Жұқпалы аурулардың қоздырғышы патоген микроптор. Жұқпалы ауру адамға немесе жануарға таралуы үшін белгілі бір жағдай қажет. Олраға адам және мал организімдерінің осы ауруларға бейімдігі, яғни қабылдаушы алғыш қасиеті жатады. Мәселен, топалаңнан өлген малдың етінен бөлініп алынған микробтор сау организмді тез арада қатты ауруға шалдықтыратын қасиеті бар. Осындй микробтардың болмашы мөлшері үй қоянын сеспей қатырады.
Жұқпалы аурулардың таралуы организмнің ауруға қарсы тұра алатындық қасиетіне байланысты. Мәселен тауық топалаңмен мүлде ауырмайды. Егер Л. Пастер жасағандай етіп, тауық аяғын салқын суда ұзақ ұстап, содан кейін топалаң микробын жұқтырса. Ол тез арада ауыра бастайды.
Жұқпалы ауру қоздырғыштар біздің организмізге түрліше зиянды әсер етеді.
Зиянды уландыратын, нерв жүйесін, жүрек қызметін қан тамырларын және ішкі мүшелердің барлығын зақымдайтын түрлі улы зат бөліп шығарады.
Ауру қоздырушы адамнан екінші адамға тікелей жұғуы мүмкін. Мәселен мерез ауруын, әсіресе әйел мен еркектің жыныстық қатынасы кезінде, ол әр түрлі іш аурулары кір қол немесе заттар арқылы таралады. Мәселен , оба және іш сүзегімен аурған адамдардың төсек-орны және басқа да заттары арқылы сау адамдарға жұғады.
Күйдіргі немесе Сібір уыттты жарасы.
Күйдіргі-біздің дәуірден мың жылдай бұрын белгілі болған. Атақты Гомер IX ғасырда малды және адамады қырғынға ұшыратқан «қасиетті от» . Яғни күйдіргі туралы өз еңбектерінде жазған болатын, бұл ауру әуелі Италияда етек алып, содан кейін Европаға ауысты. Шығыс елдерінде оны «Парсы аты» деп те атаған.
Россияда 1865 жылы болған осы аурудан он мыңдаған адамдар қырғынға ұшыраған. Россияда бұл ауру малдардан адамдарға жұға бастады. Күйдіргіні мал түріне қарай қойда топалаң, сиырда қараталақ, қарасан, жылқыдан-жамандат, түйеде-ақшелек, ал адамдарда-күйдіріг деп атайды. Россия 1896 жылдан бастап жиырма жыл ішінде осы аурудан жарты миллондай бұғы қырылды.
Күйдірігіні қоздыру шы бациллус антроцис, ірі таяқшалар, қозғалмайды ауалы жерде спора түзеді. Сондықтан оларды бацилдараға жатқызады. Клеткаларын қоршап тұратын капсулалары бар. Грам әдісімен боялады. Бір немесе қос-қостан, көбіне шағын тізбек түріне орналасады. Егер температура +12 0— тан төмен +42 0-тан жоғары болса спора түзілмейді өніп-өсуі үшін ең қолайлы температура +30 0+370, жалпы физикалық және химиялық факторларға олардың вегетативтік клеткалары төзімсіз +50 0+55 0-та оларға бір сағатта-ақ қырылады, ал споралары +110 0— та 10 минуттай қыздырса да тіріледі, бірақ жойылмайды, 140 0 құрғақ ыстықта споралар үш сағаттан соң өліп кетеді. Топырақта споралары бірнеше жыл бойына сақталады. Күш неше жыл бойына сақталады. Күн сәулесі де клеткалар мен спораларға жойықын әсер етеді.
В.В. Архиповтың мәліметіне қарағанда жоңышқа, бидай, қара бидай, сарымсақ және рауғаштардың тамырынан бөілнетін заттар бұл микробтарға зиянды әсер етеді екен.
Ауыл шаруашылық малына күйдірігіге қарсы активті иммунитет жасау мақсатында оларға Ценковский вакцинасын егеді. Олар 12-13 айға дейін иммунитеті жақсы сақталады. Сарысудан даярланаған вакцинаны адамға да егеді, онда иммунтет жасауға болады.
Күйдірігінің ғылыми аты Сібір уытты жарасы. Бірақ аурудың ғылыми аты және оны қозыдыратын микробтары біреу.
Оба.
XVIII-XIX ғасырда орта Азия елдерінеде оба ауруы етек алады. 1894 жылы Гонконг қаласында өте зор оба індеті байқалды. Фрацуз микробиолгы А. Иересен өлген адамдардың денесін тексеріп, одан оба ауры қоздырушы өте майда микрооргнизмдерді тапқан . Қазаргі ол микробтарды ғалымға ескерткіш ретінде ғалымның атымен Иерсиния пестис деп атайды, ауру әдетте организмнің өлуімен аяқталады. 1910 жылдары араб елінде обамен аурған түйенің етін жеген 100-дей адамнан өте тез таралып, шапшаң өтеді.
Обаның бір түрі өкпе обасы 1910-1911 жылдары Манчжурияда ұшқындап, бірқатар адам өмрін жойды.
Оба бактериясы-қысқа таяқшалар кейде бір-бірден, кейде тіркесіп, ұзынша шынжыр тәрізденіп орналасады. Қоректік ортада капсула түзеді, спора түзебейді, қозғалмайды. Олар пастерелла туыссына жатады. Оба микробы аэроб, қолайлы температура +28 0 +30 0 Маннит, салицин глюкоза, мальтоза және арабиноза углеводтарын ыдырата алады. Аурудың инкубациялық кезеңі 1-5 күн шамасында. Әдетте ауырған адамдар мен малдардың барлығы дерілік өледі. Обаны таратушылар кемірушілер және олардың паразиттері-бүргелер. Ауыл шаруашылық малдарынан түйелер қауіпті. Оларда аурудың инкубациялық кезеңі 2-ден 8 күнге созылады. Обадан өлген түйе етін мүлде қолдануға болмайды.
Оба микробы адам денесіне ене қалса, көбінесе олар мимафалық тамырлар арқылы бездерге ауысады. Ол жерлер ісініп, іріңдейді де, күлтілдеп тұрады. Оны бөртпе оба деп атайды. Ол көбінесе қан тамырлар арқылы таралады. Егер оба микробы өкпеге ене қалса, оба пневмониясын қоздырады. Бұдан кәдімгі өкпе ауруы сияқты адам қан түкіреді, егер қақырықты микроскоппен қараса, миллиондаған оба микробын көруге болады. Өкпе обасынан іс жүзінде адам тірі қалмайды.
Қазір оба вакцинасы әлсіретілген оба микробынан жасалады және адамға міндетті түрде егіледі. Осының нәтежесінде адам обанның жеңіл түрімен ауырып тұрады да , онда иммунттет пайда болады. ол екінші рет ауырмайтын болады.
Азиялық холера ( тырысқақ )
Тырысқақ ауруының отаны Үндідегі Бенгалия және Ганг өзіенінің төменгі ағысының жағалаулары. Сондықтан оны Азия тырысқағы деп атап кеткен.
Бұл аурудың нағыз қоздырғышы-тырысқақ микробы. Яғни холера вибри оны 1880 жылдары белгілі болды. Оның пішіні кәдімгі үтір тәріздес ( вибрит-латынша үтір деген сөз)
Алғаш рет оны 1883 жылы Р. Кан тапқан болатын. Ауру тым ауыр өтеді, соңында адам өлімімен аяқталады. Ауру адамнан адамға жұғады. Табиғи жағдайда ешбір тір организм онымен аурмайды.
Тырысқақ үтіршесі қозғалғыш, шетінде жіпшелері бар, спора да, капсула да түзбейді. Көбінесе екі-екіден “S” пішіндес болып орналасады. Қоректік ортаны талғамайды., аэроб +160-дан +400 аралығында өніп-өседі. Ортада азғана мөлшерде қышқыл болса, ол өсіп-өне алмайды.
Тырысқақ аурумен ауырғаннан кейін адамда иммунитет пайда болады да, ол екінші қайталап ауырмайды.
Қазіргі кезде өлтірілген тырысқақ вибриоыны жасалған вакцинаны қолданады. Ол құрғақ және сұйық күйінде шығарылады. Тырысқақ микрабынан даярланған вакцинаның бір миллилитрінде 4 миллиондай вибриондар бар.
Дифтерия.
Адамға ұзақ уақыт қауіп төндірген аурулардың бірі-дифтерия.
Бұл ауруларда испан дәрігерлері жазған. Дифтериядан адам тұншығып өлетін болғандықтан. Оны гаротилло, яғни «қылқыншының тозағы» деп атады.
Дифтерияны жіңішке, ұшында дөңгелекше дәншіктері бар, ерекше таяқша бактериялар қоздырады. Оны алғ,аш рет 1883 жылы ауру адамнан Клебс бөліп алған болатын. Ал 1894 жылы Леффлер таза микробты зерттеді. Дифтерия таяқшасы тек адамда ған ауру қоздырады. Дифтерия таяқшалары жіңішке, кейде түзу, кейде иілген, шетінде дәншіктері бар. Бактериялар қозғалмайды, жіңішке жоқ, копсула және спора түзеді. Грам әдісімен боялады. Дифтерия таяқшалары аэробтар, кейде олар факультативті анаэробтар да болып тірішілік етеді. өсу үшін қолайлы температу 36-370. Барлық қорктік ортада, әсіресе сарысуда, қаннан жасаған ортада жақсы өніп -өседі. Дифтерия таяқшалары өскен кезде у түзеді. Оны алғаш рет 1888 жылы Ру мен Иерсен тапқан болатын. Ол тұрақсыз у 60 0 қыздырғанда немесе сәулемен әсер еткенде ол тез ыдырап кетеді. 30 0 суықта тіршілігін жоймайды. Химиялық заттар бұл таяқшаны лезде өлтіріп жібереді.
Бұл ауру, әсіресе жас балаларда көп байқалады. Сондықтан оларға алғаш жылдық өзінде-ақ вакцинаны егіп, иммунитет түғызады.
Іш сүзегі.
Іш сүзегі кенеттен басталатын жұқпалы ауру. Көбінесе аш ішекте лилефа бездерде зиянды әрекет тудырады. Т.ИФ- грек тұман түсйсіктің тұмандануы деген мағана береді.
Алғаш рет бұл сөзді Гиппократ ашқан микробтар қоздырушы эберд таяқшалар салмонелла тегіне жатады. Іш сүзегі жұқпалы ауру, тек қана адам аурады. Ауру тұрмыстық қатнас жолымен, су жолымен және тамақ арқылы таралады. Инкубациялық кезең ұзақтығы 2-3 күнге созылады. (орта есеппен 10-14 күн). Дене температурасы көтеріліп, ауру баланың әлі кетіп, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді. Ауру адамның жағдайы нашарлап дененің улану беогісі күшейіп, тері түсі ақшыл тартады. Бөрітпе көбінесе ішек, кеудеге шығады. Сонымен қатар ауру адамның алақаны мен табан терілері сорғыш түске боялады. Ал жүрек соғысы жиілігі баяулайды.
Сальмонеллез.
Сальмонеллез жұқпалы ішек ауруы. Ауру қоздырғышы салмонелла табына жататын микроптар. Теріс гармды таяқша тәрізді, пердеше мен споралар құрамайды. Сальмонеллез ауоруын негізінен жануарлар, әсресе шошқа, мысық, ит, құстар әр түрлі құрттар таратады. Жануарлар арасында сальмонеллез көмескі немесе айқын түрде өтеді. Аурудың негізгі таралу жолы тамақ арқылы әсіресе еттен жасалған тағамдардан. Сонымен қатар сүттен жасалған тағам арқылы дажұғады. Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 5-7 күнге созылады.
Стафилакок.
Строфиллакок жұқпалы ішек ауруы әр түрлі ағымда өтетін аурулар тобын құрайды. Аурудың қоздырғыштары строфилакок, оң грамды, дөңгелек келген микроорганизм. Сырт көрінісі жүзімге ұқсас. Ол өте тұрақты 60 0С ыстықта жетті сағаттан кейін жойылады.
Страфилакок ішек ауруы бала өмірінің алғашқы айларында кездеседі. Осы аурумен ауырған жас нәресте денеге салмақ қосуын тоқтатады, лоқсиды, дене температурасы 38 0 көтеріліп, қан айналымы өзгереді. Тері түсі ағарып көкшіл болады.