Сортты тұқымдардың маңызы ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін текаудандастырылған жергілікті ауа райына бейімделген сорттарды егу керек екенін ғылым да тәжірибе де көрсетіп отыр. Аудандастырылған сорт өнімді басқа сорттарға қарағанда әр гектердан 2-3 ц артық беретіні, кей жағдайдарда өнім бұдан да көп болатыны мәлім. бұл ретте қосымша шығынсыз өнім мөлшері артады. Мысалы атақты селекционер, социалистік еңбек ері
П. П. Лукьяненконың көпке мәлім “ Безостая – 1 ” деген күздік бидай сорты бұрын себіліп жүрген сорттардан түсімді әр гектардан 4-10 центнер артық берді. Соңғы кезде біздің республикамыздың ғылымдары да жақсы өнімді беретін, жергілікті ауа райына жақсы бейімделген, дәнінің сапасы жоғары, құрамында белогі, клейковинасы мол сорттар шығарып жүр. Көп жағдайларда ол сорттар бұрын аудандастырылған әйгілі “ Безостая — ” және “ Мироновская –808 ” сорттарынан да басым түсіп отыр.
Қазіргі кезде жаңа сорттарды шығару және сорттарды жақсарту жалғыз селикционердің міндеті болудан қалды. Бұл жұмыстарға көптеген мамандар қатысады. Олар сорттардың сапасын, түрлі ауруларға, зиянкес жәндіктерге төзімділігін тыңайтқыштардың, басқа да ауыл шаруашылығында қолданылатын улы- химиялық заттардың әсерінен бұлардың түсімінің қалай өзгеретінін зерттейді. Сорт жан- жақты тексерілгеннен кейін ғана, егер барлық жағынан жақсы баға алса ғанасорттарды сынайтын мемлкеттік станцияларға беріледі. Бұл станцияларда жаңа сорт бірнеше жыл тағы сыналады. Сол сында басқа бұрын аудандастырылған сорттардан озып шықса ғана ол аудандастырылуы мүмкін. Қазақстанда күні бүгінге дейін ауыл шаруашылық дақылдарының 9300 – ден астам сорты, оның ішінде республика селикционерлері шығарған 830- дан астам сорт санаудан өткізілді. Тек соңғы 12 жыл ішінде 37 дақылдың 127 сорты аудандастырылды. Яғни сынауға түскен 60-70 сорттың біреуі ғана аудандастырылады екен.
Қазақстан ғалымдары суармалы жерлерде жақсы өнім беретін сорттар шығарды. “ Прогресс ” сорты 1984 жылдан бастап Украинада, Алматы облысында аудандастырылды. “ Алма- Атинская полукарликовая ”, “ Қарлығаш ” сорттары Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының суармалы жерлерінде аудандастырылды. Осы сорттар 1987 жылы республикамыздың оңтүстік және оңтүстік – шығысындағы 30 мың гектардай жерге себілді. Бұлардың өнімі әр гектардан Алматы облысында 56 центнерден, Жамбыл облысында –54 центнерден, Талдықорған облысында –55 центнерден, Оңтүстік Қазақстан облысында – 55 центнерден, Қызылорда облысында – 50 центнер болды. Ал сол облыстардың суармалы жерлерінде себілген “ Безостая -1”,” Мироновская –808 ” сорттарының өнімі 35-39 центнерден аспады.Яғни Қазақ ғылыми – зерттеу егіншілік институты мамандары шығарған сорттардан орта есеппен әр гектардан 16-21 центнер өнім артық алынды.
Сапалы тұқым егілгенде ғана дақылдан жақсы өнім күтуге болады. Тұқым сапасына мынадай талаптар қойылады: ол таза, басқа дақылдардың, арам шөптердің тұқымдары болауы, өнгіштігі жақсы болуы, дәннің толықтығы, үлкендігі ойдағыдай, көлемі жағынан біркелкі болуы керек. Тұқымның ішінде әртүрлі зиянкестр мен аурулар болмауы тиіс.
Тұқымның сапасын аудан орталығындағы арнаулы инспекция тексеріп отырады. Тексеріп, куәлік алу үшін арнаулы методика бойынша тұқымның әр партиясынан орташа үлгілер алынады. Тұқым сапасы жақсы болса инспекция тексерілген тұқым партиясына арнаулы куәлік береді. Ондай куәліксіз тұқымды себуге болмайды.
Тұқымның тазалығын анықтау үшін ретінде дән ірі бұршақ, жүгері сияқты дақылдардан 200 грамм, бидай, арпа тәрізше астық дақылдарынан 50 г, пияз жоңышқа сияқты тұқымы ұсақ дақылдардың тұқымынан 4-5 грамнан алады.
Тексеруді жеделдету үшін алынған үлгіні арнаулы бөлшектермен, не бір парақ қағаз сияқты тегіс затың үстіне жайып, содан оны айқыштап тең төртке бөліп, соның бір не екі бөлігін алуға болады.Бөлінген алынған тұқымды іріктеу тақтасына немесе бір парақ ақ қағаз үстіне төгеді де, алдымен тұқымның бүтінін, толығын бөліп алады. Ал қалдықты үшке бөледі: а) негізгі дақылдың сынған, басқадай зақмдалған дәндері; б) тірі қоспалар – оған арам шөптердің , басқа дақылдардың дәндері, қара күйеден зақмданған тұқымдар, насекомдардың тірі личинкалары; в) өлі қоспалар – құм, топырақ, сабан түйірлері, өлі насекомдар т.б жатады.
Тұқымға арналған танаптағы егінді ерекше күтімге алады. Ол танапқа жақсы тазаланған жоғары репродукциясы бар тұқым егіледі. Егін өсу кезінде ерекше күтімге алынады, үстемелеп тыңайтқыштармен қоректендіріледі, арам шөптері гербецидтермен өлтіріледі, сөйтіп ол танаптардан жоғары өнім алу үшін барлық мүмкіндіктер жасалады.
Себілетін тұқымдардың көлемі, салмағы жағынан біркелкі болғаны дұрыс. Сонда олар бір уақытта өніп шығып, бірдей өсіп, тең жетіледі. Әсіресе жүгері, күнбағыс, мақта, қант қызылшасы сияқты дақылдардың тұқымдарының біркелкі болуы шарт, сондағана тұқымды арнаулы сеякалармен дәл сеуіп , күту кезінде қол күшін аз жұмсауға мүмкіндік туады. Сондықтан тұқымға арналған астықты мұқият тазалау керек. Бір рет тазалау мен іріктеу аздық көрсетсе тазалауды 2-3 рет жүргізу керек. Жүгері, мақта,қант қызылшасының тұқымдары арнаулы заводтарда тазаланып, іріктеліп, дәріленеді.