Алдын- ала жүргізілетін сақатандыру шараларыныың басты мақсаты – армшөптердің тұқымдары мен вегетативтік көбею органдарының таралу жолдарына тосқауыл қою.
Бұл үшін арамшөптердің тұқымдарымен вегетативтік көбею органдарының егістікке қандай жолдармен келіп түсетінін анықтап, соған қарсы шаралар жүргізу керек.
Кейбір арам шөптердің тұқымдары желкенді болады, солардың көмегімен олар басқа жақтан желмен ұып келеді. Сондықтан танаптың шекараларында, жол жиектерінде, егістікті қорғау үшін отырғызылғанағаштардың арасында және басқа жерлерде өсіп тұрған арам шөптерді гүлдегенше жою керек.
Суармалы жерлерде арам шөптердің тұқымдары су арқылы тарайды. Арам шөптер тұқымдарының бұл таралу жолын бөгеу үшін су жүретін каналдардың табаны мен қабырғаларын бетондау, немесе каналдан су танапқа шығатын жерлерге сол тұқымдарды тосатын сүзекі торлар қою, каналдардың жағасында өсіп тұрған арам шөптерді гүлденгенге дейін жою шараларын жүргізеді.
Арам шөптерді, олардың топырақтағы тұқымдары менвегетативтік көбею органдарын жою механикалық және химиялық әдіспен жүзеге асырылады.
Механикалық әдіс. Біріншіден, өсіп шыққан арам шөптерді әртүрлі топырақ өңдегіш машиналар мен құралдарды қолдана отырып, механикалық түрде жояды. Екіншіден, механикалық әдіс ауыл шаруашылық дақылдарынан босаған танаптағы арам шөптердің тұқымын жоюға бағытталады. Ол үшін топырақтағы арам шөптердің тұқымдары өніп өсуі үшін қолайлы жағдай жасалады
( топырақты қопсыту, суару және басқалар).
Содан кейін өніп шыққан арам шөптің буыны қатпай тұрып, түрлі топырақ өңдейтін құралдармен құртады. Бұл әдісті арам шөпті арандату деп атайды.Арандату әдісі республиканың оңтүстік, оңтүстік шығыс аймақтарында күзде негізгі және көктемде тұқым себер алдында алдында топырақ өңдеу жүйелерінде, ал Қазақстанның солтүстік облыстарында тек көктемгі егіс алдындағы топырақ өңдеу кезінде жүргізіледі.
Механикалық әдіспен арам шөптердің тұқымдарын жоюдың екінші жолы – жерді аудара жырту арқылы оарды топырақтың терең қабатына сіңіру. Бұлай еткенде арамшөп мүлдем өспейді, ал өніп- өскен күннің өзінде жер бетіне көктеп шықпайды.
Егістіктегі арам шөптер химиялық препараттар – гербицидтттердің көмегімен жойылады. Осы күні арам шөптерге қарсы қолданылатын гербецидтердің түрлері көп. Сондықтан оларды классификациялайды.
Гербецидтер арам шөптерге тигізетін әсері бойынша – жаппай әсерлі және талғамды әсерлі болып 2 топқа бөлінеді.
Жаппай әсерлі гербецидтер барлық өсімдіктерді жояды. Сондықтан олар егістіктен тыс жерлердегі – жолдың жиегіндегі, каналдардың жағасындағы және басқа учаскелердегі арам шөптерді құрту үшін қолданылады. Жаппай әсерлі гербецидтерге натрийдің үш хлорацетаты, тордон 22 К, далапон және басқалары жатады.