Фитоценеоздардың экологиясы

Әрбір фитоценоздардың орналасқан территориясын оның тіршілік орны немесе биотоп деп атайды. Тіршілік орнын “тұрған орны” деген түсініктен ажырата білу керек. Биотоп немесе тіршілік орны,күрделі экологиялық факторлар комплексі.

Экологиялық факторлардың топталуы. Барлық экологиялық факторларды әсер етуі әдісіне байланысты организмге тікелей әсер ететіндер және жанама әсер ететіндерге бөлуге болады. Бірақ бір фактордың өзі бір жағдайда организмге тікелей әсер етіп, ал екінші бір жағдайда жанама әсер етуі мүмкін.

Тікелей әсер ететін факторларды,эколо-физиологиялық немесе негізгі факторлар деп те атайды. Негізгі,басты экологиялық факторлар бір-бірімен тығыз байланысты.Әрбір экологиялық фактор немесе факторлар комплексі өсімдік онтогенезінің әр фазасында әр қалай әсер етеді. Әрбір экологиялық фактор белгілі сандық көрсеткіштерімен сипатталады-қарқындылығымен және әсердің мөлшері мен .Сонымен экологиялық фактордың әсері оның “дозасына ” тәуелді. Факторлардың әсері ең алдымен оның амплитудасымен, теңселу шегімен сипатталады.

Ценопопуляция. Ортаның белгілі бір нақтылы жағдайда өмір сүруге қабілеттілігі бар биотиптер топтарын популяция деп атайды.