Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, егенменді мемлекетке айналғалы да жиырма жылдан астам уақыт болды. Дербес мемлекет ретінде қалыптаса бастағаннан кейін, республикамыздың мемлекеттік белгілері айқындалғаннан кейін, яғни, тәуелсіздігі жарияланып, шегарасы белгіленіп, конституциясы қабылданғаннан кейін, мемлекеттің функциялары да анықталды. Жаһандану үрдісінің екпінінің артуы Тәуелсіз мемлекетіміз үшін ішкі және сыртқы саясаттың салмағы пара-пар екендігін аңғартты деуге болады.
Дүниежүзілік қауымдастыққа мүше кез келген мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігінің басты негізгі бағыты өзінің қауіпсіздігін барынша нығайту болып табылатындығына ешбір күмән келтіруге болмайды. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылы Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2030» Стратегиясындағы алғашқы ұзақ мерзімді басымдылық болып ұлттық қауіпсіздік аталды.
Қазіргі кезде, сөз жоқ мемлекет қауіпсіздігінің кепілі ретінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамның тұрақтылығы мен тиімді тіршілік етуінің міндетті шарты Қазақстанның аса маңызды басымдықтарынажатады [1].
Ұлттық қауіпсіздіктің геосаяси өлшеміне келсек, мемлекеттің физикалық тіршілік етуі, оның егемендігінің, территориялық тұтастығының қорғалуы мен сақталуы, кез-келген сыртқы әлеуетті қауіп-қатерлерге қарсы тұра алу қабілеті қауіпсіздік ретінде түсініледі.
Ұлттық қауіпсіздік мемлекет пен қоғамның қорғалуының түрлі аспектілерін қамтиды:
- мемлекеттің физикалық тіршілік етуін, сыртқы және ішкі қатерлерден территориялық тұтастығын, беріктігін қамтамасыз етуге қабілеттілік;
- ішкі істерге сыртқы күштердің араласуынан кепілдікке ие болу;
- қоғамның өмір салтына қауіп төндіретін әлеуетті, көзге көрінбейтін қатерлердің алдын алу.
Басқаша жеткізгенде, қауіпсізідік мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ету. Мемлекетаралық қатынастар контекстінде өмір сүру дегеніміз халықтың өмір салтын сипаттайтын ортақ құндылықтарды тасымалдаушы және жүзеге асырушы ретінде ұлттық мемлекеттің сақталуын білдіреді. Ұлттық қауіпсіздік жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірілік маңызы бар мүдделерінің қорғалу жағдайы ретінде ұлттық мемлекет күшеюіне бағытталған шешімдер мен саяси курстарды жоспарлайтын, қабылдайтын және бағалайтын әдістерді, формалар мен жолдарды қамтиды.
Ұлттық қауіпсізідіктің жоғарыда көрсетілген тұжырымдамалары біздің мемлекетіміз үшін бөтен емес. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi – елдiң ұлттық мүдделерiнiң нақты және ықтимал қауiп-қатерден қорғалуының жай-күйi.Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi — iске асырылуына мемлекеттiң адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамы құндылықтарын, түпқазық мемлекеттiк институттарды қорғауды қамтамасыз ету қабiлетiне байланысты болатын Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық әлеуметтiк және басқа да қажеттерiнiң жиынтығы» [2].
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсізідігі ең алдымен жас, тәуелсіз мемлекетіміздің егеменділігін, саяси тұрақтылығын, ішкі бірлігін сақтау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік туралы заңының 5-бабында көрсетілгендей: «…конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бiрегей құрылысына, тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, аумағының бөлiнбестiгiне қиянат келтiретiн iс-әрекеттер; ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан, жаппай тәртiпсiздiктерден, рұқсат етiлмеген жиналыстардан, митингiлерден, шерулер мен демонстрациялардан, заңсыз тосқауылдар мен ереуiлдерден көрiнетiн әлеуметтiк-саяси жағдайдың шиеленiсуi» республикамыздың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіреді екен, яғни, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекетімізге сырттан басып кіретін жаудан қорғану ғана емес, мемлекет құрылымына сызат түсіретін оғаш қимыл-әрекеттердің барлығының алдын алу болып табылады екен.
Ұлттық қауіпсіздіктің бірыңғай жүйесінде ұлттық мүдделерге кедергілердің мүмкіндігі зор және шынайы түп негізіне орай қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы аспектілерін атап көрсеткен жөн абзал. Қауіпсіздікке қауіп-қатерлерді сыртқы және ішкі деп бөлуге негізделіп отырып, Қазақстанның зерттеуші-ғалымдары У.Қасенов, М.Маумулин және тағы басқалар Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне шынайы қауіп-қатер негізінен ішкі сипатта болатынын атап өтті. Ішкі қауіпсіздікке ең алдымен мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі және ұлттық мүдделері жатады. Осындай салмақты естілетін басқа ұғымды атау мүмкін емес. Қазіргі әлемде қандай да бір мемлекеттің жетістіктерінің басты өлшемі болып экономикалық өсім қарқыны алға шығады. Қандай да бір елдің экономикалық жетістіктерінің объекті түрде танылуы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының мәжілістерінде «үлкен сегіздік кездесулерінде емес Давостағы (Швейцария) экономикалық форумында да емес өздерінің негізгі қаржыларын тым арзан және тыс сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге беруге артқы көретін миллиондаған және миллиардтаған сатушылардың рубльмен, доллармен, иенамен, маркамен, юаньмен «дауыс берудің» нәтижесінде болады.
Қазақстан Республикасында 1999 жылы қараша айында 2005 жылға дейінгі ұлттық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі стратегиясы мен шаралар бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы эконокалық, әскери, экологиялық, әлеуметтік-саяси және ақпараттық қауіпсіздік сияқты салаларды нығайтудың қажет ететінін көрсетті [3].
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің қауіп-қатерлері: Қазақстанның тарихи дамуының қазіргі кезінде мемлекеттің шынайы ішкі және сыртқы қатерлері объективті түрде өмір сүреді, бұларға жол бермеу немесе жеңіп шығу Қазақстан Республикасы мемлекеттік қауіпсіздігі стратегиясының маңызды элементі болуы керек.
Қазіргі басты ішкі қауіп- қатер — елдің экономикасының жағдайы; экономикалық, ғылыми-техникалық және технологиялық артта қалушылық мүмкіндігі; әлеуметтік және мәдени азу; қазақстандық қоғамның меншіктік жағдайына қарай бөлінуінен туындайтын қоғамның поляризациясы және ынтымағының кемуі; ұйымдасқан қылмыстың өсуі мен лаңкестік қаупінің күшеюі; мемлекеттік басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық пен қоғамдық қатынастардың криминилизациясы; экологиялық және демогафиялық күйреу; ақыл-ой әлеуетінің кемуі; құндылықтар жүйесінің өзгеруі;қоғамдық мақсаттарменидеалдарды жоғалту; мемлекеттік билікті ұйымдастырудың дамымаған жүйесі; мемлекет пен азаматтық қоғамның ұшқары шешімдерге мәжбүрлі болуының арта түсуі; халықтың жүріп жатқан реформалардың мән-маңызы, көздеген мақсаты, басымдылықтары, объектісі және әдістері туралы хабарсыз болуы.
Жалпы алғанда, ішкі саяси, әлеуметтік және рухани салалардағы дағдарыстың шиеленісуі елдің демократиялық жетістіктеріне қауіп төндіреді деуімізге болады.
Ішкі қауіп-қатерлердің екінші тобы базалық құндылықтарды жоғалтуға немесе оның суалуына байланысты:
1) территорияның -табиғи байлықтарының сарқылуы (энергия қорлары мен минералды қазба байлықты салықсыз сыртқа тасымалдау салдары, орман байлығын, теңіздің флорасы мен фаунасын тонау);
2) ұлттың -халықтың санының азаюы, денсаулығының, өмір сапасының темендеуі, орта жасының кемуі, ұлттың өмір салтының бұзылуы (БАҚ арқылы зорлық-зомбылықты, байлық пен жалаң құндылықгар насихаттау, мемлекет пен ұлт алдындағы жауапкершіліктің әлсіреуі) [4].
Сыртқы қауіп-қатерлерді тізіп айтар болсақ:
1) Тәжікстан мен Ауғанстанда болып жатқан әскери қақтығыстармен негізделеген Орта Азия мен оған шекаралас аймақтардағы абыржудың эскалациясы;
2) Исламдық фундаментализмнің кірігуі. Эксперттердің айтуы бойынша Қазақстанның дәл өзінде ортодоксалды ислам соншалықты дами қойған жоқ, бірақ бұл жағдай Тәжікстан мен Ауғанстан елдерінен келетін қауіпті сейілтпейді. ҚР Қауіпсіздік комитиетінің мәліметтері бойынша республиканың өңтүстік облыстарында ваххабиттер мен ишан-левиттік бауырлар сияқты ағымдардың қызметіне тосқауыл қойылды.
3) Халықаралық қылмыс. Ең алдымен бұл есірткі бизнесаі мен қару-жарақ саудасы. Жекелеген эксперттердің пікірлері бойынша, Қазақстан Ауғанстан — Пәкістан — Орта Азия» үшбұрышынан Ресей мен Батысқа есірткі тасымалдаушы транзитті аймақ болып табылады;
4) Халықаралық терроризм. Көптеген эксперттер бұл қауіп түрін таза қылмыстық әрекетке жатқызады. Алайда терроризмнің бұл түрі саяси мағынаға ие болуы мүмкін. Мысалы қылмытық топтар терроризмді өздеріне ұнамаған саяси билік басшыларына қарсы ұйымдастырулары мүмкін [5].
Бүгінде Қазақстан өзінің алдына əлеуметтіксаясаттың басым бағыттарының бірі – халықтың өмір сүру сапасы мен əлеуметтік стандарттарын тұрақты арттыру сияқты міндеттерді қойып отыр. Сондықтан қазақстандықтардың əл-ауқатын көтеру — мемлекеттің əлеуметтік саясатының негізгі бағдарламалық міндеті болып табылады. Əлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, əлеуметтік мүддесі мен қажеттілігі қанағаттандырылмаған жағдайда халықта мемлекетке, билікке деген сенім азайып, ол қоғамнан шеттей түседі, əлеуметтік наразылықтың өсуіне əкеледі, бұл өз кезегінде кей жағдайда елдегі жағдайдың тұрақсыздануына жəне ашық қақтығыстарға əкеледі. Нəтижесінде, əлеуметтік теңсіздікке жол беріліп, қоғамдық-саяси тұрақсыздық пен əлеуметтік жарылыс қаупі күшейеді, бұл ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірері сөзсіз. Бұл мəселе туралы отандық ғалым Р.Əбсаттаров былай дейді: «Халықтың тіршілік ету деңгейінің жоғары болуы — əлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда адам құқығы мен бостандығының құрылымы өзгереді, адамдардың саяси белсенділігі төмендейді, мемлекетке сенімсіздік пайда болады, саясатқа селсоқтығы ұлғаяды, құқық пен бостандықтың заңды кепілдіктері əрқашан мүмкін емес деген ұғым қалыптасады. Əлеуметтік мемлекеттің өмір сүруі құқықтың мемлекетпен бірлікте екенін атап көрсету қажет. Өйткені, əрі құқықтық, əріəлеуметтік мемлекетте жеке тұлғаның дамуы мен игілігі үшін тиімді жағдайлар жасауға тырысады»[6]. Қоғамның əлеуметтік тұрақтылығы, алдымен ойластырылған мақсатты əлеуметтік-экономикалық саясаттың көмегімен қамтамасыз етіледі. Бұл саясаттың мақсаты — əр адамға, бүкіл қоғамға, өз уақытында К.Маркс айтып кеткендей, адам өмірінің сапалығын қамтамасыз ету. Олай болса, ұлттық қауіпсіздік тұрғысында мемлекеттің əлеуметтік позициясы, əлеуметтік мұраты, əлеуметтік мүддесі бір арнаға бағытталуы тиіс. Ол үшін барша қазақстандықтардың əлеуметтік белсенділіктерін, жауап-кершіліктерін арттыратын шаралар қолға алынуы керек. Соған қоса, осы бағыттағы атқарылар жұмыстардың мақсаты адамдардың əлеуметтік қажеттіліктерімен қоса, олардың материалдық мұқтаждықтарының ойдағыдай шешіліп отыруымен де негізделеді. Өйткені, əлеуметтік тұрақтылық – мемлекеттігіміздің үздіксіз дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Кез келген қарқынды қоғамды дамытудың ең ақырғы мақсаты – адамдардың өміріне қатысты ұзақ, сау, мықты жəне материалдық жағынан ауқатты өмір сүру жағдайын қалыптастыру.
Жоғарыда аталған мемлекетімізге қауіп-қатерлерді сейілту үшін, Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қолдан келетін іс-шараларды жасауда. Соның айғағы ретінде Қазақстан Республикасы қазіргі таңда халықаралық деңгейде толеранттылық пен ынтымақтастық қағидалары мен идеяларын ұсынып, бейбітшілік пен тұрақтылық имиджі арқылы танылған ел болып отыр. Қазақстанның мына халықаралық ұйымдар деңгейінде ынтымақтастық, қауіпсіздік пен толеранттылық сияқты өзекті мәселелерді шешу бағытында қарқынды жұмыстар жүргізді:
- Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК). АӨСШК-ні құру туралы идеяны Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5-қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынған болатын. АӨСШК елдерінің толеранттылық мәселелері жөніндегі азаматтық форумы өтті;
- Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі(ТМЫК) мүшесі, 2009 жылы 3- қазанда құрылған.
- Шанхай ынтымақтастық ұйымы. 2010 жылдың маусымынан бастап 2011 жылдың маусымына дейін төрағалық етті;
- Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының 2010 жылғы төрағасы. ЕҚЫҰ Астана саммиті, 2010 жыл 1-2 желтоқсан;
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету 2011 жылы 20-желтоқсанда өтті;
- Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық, 2011 жыл. 2011-2015 жылдарға арналған Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық туралы ИЫҰ Іс-шара жоспары қабылданды.
Қазақстан халықаралық ұйымдарға төрағалық ету және белсенді мүшелік қызметі арқылы мынадай нәтижелерге де қол жеткізді:
- халықаралық деңгейде мойындауға қол жеткізу және елде тұрақтылықтың қалыпты дамуы;
- әлемдік қауымдастықтың Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мен нығайтудағы қосқан үлесінің жоғары бағалауы;
- халықаралық маңызға ие мәселелер бойынша өзіндік бастамаларын іс жүзінде асыруға зор мүмкіндіктеріне ие болуы;
әлемдік қауымдастықты Азия континентіне, ондағы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төндіріп отырған немесе төндіруі мүмкін мәселелерді реттеуге, алдын алуға көңіл аударту.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-на 2010 жылы төраға ретінде сайлануы қазіргі заманның негізгі қауіп-қатерлері және сынақтарына ырғақты және біржақты жауап беруге кепілдіктер береді. Өйткені Қазақстан күштері тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төзімділікті нығайтып қысым көрсетуге жол бермеу, халықаралық лаңкестікке қарсы күш көрсету мәселелерін де шоғырландыру ниетінде [7].
Қорыта айтқанда, ұлттық қауіпсіздік саласындағы стратегиясы жалпылай мемлекеттің маңызды ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету үшін тұтасымен алғанда мемлекеттік биліктің барлық институттарымен; құқықтық-экономикалық және әкімшілік әдістердің бүкіл дерлік құралдары мен тәсілдерін дұрыс қолдана білу негізінде іске асуы тиіс. Қазіргі таңдағы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы: қоғамның әлеуметтік-саяси қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, тұрғылықты халықтың өмір сүру деңгейін қажетті жақсы деңгейде ұстауға Қазақстанның Конституциялық тәртібінің негіздерін сақтау және мемлекеттік құндылықтар мен мүдделердің тұрақты жүйесін қалыптастыруға бағытталуы қажет.