруі денсаулықты бұзбайды, себібі әрбір организм сол өзгерістерге нервтік және гуморальдық тетіктер арқылы бейімделіп отырады. Сыртқы ортаның әсерлерін дұрыс пайдалана отырып , адамның денсаулығын жақсартып, оның қорғаныс және еңбек қабілеттерін күшейтуге болады.Мысалы, суықтың әсерін дұрыстап пайдаланып, организмді шынықтырып, оның салқынға төзімділігін арттыруға болады. Шнықпаған жағ.дайда сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерді адамның сырқаттануына себеп болады.
Сыртқы ортаның әсерлерін химиялық, физикалық, биологиялық, психогендік, әлеуметтік әсерлер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Химиялық әсерге ауаның, судың топырақтың азықтың құрамындағы заттар жатады. Олардың көпшілігі адам организмінің қалыпты тіршілігіне, денсаулығына қажет.
Физикалық әсерлерге темпертуралық, ылғал ауа қозғалысы, атмосфералық қысым, күн радиациясы т/ б жатады.Ал қажетті мөлшерден артық болған жағдайда , мысалы: ыстық ауада күннің өтуі, айқай-шудан керең болу т.с.с. жағымсыз әсер жатады.
Психогендік әсерлерге сөз ұжымдық қарым қатынас тәрізді адам қоғамындағы түрлі әлеуметтік жағдалар жатады.
Биологиялық әсерлер ауру тудыратын микроорганизмдер, вирустар, құрттар т/ олар денеге әсер етсе, түрлі инфекциялық, паразиттік ауруларды тудырады.
Әлеуметтік әсерлер-еңбек, үй тұрмысы және саяси әлеуметтік экономикалық жағдайлар. Бұлар физикалық , химиялық, биологиялық және психогендік әсерлермен байланысы отырып, олардың адам организміне әсерін күшейтеді. Дегенмен организмге тек сыртқы орта ғана әсер етіп қоймайды, ол адамның өзіне де байланысты.