Өсімдіктер ауадан көмір қышқыл газын, ал топырақтан су және қоректік заттарды алу арқылы күрделі органикалық зат түзеді, бұл құбылыс фотосинтез деп аталады. Фотосинтез процесі нәтижесінде өсмдіктер мүшесінде негізгі үш элементтен тұратын ( көміртегі, оттегі, және сутегі ) органикалық заттар түзіледі.
Өсімдіктердің ауадан көмір қышқыл газын бойына сіңіруінен органикалық заттардың пайда болуын олардың ауа арқылы қоректенуі дейді.
Өсімдіктердің топырақ үстіндегі вегетативтік мүшелерінің жалпы көлемі
( сабағы мен жапырағы ) оның тамырлар жүйесі көлемінен едәуір көп болады да, ауадан қоректенуі топырақ арқылы қоректенуге қарағанда біршама артық келеді.
Атмосферада көмір қышқыл газының қоры өте аз. Мысалы, 1 гектар жердегі атмосфераның 1 метрлік қабатында небәрі 5-6 кг шамасында көмір қышқыл газы болады, бұл дақылдардың өсіп, дамуына тым жеткіліксіз. Өсімдіктердің ауадан қоректенуі жарық, жылылық, ылғалдылық және қоректік заттар қатысуымен өтетін күрделі процесс болып табылады. Агротехникалық тәсілдер, әсіресе органикалық тыңайтқыштар қолдану арқылы ауаның топырақ бетіне жақын қабатындағы көмір қышқыл газын бір процентке дейін көбейту өсімдіктің тіршілік әрекетін күшейтіп, олардың шығымдылығын арттырады.
Өсімдіктердің топырақ арқылы қоректенуімен ауадан қоректенуінің арасында тұрақты байланыс бар екені белгілі. Өсімдіктер көміртегінен басқа қажетті қоректік заттарды тамыр жүйесі арқылы топырақтың қабаттарынан қабылдап алып бойына сіңіреді. Олар өздерінде органикалық заттарды топырақтан, күл заттарын тамыр арқылы, ауадан көміртегін жапырақ арқылы түзеді. Өсімдіктердің топырақ қабатынан сіңірген минералдық заттарының көбі өткізгіш сабақтар арқылы жоғарғы органдарына қарай көтеріледі де фотосинтездің өттуін реттейді. Әрине, өсімдіктердің топырақ қабатынан тамырлары арқылы қоректік заттар алып, бойына сіңіруі белгілі белгілі белгілі бір заңдылыққа сүйенеді. Айталық, әрбір дақылдар өзіне неғұрлым жетіспейтін заттарды ең алдымен оптимальды мөлшерде алады. Сондықтан әрбір элементтің өмірінде алатын орнын, топырақта қандай қосылыстар түрінде кездесетінін және өсу жағдайларына байланысты оларды қалай пайдаланатынын, қалайша реттеуге болатындығын білген жөн.
Өсімдіктің минералдық қоректенуі.
Өсімдіктердің шіріндіге бай топырақта жақсы өсіп, мол өнім беретіндігін көрсететін сан ғасырлық егіншілік тәжірибесі, қоректенудің шірінділік – гумустық теориясын өмірге келтірді. Алайда фотосинтездің ашылуф мен зерттелуі өсімдік денесінің 95 проценті көмір қышқыл газы мен судан құралатындығын көрсетті.
Минералыдық қоректер — өсімдіктің тіршілік әрекетіне қажет минерал тұздары. өсімдікке азот, фосфор, калий, күкірт, кальций, магний элементтері көп мөлшерде темір, бор, мыс, мырыш, марганец, т.б эементтер аз мөлшерде қажет. Сондықтан біріншілері макро екіншілері микроэлементтер деп аталады. Минералдық қоректерді өсімдіктер ион түрінде сіңіреді. Бір клеткалы организмдер мен су өсімдіктері иондарды барлық дене бетімен, жоғары сатыдағы өсімдіктер негізінде тамыр түктері арқылы сіңеді.
Фотосинтез процесі ашылған соң өсімдікттердің негізгі органогендерді ауа мен судан сіңіретіндігі белгілі болса, минералдық қоректену теориясы өсімдіктердің құрамына енетін барлық басқа элементтердің топырақтан қабылданатынын көрсетті. Бұл элементтер топырақта негізінен минералдық тұздар және органикалық заттар түрінде кездеседі. Органикалық заттардың көп бөлігі минералдық заттарға дейін ыдырайды да, осыдан кейін ғана өсімдіктттер оны қабылдай алады. Сондықтан өсімдіктердің топырақтан қоректенуі минералдық қоректену деп атайды. Бұған өсімдіктерде проценттің оннан бастап жүзден бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға барлық органогендер көміртегі, оттегі, сутегі, азот, сондай- ақ күкірт, кальций, магний,натрий, темір, фосфор элементтері жатады.
Микроэлементтер деп аталатын екінші топқа өссімдіктер денесінде проценттің мыңнан жүз бөлігінен мыңнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға марганец, бор, мыс, мырыш, барий, молибден, кобальт, тағы басқалар жатады. Ультраэлементтер деп аталатын үшінші топқа өсімдіктер денесінде проценттің миллионнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға цезий, селен, кадмий, радий, күміс, сынап, алтын элементтері жатады.