Барлық экологиялық факторларды әсер етуі әдісіне байланысты а) организмге тікелей әсер ететіндер (жарық, жылу, ауа, су минерал қоректену режимдері) б) жанама (басқа факторларға әсер ететіндер) (жоғарғы аталған режимдерге әсер етіп олар арқылы өсімдіктерге әсер ететін) факторларға бөлуге болады. Тікелей әсер ететін факторларды эколого- физиологиялық немесе негізгі факторлар деп атайды. Бұл факторлардың бірін екіншісімен алмастырып болмайды.
Ортаның басты факторлары әрекеттестікте болады. Әрекеттестіктің үш варианты болады.
- Басты факторлардың өзара байланыстылығы (корреляция)
- Түрдің фитоценотикалық оптимумдарының әртүрлі факторлар арқылы әрекеттестігі
- Бір фактордың орнын екінші фактордың жарым – жартылай басуы.
Өсімдіктер қауымымен ортаның арасындағы байланысты
зерттеу жұмыстарын үш топқа біріктіруге болады – ординация, кординация, индикация.
Ординация (лат. ordination – тәртіппен) орналасқан өсімдіктердің өзгеруі сипатын көрсететін кейбір өсу бойында түрлерді немесе қауымдарды ретке келтіру процедурасы.
Индикация (лат – indicatio – көрсету) –ортаның жағдайын өсімдіктер арқылы анықтау. Әртүрлі эдафикалық факторлар/ылғалдану, жерасты суларының деңгейлері сортаңдану, атмосфера жағдайлары – зерттеу объектері есептелінеді. Объектеріне байланысты гидроиндикация (су), педоиндикация (топырақ) атмоиндикация т.б. бағыттары бар. Орта жағдайының индикаторы еебінде фитоценоздардың флоралық құрамы пайдаланады. Орта жағдайымен тығыз байланысты және жағдайын айырып тану үшін пайдаланатын өсімдіктер қауымы – кейбір түрлер индикатор деп аталады, ал процессті индикация деп атайды. Индикациялық байланыстың географиялық тұрақтылық дәрежесіне байланысты индикаторлар панареальді (белгілі – бір организмнің таралған аймағы). Панеаральді индикаторларға рһragmites australis жатады. Оның тамыр жүйесінің дамығандығы ылғалдығының жоғары екендігі панареальды индикаторы болып табылады. Панареальды индикаторлар көп емес, олар тікелей индикаторларға жатады. Аймақтық индикаторлар жиірек кездеседі. Ботаникалық көрсеткіштер арқылы анықталатын индикатор әртүрлі ол белгілі – бір табиғи объектілердің әртүрлі типтері (топырақ, тау жыныстарының жер астындағы сулардың немесе объектілердің әртүрлі қасиеттері механикалық құрамы, сортаңдану т.б.) байланысты. Индикаторлар рөлінде өзгермес түрлер немесе ценоздар емес, өзара байланысқан өсімдіктер қауымдары жүйелері, олардың эколого – генетикалық қатары болады.