Жылу — өсімдік тіршілігіне қажетті бес фактордың бірі. Өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі мен тамырлары үшін температурының маңызы зор. Топырақ қабатында температура төмендеген кезде тамырлар жүйесі, ал көтерілген кезде өсімдіктің топырақ бетіндегі бөлігі жақсы дамиды. өсімдік тамырларының белсенділігі мен тіршілік әрекеті топырақ қабатындадағы температураға байланысты. Дәннің өне бастауы мен көктің пайда болуы үшін оптималды температура қажет.
Көптеген егіншілік аймақтарда дән түсетін тереңдіктегі топырақтың белгілі бір температураға дейін жылуын, тұқым себуге қолайлы мерзім ретінде пайдаланады.
Жылу топырақтың қажетті қасиеттерінің бірі. Жылу әсерінен микробиологиялық және химиялық процестердің қарқыны өзгереді, өсімдіктердің өсуіне, дамуына қолайлы жағдай туады. Топырақ жылуды негізінен күн сәулесінен алады. Сонымен қатар жылу топырақтағы микробиологиялық процестерден, өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруінен, топырақ құрамындағы кейбір заттардың өзара қосылысқа түсуінен , су буының қоюланып суға айналуынан да пайда болады.
Күн нұрының әсерінен әр қилы топырақ түрліше жылынады. Ылғалы мол ашық түсті топыраққа қарағанда, қарашірікке бай, құрғақ топырақ анағұрлым тез жылынады. Құмдақ топырақ сазды топырақтан оңай жылынады.Температураның әсерінен топырақ бөлшектері әрдайым бұзылып отырады. Ауа – райының жағдайларына қарай топырақтың жылу тәртіптері де өзгереді. Топырақ қабатының жылынуы күн сәулесіне байланысты болады. Осы энергия көзінің әсерінен ондағы микробиологиялық процестер де жақсы жүреді. Күн сәулесінің, әсіресе ультракүлгін сәулесі микроорганизмдерге жойқын әсер етеді.Ғылыми деректерге қарағанда өсімдіктер суды өздері салқындау үшін буға айналдырады екен. Ал булану үшін көп жылу қажет. Топырақтағы пайдалы микрорганизмдер жоғары және төменгі температураға мейлімше төзімді, әйтседе олардың тіршілігі үшін ең қолайлы температура 25-30 0 С болып саналады.Топырақтың бұл температурасы мәдени өсімдіктер үшін де қолайлы. Топырақтың температурасы төмендегенде, олар өзінің тіршілік әрекетін күрт тежейді., ал көктемде топырақ қайта жылынғанда олар бұрынғы қалпына келеді.
Топырақтың күн сәулесі әсерінен жылынуы оның қай жерде орналасқанына да байланысты болады. М/ы, таулы жерлерде, оңтүстік баурайда кездесетін топырақтар басқаларға қарағанда жақсы жылынады, шығыс және батыс баурайдағылар орташалау, ал солтүстік баурайдағылар бәрінен де солғын жылынады.
Топырақтың жылуы су және ондағы ауа арқылы төменгі қабаттарға тарайды. Топырақ бөлшектері жылудан біресе ұлғайып ( қызғанда ), біресе кішірейіп
( суығанда ) отырады., ал мұның өзі оның тез үгілуіне себепкер болады.
Топырақтың қыс кезеңдерінде жылы сақталуына, оның бетінде қардың көп жиналуы септігін тигізеді, ал қардың көп жиналуына өсімдіктер әсер етеді.
Кейібір жағдайларда топырақтағы жылуды сақтау үшін оның беткі қабатын торфпен және де басқа қопсыған құрғақ затпен ( қалыңдығы 1.0-1.5 см шамасында ) жабады.Бұл үшін солтүстіктің қара топырақтарын және жылуды көбейту үшін торф қолданылады, ал оңтүстікте топырақ өте қызатындықтан, оларды біршама салқындату үшін астық бастырудан қалған қалдықтармен жабады, бұл тиімді.