Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер. Олардың клеткалары иллиметтердің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Микроорганикалық құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 100 есе үлкейтіп көрсететін арнаулы құрал – микроскоптар қолданылуда. Микроорганизмдердің ішкі құрылысын зерттеуге арналған, ол-ы 10000 есе, кейде жүз мың есе үлкейте алатын электронды микроскоптар да бар. Бұл микроскопта зерттеу үшін, клетканы алдын-ала түрлі бояу заттары флуорхромдармен бояйды. Мұндай боялған микроор- р тірі күйінде люминесценттік микроскопта сәуле шашып, жалтырап көрінеді де, зерттеу оңайлайды. Микроорганизмдер бір ортада топталып тіршілік етсе, онда колониялар түзеді. Кейде осы колонияның пішініне, сыртқы түріне, түсіне қарап, олмикроорганизмнің қай топқа жататынын анықтауға болады.
Микроорганизмдер сұйық қоректік ортада, мысалы ет сорпасында тіршілік ете қалса, онда оны майландырып, түсін өзгертіп жібереді. Микроорганизмның басым көпшілігін бір клеткалы организмдер деп аталады. Бірақ олардың ішінде, мәселен зең саңырауқұлақтары, жіпше бактериялар көп клеткалылар болып саналады.
Бактериялардың негізгі формалары. Сыртқы пішіміне қарай бактериялар үш топқа бөлінеді. Олар шар тәріздер, таяқша тәріздер және ирек формалар.
Шар тәрізделерді коккалар деп аталады. Коккалардың өзі өзара орналасқанына қарай бірнеше топқа бөлінеді.
- Екі – екіден арпаласса – диплококкалар деп аталады.
- Стрептококкалар – клеткалар өзара тіркескен моншақ тәрізділер.
- Сарциналар – жүзімнің орналауы сияқты шоқ-шоқ болып орналасады.
Таяқша тәрізді формалар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшынан пішіміне, спораларыныңтүзілуіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Спора түзетіндерін- бациллалар , ал түзбейтіндерін бактериялар да. Таяқша тәрізді бактериялар да орналасу тәртібіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
- Диплобациллалар және диблобактериялар – екі екіден
- Стрептобактериялар – клеткалары моншақ тәрізді орн-н таяқ-а бак-р
- Кейде пішіні шар тәрізді қысқа, жұмыр таяқша тәрізді бактерияларды кездестіруге болады. Ал спора, түзетін тізбектеле орналасқан бактериялар стрептобациллалар деп аталады. Иректеле орналасқан бактерияның ішінде ұзыны мен қысқасы ғана емес, ондағы ирек санына қарай да ажыратуға болады. Вибриондар үтір сияқты кішкене ирегі бар клеткалар, ал спириллалар бірнеше ирегі бар таяқша бактериялар. Спираль тәрізділерге спирохеталар ж/ды. Бұлар бактериялар мен қарапайымдылар арасынан орын алады. Өйткені олардың қасиеттері көрсетілгенформаларының екеуіне де тым ұқсас.
Бақтериялардың мөлшері . Көптеген шар тәрізді бактериялар клетканың диаметрі 1-2 микронға тең (бір микрон бір миллимертдің шыққан бір бөлігі). Жұмыр клеткалы түр-ң ұзындығы 1-4 микронға, ал ені 0,5-1 микронға дейін барады. Кейбір бакт. ,жіпше тәрізді күкірт бактерияның диаметрі 50 микронға жетеді.
Бактериялар қозғалысы. Бактериялар қозғалысы екі типі болады. Олар жүзіп және сырғанай қозғайды. Сырғанай қозғалатындарға микробактериялар мен күкірт бактериялар жатады. Олар негізінен толқын сияқты жиырылып клетка формасын өзгерте қозғалады.
Ал жүзіп қозғалатын бактерияларда ерекше жіпше тәрізді орган-жіпше болады. Бір жіпшесі бар бактерияны – монотрихтар, бірнеше жіпшесі болса клеткаларын түгел алып жатса – перитрихтар деп атайды. Ал жіпше клетканың екі ұшында ғана орналасса, онда оны амфитрихтар деп атайды.
Бактериялардағы жіпшелер саны олардың әр түрінде бірдей емес. Мәселен, спираллаларда жіпше 5-тен 30-ға дейін, вибриондарға бір немесе 2-32 жіпше клетканың бір шетінде орналасады. Жіпшелердің жуандығы 0,01-0,03 миллимикрон шамасында. Жіпшелен басқа , дәл соған тым уқсас бактерия клеткаларында бекініс органы – фимбриялар болады. Олар жіпшеден қысқа және жіңішке. Бірақ оның саны жіпшеден көп. Қозғалатын және қозғалмайтын бактериялар да кездеседі. Фимбриялар арқылы клеткалар басқа клеткаларға немесе субстраттарға бекиді.