Бұлшық ет жиырылғанда АТФ және креатинфосфат қосылыстарындағы макроэргиялық байланыстарда жинақталған энергия жұмсалады. Бұлшық ет жасушасында фосфагендер деп аталатын бұл заттардың концентрациясы біртіндеп кеми бастайды.Анаэробты жаттығулар жасағанда оларды орындау барысында АТФ 30-50,КФ 80-90 процентке кемиді.Аэробты жаттығулар жасағанда фосфагендер оншалықты азаймайды
Жұмысшы еттердегі анаэробты гликолиз процессі кезінде көп мөлшерде сүт қышқылы түзіледі сүт қышқылының түзілуі шаршаудың дамуына алып келеді.Шаршаудың дамуында жетекші рөлді көмірсу ресурстарының азаюы алады.Бұлшық еттегі гликоген тотығу процесстеріне ұшырайды.Осы кезде оның жиырылуына қажет энергия өндіріледі
Бұлшық еттегі гликоген қоры азайғанда ет талып, шаршап жұмыс істеуге қабілетсіз болып қалады..
Бұлшық етерде көмірсулардан басқа майлар датотығып оны энергиямен қамтамасыз етедіНерв жүйесі энергия көзі ретінде тек глюкозаны пайдалана алады ,майларды пайдалана алмайды.
Сондықтан бауырдағы гликоген азайған сайынглюкоза мөлшері азайып , нерв жүйесі көбірек шаршайды.
Бұлшық ет жұмысы кезінде организмнің оттегі қоры фосфагендер,көмірсу мен майлар жұмсалады,жұмыстан соң олардың орнына қайта келуі жүреді .Бұл орнына қайта келупроцесстері жұмыстан кейін оттегіні көбірек пайдаланудан көрінеді.Бұл процессті оттегілік қарыз деп атайды және бұл теорияның авторы А.Хилл деген ғалым болып табылады.
Оттегілік қарыз дегеніміз -бұлшық ет жұмысы кезінде жұмсалған энергия шығынын өтеу үшін және сүт қышқылын жою үшін жұмыс алдындағы күймен салыстырғанда организмнің оттегіні көбірек пайдалануы
Оттегі бұлшық етте миоглобин белогымен байланысқан күйде боладыБұлшық еттердегі оттегі қоры өте аз . 1кг бұлшық ет массасында11 мл ғана оттегі болады және жұмыс барысында ол тез жұмсалады.Бірақ жұмыстан кейін ол тез орнына келіп отырады
Жұмыстан кейін орнына келу процесстері кезінде жұмысшы еттерден сүт қышқылын жою жүзеге асады.
Сүт қышқылын жоюдың организмде негізгі 4 жолы бар.
1.СО2 мен суға дейін тотықтыру
2.Бұлшық еттерде немесе бауырда гликогенге айналдыру.
3.Белоктарға айналдыру
4.Несеп және термен шығару
Оқу тәрбие жұмысының гигиена мәселелері балалар мен жас өспірімдерінің күн режимімен, оның ішінде оқушыларға ақыл–ой жұмыстарын тапсыру нормалары туралы мәселесімен тығыз байланысты.
Балалар мен жас өспірімдердің оқу жұмысы, негізінен алғанда ми қабығының және сезім мүшелерінің қызметімен байланысты ақыл–ой еңбегі болып табылады.
Ми қабығы клеткаларының жұмыс істеу қабілетінің белгілі бір шегі бар, сондықтан бұл шектен артық тапсырма беру оқушыны шаршатады.
Қазіргі заманғы физиология шаршау деген терминді тек жұмыс істеуші орган ғана емес, сондай –ақ бүкіл ағзаның қызметінің уақытша нашарлауы деп түсінеді, бұл шаршау белгілі бір уақыт бойы жұмыс істеудің нәтижесінде үлкен ми сыңарлары қабығының клеткаларда тежелудің пайда болуына байланысты туады. Сонымен, ағза қызметінің кез – келген түрі белгілі – бір уақыт өткеннен кейін шаршау тудырады.
Жалпы қимыл тынышсыздығының пайда болуы шаршаудың басталуының алғашқы белгісі болып саналады. Бұл әсіресе төменгі сынып оқушыларында айқын байқалады: Балалар жан–жағына алаңдап, сөйлесе бастайды, есінейді керіледі.
Шаршауды қалжыраумен шадастыруға болмайды қалжырау- шаршаудың субьективті көрінісі, әрі ол ағзаның әлсіреуі, аздап мең- зеңдікті сезінуі және жұмыс істегісі келмеушілікпен ілесе жүреді. Шаршаудан және қалжыраудан басқа тағы да болдырғыштық бар. Бұл термин,мен адамның шаршауға азды-көпті бейімділігі немесе қабілетін білдіреді.
Шаршаудың нәтижесінде көздің өткірлігі төмендейді, есітуі нашарлап, айқын көру тұрақтылығы және көздің электр сезгіштігі өзгереді. Шаршау- кез-келген қызу жұмыстың заңды салдары, сондықтан одан қауіптенбеген жөн жұмыс істемеген адам ғана шаршамайды.
Балалардың миы даму және жетілуі үшін үздіксіз жаттығуы яғни жұмыс істеуі тиіс бірақ істелетін жұмыс баланың жас мүмкіндіктеріне сәйкес келуі және зорықтырмауға тиіс .