Өсімдіктің қоректенуі – олардың қоршаған ортадан тіршілікке қажетті химиялық элементтерді қабылдап, бойына сіңіруі. Бұл кезде элементтер қоршаған ортадан өсімдік клеткасының цитоплазмасына өтеді де, химиялық өзгерістер арқылы өсімдіктің белгілі бір түріне қажетті қосылысқа айналады.
Қоректік заттарды қабылдап, оны сіңіру ( анаболизм ) олардың ыдырауы мен сыртқа бөлінуі ( катаболизм ), зат алмасу ( метаболизм ) организм тіршілігінің негізі болып есептеледі.
Өсімдіктер құрамынан жер бетіндегі барлық элементтер ттабылады.
Азот. Бұл аса маңызды қоректік зат ретінде өсімдіктер тіршілігінде үлкен роль атқарады. Ол өсімдіктің күрделі органикалық заты – белоктың, нуклейн қышқылдарының, нуклепротеидтың, алколоидтардың және фосфатидтердің құрамына кіреді. Азот сонымен қатар, өсімдіктер жапырағының хлорофилінің құрамына да кіреді, азаот жоқ жерде хлорофил түзілмейді.
Өсімдіктер үшін азаоттың негізгі пайдалы қоры топырақ қара шірігінде кездеседі. Топырақ қабатынан өсімдіктер азоттың нитратты және аммиакты түрлерін пайдаланады.
Фосфор. Дақылдардың тез өсіп жетілуіне фосфор заттары жеткілікті болса, оынң өнімі артады және сапасы жақсарады. Бұл заттың әсерінен дәнді дақылдардың сабанынан да дәні көп түзіледі, көкөніс және техникалық дақылдардың өнім сапасы, мәселен, қызылшаның қанты, картоптың крахмалы, зығыр талшығының беріктігі артады.
Фосфор өсімдік дәнінде, жемісінде, тұқымында жиналады. Көкөніс жеміс дақылдары пісуін, өсімдіктің қуаңшылыққа, жатып қалуға төзімділігін күшейтеді.
Фосфордың негізгі қоры топырақта түрлі фосфор қышқылдарының қосындысы түрінде кездеседі.
Калий. Өсімдіктер мүшесінде калий ион түрінде кездеседі, мәселен сабағында, жапырағында мол болады, сондықтан олар топырақ қабатынан көп шығындалады, ал оларды толықтыру үшін танапқа көң шашуды талап етеді, себебі көңнің құрамында калий мол болады. Калий өсімдіктерге тапшы болса, оларда белок түзілмейді, оның бар мөлшері де ыдырай бастайды, бұндай өсімдіктер түрлі саңырауқұлақ және бактериялардың дамуына мүмкіндік туғызып, оларды ауруға шалдықтырады.
Құрамына қарай тыңайтқыштар органикалық, минералды және бактериялы болып бөлінеді.
Органикалық тыңайтқыштар тобының құрамындағы қоретік заттар көбінесе органикалық қосылыстар түрінде болады. Олардың құрамында өсімдіктерге қажетті бірнеше қоректік заттар болғандықтан, күрделі тыңайтқыштар қатарына да жатады. Органикалық тыңайтқыштарға көң, көң садырасы, құс саңғырығы, қорда, шымьезек және жасыл тыңайтқыштар, ағын су тұнба лайы, тамақ кәсіпорындарының қалдығы жатады. Органикалық тыңайтқышттар ішіндегі әсіресе маңыздылары – көң, көң садырасы, құс саңғырығы.
Жасыл тыңайтқыштар. Сидераттар дегеніміз қолдан егілетін бір жылдық бұршақ тұқымдас дақылдарды өсіп гүлдегенге дейінгі кезеңінде, сол қалпында жыртып, топыраққа енгізу. Бұршақ тұқымдас дақылдардың тамырында түйнек бактериясының арқасында оған азот қорымол жиналады. Бұл дақылдар ауадан азот жинайды, ал мұны күшейту үшін олардың тұқымдарын екпестен бұрын нитрагинмен немесе арнаулы препараттармен өңдейді. Сонда бұлардың атмосферадан азот сіңіруі күшейеді. Сонымен қатар, жасыл тыңайтқыштардың құрамында фосфор және калий элементтері жоқтың қасы болғандықтан, топырақты өңдемес бұрын оған фосфор мен калий тыңайтқыштарын енгізу тиімді болып табылады.
Бактериялы тыңайтқыштар. Құрамында өсімдікке пайдалы топырақ микроорганизмдері бар препараттар. Бұл өсімдік тамырының айналасына микрорганизмдердің жиналуына жағдай туғызады да, топырақтағы биохимиялық процестерді күшейтіп, өсімдіктің тамыры арқылы қоректенуін жақсартады. Мұндай микроорганизмдерден дайындалған препаратты бактериялық тыңайтқыштар деп атайды. Бактериялық тыңайтқыштар топырақты тиісті микрорганизмдер мен байытады. Бұл тыңайтқыштарды дайындауда жергелікті жердің топырағынан немесе сол жердегі өсімдік тамырынан бөлініп алынған микроорганизмдерді. Қолданғанда жақс ынәтиже беретінін ескерген жөн. Бактериялық тыңайтқыштардың түріне қарай өсімдік фосфор, азо, тағы басқа элементтерді көбірек сіңіреді. Мұнда микробтар әрқашан өсімдікке жетіспейтін биологиялық заттарды құрайды.
Минералды тыңайтқыштар. Өнімнің мөлшері мен сапасын арттыру үшін, өсімдіктер өсіп дамуының әр кезеңіндегі ерекшеліктерді ескере отырып, оларды қажетті қоректік заттармен тиісті мөлшерде қамтамасыз ету үшін минералды тыңайтқыштар қолданылады. Азотты минералдық тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина, азотты сұйық тыңайтқыштар.
Микротыңайтқыштар өсімдікке өте аз мөлшерде қажет құрамда мыс, кобальт, мырыш, т.б элементтер болатын қосылыстар. Топырақта өсімдікке сіңетін микроэлементтер жеткіліксіз болса, дақылдың өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады.
Микроэлементтердің өсімдіктер тіршілігінде маңызы үлкен. Олар ферменттер құрамына кіреді, дақылдың өнімін арттырады.
Бор тыңайтқыштарын қолдану көптеген дақылдар үшін асс тиімді. Бор жетіспесе өсімдіктер ауруға шалдығады, өнімі және оның сапасы едәуір нашарлайды.
Мырыш микротыңайтқыштары – көбінесе карбонатты қара топырақта, жеңіл механикалық құрамды қоңыр топырақтарда көбірек пайдаланады, өйткені бұл жерлерде мырыштың қоректік қоры өте аз болады. Мырырш тыңайтқыштарын қолдану мерзмі және мөлшері әрбір дақылдар және топырақтар ерекшелігіне қарай өзгереді. Мырыш тыңайтқышы жеміс- жидек пен цитрус өсімдіктеріне қажет.
Марганец тыңайтқыштарын жаздық бидай, арпа, қант қызылшасы, көкөніс және картоп дақылдары жақсы сіңіреді.