Топырақтың түрлі қаиеттері оның байлығы мен құнарлылығы, көбіне оның бөлшектерінің құрамы мен ірілілігіне тығыз байланысты болады. Сондықтан да топырақ қандай бөлшектерден құралғандығын білудің маңызы өте зор. Топырақтың механикалық құрамына талдау жасағанда оның түрлі бөлшектерін ірілігіне қарай былай ажыратуға болады. Көлденеңі 0,01 миллиметрден 3 миллиметрге дейінгі бөлшектерді “физикалық” құм, ал 0,001 әртүрлі топырақтар олардың пайда болған жеріндегі тау жыныстарының құрамына, түрлі климат жағдайларына, жан – жануарлар әсері және тағы да басқа табиғат ерекшеліктерінің әсеріне қарай әртүрлі механикалық құрамда болып келеді. Топырақтардың механикалық құрамын жете білудің маңызы зор.Механикалық құрамына қарай бөлудің еліміздің атақты топырақ зерттеуші ғалымы Н.А. Качинский жасаған классификациясын келтіріп отырмыз.
Топырақтың механикалық құрамына қарай топқа бөлу.
Саз 0,01 миллиметрден ұсақ бөлшектер (процент есебімен) | Топырақтардың механикалық
Құрамы бойынша аты |
80 процент көп | Ауыр саз |
80-60% | Орташа және жеңіл саз |
60-45% | Ауыр саздық |
45-30% | Орташа саздық |
30-20% | Жеңіл саздық |
20-10% | Құмдақ |
10-55% | Байланысты құм |
5- проценттен аз | Борпылдақ құм |
Түрлі топырақтар өз бөлшектерінің ірілігі жөнінен ғана емес, сонымен бірге құрамы жағынан да бір – бірінен айырмашылығы үлкен болып келеді. Мысалы : саз және саздақ топырақтарда түрлі минералдар көп болады. Олар дала шпаты, слюда, каолин, фосфорит, темірдің, алюминидің, марганецтің судағы тотық қоспалары тағы басқалар. Бұл минералдарда өсімдіктерге қажетті заттар, атап айтқанда фосфор, калий, кальций, темір және басқа да заттар кездеседі.
Механикалық құрамы ауыр болып келетін топырақтарда көбінесе өсімдіктер жақсы өсіп, өнім берген жерде жыл сайын олардың қалдықтары да көптеп жиналады. Бұл қалдықтар топырақтағы түрлі микробиологиялық процесстердің және климат әрекеттерінің әсерінен бұзылып шіріндіге айналып, оның біршамасы өсімдіктерге аса қажетті топырақтың беткі қабатының негізгі қоректік заты – қарашірігін түзеді.
Механикалық құрамы – жеңіл топырақтардың ауыр топырақтарға қарағанда, бұдан басқа кемшілігі – су және жел эрозиясына төзімсіздігі болып табылады. Мұндай жерлерде өсімдіктер нашар өсетіндіктен, оның беткі қабаты желдің (ал суарлармалы жерлерде -судың) әрекетінен үгіліп (жуылып) кетеді.