Биотикалық қауымдастықтың келбеті әртүр әр алуандылығымен және басқа қауымдастық құрамына енетін түрлер арасындағы байланыстарды бейнелейтін көрсеткіштерімен анықталмайды. Қауымдастықтың қызметі мен тұрақтылығы сондай-ақ, популяция аралық байланыстарға организмдердің кеңістікке таралуына және олардың сыртқы ортамен әрекеттесу ерекшеліктеріне де тәуелді болады. Осылардың барлығы жинала келіп, қауымдастықтардың ішкі құрлымы түсінігіне құрайды ол жөнінде төмендегі параметірлеріне қарап байқалады.
Стратификатциясы (вертикаль бағыттылығы ) орманның негізгі екі қабағы (ярусы) автотрофты және гетерофты қабаттары көп жағдайларда қосымша қабаттарға бөлінеді. Мыс: өсімдік жамылғысы шөптесін өсімдіктер, бұталар, ағаштар қабатынан (ярусынан) тұруы мүмкін, сол сияқты топырақ та қабаттарға (горизонттарға ) айқын бөлінеді. Стратификация тек орман немесе су экожүйелеріне ғана тән нәрсе емес. Типті “бір өлшемді” көрінетін шабындық сияқты экожүйенің өзінің бірнеше қабатын (ярусын ) бөліп көрсетуге болады: жауын құрттарының қоңыз лигинкаларының және басқа да жануарлардың бүкіл өмірі өтетін топырақ қабаты құмырсқалар жыртқыш қоңыздар мекендейтін топырақ беті қанатсыз насекомдар мен сауытқы кенелер тіршілік ететін мүктер қабағы: секіртпелер, шөп бүргелер, т.б. жануарлар мекендейтін өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары, гүл өрмекшілері аралар т.б. уақытының көпшілігін өткізетін гүлдер.
Аймақтылығы (горизонталь жазықтықта бөлшектенуі). Өсімдіктермен жануарларбүкіл экожүйе аумағында мөлшерге жетуі немесе керісінше жоқтық қасы болуы мүмкін.
Активтілігі (периодтылығы ) қауымдастықтың периодтылығы организмдердің тұтас бір топтарының күн мен түн бойындағы синхронды активтігінің нәтижесі болып табылады. Олардың біреулері түнде ғана екіншілері – күндіз, үшіншілері-тек ымыртта ғана активті.
Барлық экожүйелерде маусымдық, периодтылық тән, бұл көп жағдайларда қауымдастық құрамының жыл бойында толық өзгеруіне әкеліп соғады.