Көмірсулардың биохимиясы

Көмірсулар деп молекуласы көбінесе химиялық элементтерден – көміртек, сутек және оттегінен тұратын органикалық қоспаларды айтады. Көмірсулар деп аталуы, олардың алғашқы зерттелген өкілдері /С6Н12О6/ су мен көміртек атомынан құралған тәрізді. Жалпы формуласы : Сn/H2 O/n. Тарихы аты сол уақыттардан бері сақталып отыр.

К. А. Тимирязев өсімдіктердің жасыл жапырағында ауадан алынатын көмірқышқыл газы мен тамыр арқылы келетін судан күрделі органикалық заттардың құралатынын, осы процесс кезінде ауаға өсімдіктерден оттегінің бөлініп шығатынын дәлелдеді. Бұл процесті фотосинтез /”фото” –сәуле, “синтез” – жинау фотосинтез процесінің мәні химиялық мынандай процестермен өрнектеледі :

6СО2 +6Н26Н12 06 + 602 + 2874 кДж

Көмірсулар табиғатта кең таралған, олардың үлесіне өсімдіктердің 80-90% құрғақ заттары, ал жануарлардың

1-2 % құрғақ заттары жатады. Көмірсулардың маңызы көп қырлы. Олар өсімдік клеткаларының негізін құрайды және қоректік заттардың қоры /крахмал/ түрінде жиналады. Жануар мен адам организмінде көмірсулар химиялық энергияның ең басты көзі болып табылады. Жануар организмінің тканьдерінде гликоген түрінде қор болып жиналады.

Көмірсулар химиялық құрамы жөнінен 3 класқа бөлінеді :

  1. Моносахаридтер –қарапайым қанттар /глюкоза, фруктоза, ксилоза, арабиноза/.
  2. Дисахаридтер — әр молекуласы екі моносахаридтерден тұрады / сахароза, мальтоза, лактоза/.
  3. Полисахаридтер — өте күрделі заттар/ крахмал, клетчатка, гликоген/.

Биологиялық жағынан пентозалар мен гексозалар үлкен маңызға ие.

Көмірсу алмасуы- жалпы зат және энергия

алмасуыларының құрамды бөлігі.

Жануар сілекейінде көмірсуларды глюкозаға / жүзім

қантына/ ыдырауын туғызатын ферменттер болады. Птиалин ферментінің /амилазалардың/ әрекетімен крахмал әуелі декстриндерге, одан соң дисахарид мальтозаға бірден айналады.

Жоғарыда сипатталған өте күрделі процестерден кейін түзілген төмен молекулалы қосындылар, яғни моносахаридтер /глюкоза, фруктоза, галактоза және басқалары/ лимфа мен қанға тарайды.Сөйтіп, көмірсулардың қорытылуы ащы ішекте аяқталады.