Асқазанда /ұлтабарда/ пепсин және тұз қышқылының әсерімен нуклеопротеидтердің көпшілігі нуклеин қышқылдарына және қарапайым белоктарға ыдырайды.
Нуклеин қышқылдарының ыдыралған өнімдері ащы ішіекте мононуклеотидтер, нуклеозидтер, пентозалар, пурин және пиримидин негіздері, фосфор қышқылы / оның эфирлері және тұздары/ түрінде сіңіріледі.
Тканьдер клеткасында нуклеин қышқылдары нуклеаза ферментінің әсерімен ыдырайды. Нуклеаза нуклеин қышқылдарының молекуласындағы байланыстарды біртіндеп бір ізділікпен үзеді :
Адениндезаминаза және гуаниндезаминаза ферменттері аденинді гипоксантин мен аммиакқа сумен әрекеттесу /гидролиз/ арқылы ыдыратады.
Гипоксантин және ксантин ксантиноксидаза ферментінің ықпалымен несеп қышқылына тотығады.
Пиримидин негіздерінің жануарлар тканьдеріндегі және кейбір микробтардағы ыдырауы урацилдың айналуы мысалында анықталған. Нуклеин қышқылдарының биологиялық түзілуі негізгі 3 сатыдан тұрады :
а/ Пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтердің түзілуі;
ә/ Нуклеотидтердің фосфорлануынан трифосфаттардың пайда болуы;
б/ Трифосфаттардың, ДНК –матрицасы болған жағдайда, нуклеин қышқылдарының молекуласына полимеризациялануы.
Пиримидиндік нуклеотидтерді құрайтын ең негізгі бастапқы затқа 5- монфосфат жатады. Ол урацилден, пентозадан және фосфаттан түзіледі. Нуклеин қышқылдарының / полинуклеотидтердің/ түзілуі пентозофосфор эфирлік байланыстары арқылы көптеген мононуклеотид қалдықтарының бір – бірімен қосылуынан болады.
«ДНК – «түртпе» мононуклеотидтерді орналастыру үшін «штамп» немесе «матрица» қызметін атқарады, ал одан жаңа ДНК –нің тізбегі түзіледі деп есептейді.