Экожүйе трофикалық құрылымы

Энергияның трофикалық тізбектерде шашырауы нәтижесінде және метабализмнің дара организдердің көлеміне тәуелсізділігі сияқты фактолардың арқасында әр қауымдастықтың белілі бір трофикалық қауымға ие болады. Оны әр трофикалық деңгейдегі особьтер саны арқылы немесе орылмаған өнім арқылы немесе әр трофикалық деңгейдегі аудан бірілігіндегі уақыт бірлігі ішінде сіңірілетін энергия мөлшері арқылы көрсете аламыз. Графикалық әдіспен оны пирамида түрінде бейнелеуге болады. Бірінші трофикалық деңгей пирамида табанына, ал келесі деңгейлер пирамиданың қабаттарын және төбесін құрайды. Экологиялық пирамидалардың негізгі үш түрі –сандар , биомасса, энрегия пирамидалары ажыратылады.

Сандар пирамидасы нмесе особьтердің трофикалық деңгейлер бойынша бөлінуі мына факторларға байланысты:

  1. Кез-келген экожүйеде ұсақ жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек көбейеді.
  2. Кез-келген жыртқыш жануар үшін оның жемтіктерінің көлемінің төменгі және жоғарғы шегі бар.

Жоғарғы шегі жыртқыштың өз денесінің көлемінен әлдеқайда ірі жануарға шамасы жетпейтінідігнен төменгі шегі жемтігінің көлемі тым шағын болған жағдайда оны аулаудың жыртқыш үшін еш мәні қалмайтындығымен анықталады. Жыртқыштардың ұсақ жануарларды орасан көп мөлшерде аулауына тура келер еді, ал бұл не олардың жетіспеушілігіне байланысты немесе уақыттың тапшылығына байланысты іске аспай қалуы ықтимал. Сондықтан жыртқыштардың әр түріне оптимат көлемді жемтіктері азық болады.

Биомасса пирамидалары –физикалық фактордан таза және биомассалардың сандық арақатынастарын айқын көресететіндіктен тереңірек Назар аударылады. Егер организмдердің көлемі жағынан айтарлықтай айырмашылықтары болмаса, онда әр трофикалық деңгейдегі особьтардың биомассасын көрсете отырып сатылы пирамида құруға болады. Ал егер орташа есептеп алғанда төменгі деңгейлердің организмдері жоғары деңгейлердің организдерінен ұсақ болса, онда төңкерілген биомассалар пирамидасы пайда болады.

Энергия пирамидасы –экологиялық пирамидалардың талқыланып отырған үш типінің ішіндегі қауымдастықтың функционалды құрылым туралы ең толық көрініс беретіні, себебі әр трофикалық деңгейде әр түрлі жағдайларда тіршілік ете алатын организмдердің саны мен массасы, ілгері тұрған трофикалық деңгейлердегі осы сәтке жинақталған энергияның мөлшеріне емес азықтың өндірілу жылдамдығына тәуелді. Энрегия пирамидасы азық массасының көректік тізбек арқылы өз жылдамдығын көрсетеді. Бұл пирамиданың пішініне особьтер көлемінің немесе олрадың метоболизит нарқынының өзгеруі ықпал етпейді және де барлық энергия көздері есепке алынған болса онда пирамида термодинамиканың екінші заңы талап ететіндей әрқашан заңды пішінде болады.