Осы заманғы дене тәрбиесі саласы мамандарының педагогикалық шеберлігі дене тәрбиесінің ілімін терең білуіне, мемлекеттік саясатын дұрыс түсінуіне және оған ісжүзіндегі қызметте сол бағытта жұмыс істеуге негізделеді. Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру барысында шұғылданушылардың дене қабілеттерін дамытып, дене тәрбиесі маманы бір уақытта олардың арман, мұратқа ұмтылысын тәрбиелеп, олардың еңбекке белсен араласуының келешегін ашады, оларға өмірлік жолын таңдауына және азаматтық парызын орындауына жәрдемдеседі.
Педагогикалық шеберлік тәрбие жүйесінің өзі сияқты көп қырлы қабілет. Ол дене тәрбиесі маманында шұғылданушыларды жоғары дәрежеде оқытып, үйрете білуінде және олардың дене қабілеттерін жетілдіруінде көрінеді; қозғалыс қызметінде талапты, ақылды және өздігінше ойлауды дамытады; ұйымшыл ұжымды ұйымдастырып, қалыптастырып нығайту; олардың жеке ерекшеліктерін, мінез-құлық әуендерін сезімталдықпен байқау, қызығушылығын, сұранысын, құажеттілігін және ұмтылысын біліктілікпен бағыттау. ХІХ ғасырдың соңында П.Ф.Лесгафт: «Қазіргі уақытта тәрбиеші төтенше жоғары дамыған және білімді, өзінің оқушысы үшін соған сәйкес жағдай жасауы, яғни ол үшін барлық адамға тән ақыл-ой қабілеттерін қалыпты дамытып және бекітуі тиіс, бұл тәрбиешінің идеалы, ал ол неғұрлым осы идеалға жақындаған сайын, соғұрлым оның қызметі де пайдалы болады»,-деген болатын. Дене тәрбиесі маманы өз ісін жақсы білуі және сүюі, жақсы дене дайындығы, мықты денсаулық, спорттық әдістік шеберлікті меңгеру қажет. Неғұрлым мамандық дәрежесі жоғары және дене тәрбиесі саласын арнайы білімнің шеңбері кең болған сайын, соғұрлым оқытушыда тәрбие шешу үшін мүмкіндіктер көп болады, яғни әрбір педагог өз пәнімен тәрбиелей білуге міндетті .
Дене шынықтыру мәдениеті пәнінің спецификалық күшіне тәрбие жүйесінде оқытушының сыртқы бейнесі ерекше маңызды.
Өз тәрбиеленушілерінің денелерінің жетілуіне ұмтылу барысында оқытушыларының өзінің дене пішіні жүйелі дамыған, сыпайы қарапайымдылық және қозғалыстағы көркемдік, тұлға сұлулығы, жеңіл және еркін жүріс болуы тиіс. Маманға дене дамуынан бөлек жалпы мәдениеттілік қажет.[1.38 б]
Тәрбие барысында шұғылданушылардың эстетикалық талғамын, талапты ақылын, шығармашылық белсенділігін тек өзі эстетикалық дамыған және көркемдік жағынан білімді маман ғана дамыта алады. Педагогке жаны бай, сонымен бірге көңілді және мейірімді болуы, орынды әзілді және педагогикалық тәсілді меңгеруі маңызды. әсіресе, сөз мәдениетіне ерекше мән беру қажет. Педагогтің сөзінің әсері, оның қисындық (логикалық) байланысына, литературалық сауаттылығына, дәлдәгәне, анықтығына және бейнелік көркемдігіне тікелей байланысты болады. Сондықтан сөзді пайдалана білу, дауыстың жақсы шығуы, бай дыбыс ырғағы дұрыс қойылған сұрақтар А.С.Макаренконың айтуы бойынша, «тәрбиелік тәсілсіз» педагогикалық шеберліктің мәні жоқ. Сезіммен, көркемдік үлгіде жаныңды жазылтатын оқытушының сөзі жеке көз жеткізіп түсіндіруінің зор танымдық және тәрбиелік күші болады.
Шұғылданушылардың рухани бейнесін қалыптастыруда тәрбиешінің мына жеке сапалары терең әсер етеді: еңбек сүйгіштігі, сезім жомарттығы, риясыздығы, шыншылдығы, принципшілдігі және т.б. педагогтің сәл ғана мүлт кетуі кінәсіз болып көрінетін дағдылар, мысалы, оның темекі шегуі шұғылданушылардың санасында түзілмейтін із қалдыруы мүмкін, өйткені олар көп жағдайда тәрбиешінің айтқаны емес, оның әрекетіндегі, мінез-құлқындағы көргенін қабылдайды. Сондықтан тәрбие міндеттерін табысты шешу үшін дене тәрбиесі пәні оқытушысы бәрінен бұрын өнегелілік және эстетикалық жағынан тәрбиеленген болуы тиіс. Көп жағдайда төрешінің нашар төрешілік етуінің нәтижесінде дау туындап, жарысқа қатысушылардың наразылығына әкеледі төрешінің жарыстағы спортшылар тарапынан жіберілген дөрекілікті, этикаға жатпайтын мінез-құлық элементтерін назардан тыс қалдыруға құқы жоқ.
Төреші де жаттықтырушы сияқты тәрбиеші: жарыста жоғары спорттық педагогикалық шеберлігі және мінез-құлық тазалығы бар төрешінің қолынан келеді, өйткені бұл қасиеттер тек спортшылар үшін емес көрермендер үшін де үлгі қызметін атқарады. Мұндай төреші жарыс барысында төрешілікте босаңдыққа жібермейді, спортшылар тарапынан спорттық этика талаптарын бұзудың кез-келген әрекетін болдырмайды. Төрешінің сыртқы көрініс бейнесі спортшыларды алда тұрған күреске жұмылдырады немесе керісінше ынтасын түсіреді. Мұны, әсіресе, жасөспірімдер сайыстарында ерекше ескерту қажет. [2.55 б]
Тәрбие – күрделі, көп жақты шығармашылық қызмет жүйесі. Оны меңгеру үшін дене тәрбиесі маманына өзінің әрекетінде бәрінен бұрын отандық озық тәрбие тәжірибесінің негізіндегі көрнекті принциптерін басшылыққа алу қажет.
Бұл принциптер мыналарды міндеттейді:
- Әрбір шұғылданушыға оның жас ерекшеліктерін жан-жақты білу негізінде әрбірінің жеке бабын табу (физиологиялық және психологиялық);
- Шұғылданушыларға жоғары талапшылдық және сыйластық көрсету;
- Педагогиаклық талаптар бірлігі және тәрбиелік әсер етуді қамтамасыз ету.
Қозғалыс әрекетіне үйрету барысын, шұғылданушылардың рухани жағын қалыптастыру сияқты өмірмен, қоғамның қажеттілігімен, алдағы еңбек қызметімен тұрақты байланыстыру қажет. Оқушыны өнегелілік рухында тәрбиелеу үшін, оның қалай тұратынын, не туралы ойланатынын, кіммен достасатынын, өндіріс немес оқу орнында қалай еңбектенетінін, тұрмыста, қоғамдық орындардда өзін қалай ұстайтынын, бос уақытында не істейтінін және т.б. білу қажет. Дене тәрбиесі саласының маманына шұғылданушылардың денсаулығы жағдайын, дене сапаларының даму дәрежесін, сонымен бірге мінезінің ерекшеліктерін, жеке адамнершілік, көңіл-күй, жігер, өнегелілік сапалары айырмаларын, шұғылданушылардың эстетикалық қажеттіліктерін зерттеу қажет.
өз оқушыларын зерттеу барысында тәрбиеші педагогикалық бақылау күнделігін жүргізуге тиіс, яғни онда шұғылданушылардың мінезі мен құлықтарының ерекшелік белгілерін куәлендіретін жекелеген дәлелдеме мәліметтерді жазып отыруы тиіс. Тек шұғылданушыларды жан-жақты білу негізінде олардың әрқайсысына лайықты сиқырлы кілт беруге болады. Педагогикалық тәжірибе куәлендіргендей үлгілі, жақсы қарым-қатынас жоғары талапшылдықтың, шұғылданушылардың жеке тұлғасын терең сыйлаумен үйлестіктің негізінде құрылады. Талап ету және сыйласу – тәрбие саласының екі бөлінбейтін жағы. Солай бола тұрса да дене тәрбиесінің оқытушылары (жаттықтырушылар) спортшыларға жоғары талап қояды, бірақ оларға деген қажетті сыйлаушылық қатынас көрсетпейтін жағдайлар болады. Тәрбиеге мұндай қатынас тәртіп бойынша жаттықтырушы тарапынан дөрекілікке апарады. Қорытындысында шұғылданушылар ызаланады, дөрекілік көрсетеді және оларда спортпен шұғылдануға деген қызығушылық жоғалады. Талап ету міндетті түрде шұғылданушы оқушыларға ықыласпен, сезіммен, жанашырлықпен, жүрекпен қатынас жасауға үйлесуі тиіс. Мейірбандық достық үн оқушылармен дұрыс қатынас орната білуді, педагогиаклық тәсілді анықтайды. Сөз жоқ спортшы жарыста өз бетінше әрекет жасауға дайын болуы тиіс. Бірқатар жағдайларда ол адамдық сүйемелдеуді қажет етеді. Жаттықтырушы спортшының шамадан артық толқуын басады, жарыстың алдында пайдалы кеңестер береді, жеңілістен кейін көңілін көтереді және т.б. [3.20 б]
Оқушыларының нашар нәтиже көрсеткенінен кейін өзін ұстай алмай ұрысып, мінейтін нашар жаттықтырушыларға қарағанда жақсы ұстаз спортшыға ішкі сезімін қалпына келтіруіне жәрдемдеседі. Істі осындай тәртіппен жүргізу жаттықтырушының абыройын арттырады. Педагогикалық қабілет оқушыдағы жақсы қаситтерді көруге, соған сүйеніп одан да жақсысын жасауға мүмкіндік береді. Жаттықтырушының ағайынгершілік емес, достық қатынасы спортшылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне қозғаушы күш болады. Бір уақытта талапшыл және мейірімді, талғампаз және қайырымды, кішіпейіл, қатал және адамгершілікті болатын алтын ортаны табу маңызды.
Споршының тәжірибесі көрсеткеніндей (әсіресе, спорт ойындары), кейбір жаттығушылар бұл тәрбиелеу жүйесін бұзады, белді спортшылар наразылығы тууынан қорқып, солардың шылауында кетеді. Бұл талантты спортшыларды тәрбиелеуге елеулі зиян келтіреді, ал жаттықтырушының абыройы спортшылардың алдында жоғалады.
Жаттықтырушының ақиқат абыройы спортшыларға жоғары талап қоюда және спорттық ұжымдағы барлық тәрбиелеушілердің орнына және рөліне қарамастан олардың әрекеттеріндегі, мінез-құлықтарындағы кемшіліктермен күресуде өседі. Тәрбиенің табысы көп жағдайда шұғылданушылардың қызметі жүретін тәрбие мәнеріне байланысты (оқу сабағы, жаттығу, жарыс және т.б.) болады. [4.33 б]
Дене шынықтыру мәдениетінің ерекшелігі, ұжымда өмірге сеніммен қарайтын атмосфера, қуаныш, сергектік, таусылмайтын қуаттың орнығуына қолайлы жағдай жасайды. Жақсы ұйымдастырылған дене шынықтыру мәдениеті ұжымы шұғылданушылардың рухани жақтарын, адамгершілік жоғары талаптары рухында тәрбиелеуге елеулі әсер етеді, жеке мүддесін қоғамдық мүддемен үйлестіру үшін жағдай жасайды. Шұғылданушыларға тәрбиелік әсер етудегі ала құлалық дұрыс нәтиже бермейді.
Дене тәрбиесі жүйесінде шұғылданушылардың жекелеген жақтары мен сапалары ғана емес, оның бүтіндей дене және рухани ұйымдарымен бірлікте қалыптасады. Сондықтан тәрбие жүйесін табысты басқару үшін оқытушыға дене тәрбиесі жүйесінде шұғылданушылардың бейнесін қалыптастыруды алдын ала қарастыратын мақсатты бағытта ұйымдастырылған педагогикалық әрекеттесулердің барлық жиынтығын меңгеруі қажет болады.
Адам бөліктермен тәрбиеленбейді, ол жинақтау арқылы өзі ұшырайтын барлық әсерлердің жиынтығымен құрылады.