ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Қазіргі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда біздің еліміз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының бағдарламасын негізге ала отырып, өркениетті дамыған елдердің қатарына ену, өзге дамыған мемлекеттермен терезесін тең ашу жолында ауқымды істер атқарып жатқан кезеңінде мұғалімдер қауымының осы бағдарламаны және бағыттарды Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырудағы үлесі зор. Мұғалімдер бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткішін, яғни оқушыларға заман талабына сай жоғары деңгейлі білім беруді, оны жүйелі түрде қалыптастыруды және жастардың парасатты, аса тәрбиелі тұлғалар болып дамуын — бүгінгі күннің басты талабы деп көреді.

Осы орайда, Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Н.Ә. Назарбаев жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырып: «Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ», жастар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек екендігін айқындады [1].

Қазіргі уақыт талабына сай, егемен елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа ауқымды өзгерістерге байланысты, шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.

Еліміздіңбасшысы әр Қазақстан азаматы үш тілді, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеруі тиіс екендігін айтып, үш тұғырлы тіл: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі — халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл — мемлекет құрушы ұлттық тіл, ал орыс тілін білу — ұлы байлық. Ағылшын ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз соны үйренуге тиіспіз», — деді Н.А.Назарбаев [2].

Шетел тілін жаңаша оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болып отырғанды ғымәлім. Ұтаздардардың сабақтыжобалаудағыжауапкершілігістуденттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауынамүмкіншіліктер туғызады.

Олар аз уақытта жаңа технология жәрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады. Оқудың дәстүрліүрдісінеинновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда : тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т б.

Оқытушылардың біліктілігі олардың педогогикалық қарым- қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау және бақылау мүмкіншілігіне ие болады.Инновация дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу- тәрбие үрдісіне қолдана білу.

Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:

  • білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және т. б.
  • жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және т. б.
  • әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және т. б.)
  • оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету және т. б.

Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады . Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.

Студенттердің шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады [3].

Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:

  • электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;
  • жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web
  • серверге жеке шығару;
  • ақпараттық каталогтар ( Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).

Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады. Атап айтқанда, студенттердің жасаған әрбір жұмысына берілетін бағаның,олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы, студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді. Бұдан оқытушының шетел тілі сабағындағы орнын жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек.

Керісінше, оқытушы тіл үйренушілердің жеке тұлға ретінде өз тапсырмаларын орындап, жұмыс қортындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық жағдай туындата алатын, олардың жүмысына бағыт-бағдар беретін бірден-бір субъект.

Қазіргі уақытта шетел тілін оқытудың коммуникативтігі, интерактивтілігі, аутенттігі тілді үйрену үрдісінің мәдени контексте болуы үстемдікке ие болуда.

Аталғанұстанымдар коммуникативтілік қабілетінің компоненті ретінде мәдениетаралық біліктілікті дамытудың алғышартын жасайды. Шетел тілін дәстүрлі оқытуда тіл үйренушілер тілдік жаттығуларды жасап, қажетті материалды жаттаумен ғана шектеледі. Яғни,ол төмендегідей көрініске ие болады: «сөздік қор + қажетті құрылым = тіл». Алайда , тілдік құрылымды жаттаумен шектелу, тілді қарым- қатынас құралы ретінде меңгеруге толық мүмкіндік бермейді. Шетел тілінде тілдік қарым – қатынасқа үйрету үшін шынайы, өмірлік жағдаяттар туындату қажет.Ол студенттердің қажетті материалды меңгеруіне және соған сәйкес мінез – құлықын қалыптастыруға жағдай жасайды. Аталған мәселені шешуде Интернет жүйесі айтарлықтай маңызға ие. Біз дәстүрлі шетел тілі сабағынатағы да сипаттама жасайық. Көп жағдайда шетел тілін оқыту үрдісінде оқытушы студент ойын басқарады, яғни , бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі, ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл әрекет, психологтар көрсеткендей, студенттердің ойлау процесін тежейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды беріп, студенттен сөйлеу барысында тек соған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік берілмейді.

Студент мәселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала-алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келу мүмкіншілігінен айрылып, өзінше ой қорытып, оны тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Ал мәселені шешуде жаңа ой , құнды пікір айту өте маңызды. Және ол міндетті түрде қортындыланып, көрініске ие болар болса, оның нәтижесі жоғары болмақ. Шетел тілін оқыту технологиясының тиімділігінің көрсеткіштері мыналар:

  • Студенттердің моральдық психологиялық ,интелектуалдық және жас ерекшеліктерін ескеру.
  • Оқуға жағымды көңіл күй қалыптастыру.
  • Ұстаз бен студент арасында сөз алмасу, ғылыми қарым-қатынас және әріптестік принципін орнықтыру.
  • Студенттердің еске сақтау қабілеті мен творчестволық деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру.
  • Оқуды игеруге мультимедиялық және басқа да техникалық арсеналды кең іске қосу.
  • Сабақтардың бітуімен студенттердің келешекке қанағаттануының

қорытынды нәтижесі.

  • Білім беру технологиясының үш түрлі типі бар.Олар дәстүрлік, инновациялық және Ақпараттық. Бастысы -технологияның

жиынтығы емес, оның дәрежесі.

Студенттің әртүрлі ақпарат көздерін, ресурстарын пайдалану арқылы компьютерлік технологияның көмегімен өздерінің дербес ізденуі арқылы тілді игеруге кәсіби шеберлігін шыңдайды. Жаңа ақпараттық технологияға әртүрлі ақпараттарды электрондық әдіспен енгізу, сақтау және беру болып табылады. Оларды оқу процесінде пайдалану ерекшелігіне сай мына төмендегідей топтастыруға болады:

Компьютерлік оқу бағдарламалары (электрондық оқулықтар, тренажерлар, тьюторлар, лабораториялық жаттығулар, тест жүйесі). Мультимедиялық технологияға сай оқу жүйесі компьютер, видеотехника, оптикалық дискінің жиындысын пайдалану арқылы жүргізіледі. Интеллектуалдық және эксперттік жүйе.

Ақпарат жиынтығы базасының қалыптасуы. Электрондық пошта, телеконференция , шоғырлы не аймақтық байланыс жүйесін біріктіретін телекоммуникациялық қондырғылар. Электронды кітапханалар. Бұл технологиялар білім саласында оларды пайдаланудан гөрі тезірек дамиды. Жоғары оқу орындарында көбіне – көп электрондық почталар жиі пайдаланылады. Қазіргі кезде аудиоақпарат алмасу, видеоақпарат алмасу, виртуалды аудиторлық тақта,тақырыптық ақпарат енгізілген клавиатуралар, файлды алмасу, көпжақты конференциялар өткізу кеңнен таралған көпке белгілі компьютерлік видеоконференц байланыстың әдістемесіне жатқызылады.

Бұл технологиялар ағылшын тілін біршама меңгерген студенттің еншісі болып табылады. Өйткені бұл материалдар тек ағылшын тілінде ғана беріледі. Компьютер жүйесі оқу процесін жетілдіру құралы болып табылады. Дегенмен, Интернет жүйесіндегі оқуға байланысты ақпараттар сирек, аз, жүйеленбеген.Оқу процесін аралық байланыс арқылы басқару электрондық почта арқылы материалдар қабылдау, жіберу, курс және диплом жұмыстарын көшіру, интерактивтік хабарлар алмасу арқылы жүргізіледі. Бүгінде бұл технологиялар оқытудан гөрі жаңа дамушылық маңызға ие . Дегенмен, түрлі ақпараттық ағымды пайдалану арқылы шет тілін меңгеруге талпыныс келешек медик-студенттерге өздерінің жан-жақты дамып, сауатты маман ретінде қалыптасуына игі ықпал етеді .

Студенттердің техникалық білімінің кәсіби бағдарламаға сәйкес шет тілін меңгере отырып игеруі, олардың осы мақсатта жүйелі түрде технологиялық ақпараттарды және педагогикалық технологияны пайдалана отырып үнемі дайындығын арттыруына, ізденуіне байланысты. Жаңа педагогикалық технология студенттерді шет тілін меңгеруге жеке бағыттап, даярлық кезінде олардың қарым – қабілетін ескеруге мүмкіндік береді.

Технологияның методикағақарағанда айырмашылығы мынада: оқуды жобалау тәжірибені қортындылау негізінде емес, оқуды ғылыми тұрғыдан негіздеуге бағытталған.

оқытушы мен студенттер біріккен технологиялық іс- қимылын айтады.

Қорыта айтқанда,инновациялық технологияларды сабақта қолдану — бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады , сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетуменқатарөмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.