Фитоценоздардың көлденең жазықтықта біркелкі болуы өте сирек кездеседі. Соған байланысты фитоценоздардың құрылысында әртүрлі бөліктер ажыратылады. Работнов 1972ж теңбілділіктің жеті түрін ажыратуды ұсынды:
1.Эдафотопикалық
2.Эпизодтық
3.Ценобиотикалық
4.Клоналдық
5.Зоогендік
6.Антропогендік
7.Экзогендік
Теңбілділік-оның түрлері және айқындылық дәрежесі- фитоценоздардың өте маңызды белгісі болып табылады. Фитоценоздың геометриялық структурасы.Фитоценоздардың өнімділігінің үлгісін жасау үшін олардың геометриялық структурасының сандық бейнесін білу қажет.
Фитоценноздардың геометриялық структурасы дегеніміз- фитоценоздағы өсімдіктер жапырақтарының тіршілік ету орнына ббейімделуіне байланысты кеңістікте орналасуы. Фитоценоздардың хронологиялық структурасы – оның дамуындағы өзгеріс белгілерінен тұрады. Оған фитоценоздардағы тәуліктік маусымдық өзгерістер және әртүрлі жылдардағы өзгерістер жатады.Фитоценоздардың тәліктік өзгергіштігі өсімдіктің вегетациясы кезінде байқалады. Егерде өсімдіктің өскен ортасында ауаның температурасы, ылғалдылығы, желдің күші және бағыты, және жарықтың мөлшері тәулік ішінде өзгеріп тұратын болса фитоценоздың өзгергіштігі айқынырақ байқалады.Фитоценоздардың маусымдық өзгергіштігі- оны құратын өсімдік түрлерінің жыл ішіндегі метерологиялық жағдайдың құбылмалылығына бейімделуінің нәтижесі.Бұл жағдайда бейімделу дегеніміз метерологиялық жағдайдың ритиміне үйлесімді өсімдіктер түрлерінің айқын жыл сайынғы тіршілікті ритимінің жасалуы. Фитоценоздың маусымдық өзгерістеріне тән белгі оның әр жылы оқтын-оқтын қайталанып отыруы. Маусымдық өзгерістердің ең көзге түсетіні фитоценоздардың сырт көрінісі.Фитоценоздардың маусымдық күйінің алмасып отыруының практикада, әсіресе шабындықтармен жайлымдықтарды дұрыс пайдалануға және машруттық зерттеу жұмыстарын жүргізуде үлкен маңызы бар.