Капуста қуатты жақсы тарамдалған тамыр жүйесі бар екі жылдық өсімдік. Жапырақтары ірі, етті қаудан қалыптайды капуста деген ат үлкен ірі қаудандардың түрімен байланысты. Көне Римнің капут – бас деген сөзінен шыққан.
Капуста суыққа төзімді дәндері – 2-3 0С көктей бастайды. Капустадан ерте өнім алу үшін көшет өсіреді. Сәір аының бірінші және екінші 10 күндігінде ашық жерге отырғызуға болады. Күзде бақшадан ашық жарық жер таңдап алып, капуста үшін көшеттік орын, белгіленген жөн. Қазан айының ортасында полиэтилен пленкасын жайып, оған шым мен шырынды қоспасын төгедіде қысқа қалдырады.
Капуста жарық суйгіш өсімдік. Сондықтан оны ашық участокта орналастыру қажет. Салқын және жауынды жаз капустаның кезі дегенді айтады. Бірақ ылғал тым мол болса, қаудандардың өсуі кешеуілдейді және олар ауру ға шалдығуға бейім келеді.
Өнім жинағанда қаудандарын кеспей қазып алған жөн. Қаудан тамырымен жақсы сақталады. Аяз соққан капустаны кесіп алуға асықпау керек. өйткені қаудан тамырында тұрып жібидіде қайтадан балауса күйіне түседі. Тұздау үшін сәл аяз соққан қаудандарды алған жөн болады.
Капустаның сан алуан түрлері бар, олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары бар.
- ақбасты капуста – біздің елде ең көп тараған түрлерінің бірі.
- брюссель капустасы
- кольраби капустасы
- түсті капуста
- брокколи капустасы
- қызылбасты капуста
- савой капустасы
- пекин және қытай капустасы