Қарапайымдар – бір клеткалы организмдер. Олардың шамасы, пішіні әр қилы, өзіндік даму циклдары болады. Қазіргі кезде қарапайымдалардың 15000 түр белгілі. Олардың басым көпшілігі паразиттік тіршілік етеді, адам мен жануарларға зиянды, жұқпалы аурулары қоздырады.
Олардың пішіні әр түрлі. Біреулері шар тәрізді, басқалары – ұзынша, сопақша келеді. Ал кейбіреулерінің пішіні тұрақты болмайды. Қарапайымдылардың мөлшері 2-4 мкм-ден 3см-ге дейін барады.
Цитоплазмалары сыртқы – эктоплазма және ішкі – эндоплазма деп бөлінеді. Эндоплазмада көпдеген қуыстар – вакуолялар және басқа да заттар (крахмал, гликоген, майлар, белок түйірлері, волютин) кездеседі. Цитоплазмада митохондрий өне бойы болады. Ядросының құрылысы жағынан көп клеткалы организмдердің ядросына тым ұқсас болады. Жалпы оларда ядро саны біреу. Ядроның өзі шар тәрізді, сопақша, жалпақ лента тәрізді болып келеді. Қарапайымдылардың қабығы қатты кутикула, яғни мүйізденген заттан тұрады. Ол әрі тірек әрі қорғаныс міндетін атқарады.
Барлық қарапайымдыларда кірпікше, жірше және жалған аяқшалар болады. Олардың көмегімен қарапайымдылар біршама жақсы қозғалады.
Қалапайымдылар жай бөліну арқылы көбейеді. Сонымен олар жыныстық жолмен көбейуі де байқалады. Қолайсыз жағдай туғанда қарапайымдылар бактериялардың спорлары сияқты циста деп аталатын дене түзеді. Циста қоректенбейді, қимылдамай тыныштық күйде жатады. Ол көбінесе топырақта, суда жиі кездеседі.
Топырақтағы қарапайымдылар саны түрліше. Мәселен, шымды-күлгін топырақта олар кездеспейді, ал егер мұндай топырақ жақсы өңделсе, олардың тек саны ғана емес түрлері де көбейеді.
Қарапайымдылар аэробты организмдер. Сондықтан олар топырақтың беткі қабатында тіршілік етеді. Олар топырақ реакциясына сезімтал. Бейтарап реакциялы топырақта олар жақсы өніп — өссе, рН 3,5-тен төмендегенде немесе 9,8-ден жоғарылағанда олардың тіршілігі баяулап, ақыр аяғында өліп қалады. Қарапайымдылардың кейбір топтары төменгі температурада тіршілік етуге бейімделген. Олардың фитомастинга деген түрі қыста, қар бетінде де тіршілік ете алады.
Қарапайымдылардың біразы автотровты организмдер, яғни олар көмір қышқыл газын және минерал тұздарды тікелей сіңіре алады. Сонымен қатар олардың белокты көмірсуды, майды және клетчатканы ыдырататын қабілеттері де бар. Олатдың кейбір топтары күйіс қайтаратын жануарлардың қарнында тіршілік етеді. Ондағы клетчатканы ыдыратып, мал организмне оңай сіңетін өнімге айналады.
Қарапайымдылардың пайдалы жақтарының бірі – олар топыраққа түскен түрлі ауру қоздырғыш микробтарды құртып, топырақтың тазаруына зор көмегін тигізеді. Олар 1 сағат ішінде 30 мыңға жуық бактеряларды жұтып қоятыны анықталды. Зерттеулерге қарағанда қарапайымдылардың топырақтағы күрделі органикалық қосылыстарды ыдыратып, өсімдіктерге қоректік заттарды дайындайтыны мәлім болып отыр.