Фитоценоздың эколого-биологиялық структурасы дегеніміз- ондағы өсімдіктер түрлерінің жеке сапалық белгілерімен ерекшеленетін биоморфаларының және экоморфаларының сандық құрамы. Маңызды белгілері мыналар: негізгі биоморфа, тамыр жүйесінің және жер үстіндегі өркендерінің структуралық типтері, өркендердің даму циклдарі және өсіп ұлғаю әдістері,қыстап шығу әдістері, жеміс салу тарау түрлері, әртүрлі факторларға қатысты экологтялық типтер.
Фитоценоздардағы өсімдіктердің эколого- биологиялық ерекшеліктерін көп жақты талдап жалпы қортынды жасау осы ауданның зонаның табиғат жағдайын, оларды меңгеру механизмін, бейімделу ерекшеліктерін және олардың арқасында осы жер жағдайын игеріп биосферада органикалық заттар жинап, оның қорын арттыруда мүмкіншілігін білуге өте қажет болып табылады.Тамыр жүйесінің өсу қарқындығы және топыраққа ену тереңдігі әртүрлі, жер бетіндегі мүшелерінің структурасы бірдей емес және даму ритмикасы әртүрлі өсімдіктерді таңдап алу арқылы, экологиялық факторларды жан-жақты толық пайдалана отырып өнімдікті барынша арттыруға болады.Тамыр жүйелерін зерттеу жұмыстарының нәтижесін топырақтың эрозиясымен күресу үшін жыралардың,таулардың беткейлерін шалғындандыру ісінде өсімдіктерді дұрыс іріктеп алу үшін пайдалануға болады.Фитоценоздың компоненттерінің қарым-қатынасына негізделген организациялықформаларының структурасын оның функционалдық структурасы деп атайды.фитоценоздың функционалдық структурасының элементтеріне ценоячейка, синузия, консорция жатады.
Ценоячейка туралы ұғымды фитоценоздың функционалдық структурасының қарапайым өлшемі ретінде В.С.Ипатов енгізді. Ценоячейка дегеніміз- орта арқылы бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасайтын өсімдіктер тобы.
Синузия (гректің Synusia- бірге мекендеу, қауым) терминін геоботаникада бірінші рет өзінің лекциясында Швейцария геоботанигі Рюбель(1912) пайдаланды, бірақ ол термин тек Гамстың синузия туралы жұмысы жариаланғаннан кейін ғана геоботаникаға еніп кеңінен пайдалана бастады. Гамс синузияны үш қатарға бөлді:
1-ші қатардағы синузия- дербес бір өсімдіктер қауымы ішінде өмір сүретін особьтардың жиынтығы.
2-ші қатардағы синузия-дербес өмір сүретін бір тіршілік формасына жататын бір өсімдіктер қауымы ішіндегі әртүрлі түрлердің особьтарының жиынтығы.
3-ші қатардағы синузия-дербес өмір сүретін әртүрлі тіршілік формаларына жататын түрлер особьтарының жиынтығы.