Айналымның (заттар айналымының) блоктық моделі

Биогеохимиялық айналымдарды бейнелеудің әртүрлі әдістері бар. Бейнелеу әдісі нақтылы элементтің биогеохимиялық циклының ерекшеліктеріне қарай таңдап алынады. Оттегінің айналымын талқылаған кезде экологтар әдетте оттегінің органикалық заттардың құрамына химиялық тұрғыдан енуімен байланысты. Жолдары және судың қозғалысы мен сабақтас жолдарды ажыратады. Судың айналымы: яғни гидрологиялық цикл жер шары көлемінде жақсы меңгерілген және де тірі организмдер мен байланысы жоқ энергия арқылы қозғалысқа келтіріледі. Дара организмдер буландыру және зор шығару арқылы суды тез жоғалтады; особь өмірінің ішінде организмдегі су жүздеген рет ауысуы мүмкін. Сонымен қатар,судың алмасуындағы организмдердің үлесі өте шамалы-булану мен транспирацияның жалпы көлемі жылына 59*1018 г мөлшерінде бағаланады, соғанбайланысты судың биогеохимиялық циклін көрсеткенде алмасу қоры емес , сақтау қорына көбірек көңіл аударылады .

Кез – келген экожүйе әртүрлі материалдар әртүрлі уақытқа бөгеле алатын блоктар тізбегі түрінде елестетуге болады . Менералдық заттардың экожүйедегі айналымына әдетте үш активті блок – тірі организмдер өлі органикалық детрит игерілуі оңай бейорганикалық заттар қатынасады. Екі қосымша блок: аралық буындар арқылы игерлетін бейорганикалық заттар және шөгіндіге түсетін органикалық заттар – биогендік элементтер айналымы мен жалпы циклдің кейбір шеткері аймақтарында ғана жалғасады, бірақ бұл блоктар мен қалған экожүйесінің арасындағы зат алмасуы активті блоктар арасындағы алмасуға қарағанда болу жүреді.

Биосферадағы биогендік элементтердің айналымын қамтамасыз ететін ассимиляция және ыдырау процестері организмдердің энергияны сіңіруі мен және босатуы мен тығыз байланысты. Демек биогендік элементтер қауымдастық арқылы өтетін энергия ағымымен қатарласа жылжиды. Энергиялық қауымдастықтағы түр өзгерістері мен, әсіресе көміртегінің айналымы тығыз байланысты, себебі фотосинтез процессінде ассимляцияланған энергияның басым бөлігі құрамында көміртегі бар органикалық қосындыларда сақталады. Энергия бөліп шығара отырып жүретін процестер нәтижесінде, солардың ішіндегі ең бастысы болып табылатын тыныс алу нәтижеде көміртегі көмірқышқыл газы түрінде босап шығады.