Дене сапалары дамуының физиологиялық механизмдері

Онтогенез кезеңі яғни адам баласының туылғаннан өлген мерзімге дейінгі күйі. Өмір сүру барысында ағза морфологиялық, биохимиялық, функциональдық өзгеріп отырады.

Индивидуальды даму. Онтогенез жағдайында тұқымқуалаушылық факторлар генетикалық түрде ата-ана гені міндетті түрде балаға көшіп отырады..

Ағзаның формалық күйі бір уақытта дамып жетілмейді. Мысалы морфологиялық бас миы және арқа бөлігі яғни шүйде бөлімі ерте балалық шақта тезірек жетіледі. 10-12 жаста олардың өлшемдері өз шегіне жетеді .

Адамның индивидуальды дамуы 2 процесс арқылы жасалады.

а) ассимиляция организмге сыртқы ортадан енген басқа заттарды өз клеткаларында өзіне тән заттардың түзілуі.

б) диссимиляция процессі организм клеткаларындаға органикалық қосылыстардың энергияны босатып, босап шыққан энергияны тіршілік әрекетіне пайдаланады.

Осы екі процестер арқылы ағза күйі өзгеріп отырады, яғни адамның жүйке жүйесінің мінез құлықтарының өзгеруі.

Адамның жетіліп дамуына дене шынықтыру сабақтарының ролі күшті. Ең алдымен ағзаның еңбекке бейімделуі . Адам әрдайым спорттық қозғалыста жұмыс жағдайында болуы шарт.

Индивидуальды даму биологиялық жасқа тікелей байланысты Биологиялық жастың комплексті көрсеткіштеріне мыналар жатады.

  1. Шыныға даму (бойы, салмағы т/б) жатқызамыз.
  2. Сүйек қаңқасының дамуы

Биологиялық зерттеулерге қарағанда сүйектердің шкі және сыртқы орта жағдайына байланысты қайта құрылымдық қабілеті бар. Атомдық әдіс арқылы ағзаға тәулігіне 10-нан 20 пайызға дейін тұзды заттар сүйек ұлпасында алмасады. Осыған орай спортшылардың сүйек жүйесінің ұлпа және мүше дәрежесіндегі өзгерістерді білу шарт өйткені спортшының тек дене пішінінің қалыптасу қарқынымен бағытын байқап қана отырмай, оның мақсатына қарай дамуын басқарады.

Жаттығушыларды спорт түрлеріне сұрыптағанда олардың денесінің үйлесімділігіне көп мән береді. Спортшы бойының ұзындығына қарап баскетболшыға, қолының ұзындығына қарап найза лақтыратын,. Білектің ұзындығына қарап волейболшыға, қолбасының ұзындығына қарап гимнастикаға лайық деп айтылады.

Денеге күш түсу немесе спорттық сабақтардың әсері адамның денесін түрлі жағынан жетілдіруімен бірге дерттік өзгерістерге де ұшырауы мүмкін . Жаттығушының спорттық сабақтардан зорығуы (шаршауы) салдарынан оның сүйек жүйесінде ерекше өзгерістер пайда болады, мұндай жағдайларды болдырмау үшін жаттықтырушы спорттық сабақтарды реттілікпен өткізуі тиіс.

Спортшылардың сүйек жүйесінің бейімделу өзгерістері

Мүшеге күш артқан кезде сүйектің хим иялық құрамындағы бейорганикалық заттардың құрамы артып, альции мен фосфор көбейе бастайды. Тұздардың артуынан тығыздығы күшейеді. Бұлшықет қызметінің артуынан қаңқа сүйектерінің пішіні өзгере бастайды, бұлшықет сіңірінің сүйекке жабысқан жерінде белдеу, бұдырлар пайда болады.. Айталық ауыр жүк көтерушілердің әсіресе жауырын және бұғана сүйектерінің пішіні өзгеріп, бұғана жуандай түседі. Бұған себеп спортшылардың сүйек жүйесіндегі морфологиялық өзгерістер сүйек қабығындағы сүйектің кемікті және қатты заттарындағы және жіліктің май қуысындағы құрылысына байланысты.

Сүйектің қабығы дене шынықтыру сабақтарында оның ішкі камбиилі немесе сүйек түзетін қабатының қызметін байланысты қалыңдай түседі.