Аутэкология – жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастар ды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, жеке организмдерге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай
жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Одан әрі зерттеулер тереңдетіліп келуде.
Ботаникалық факторлар
Ботаникалық фактор дегеніміз – даралар мен пуляциялар арасындағы өзара әсерлердің түрлері. Ботаникалық факторлардың екі тобы белгілі түрішілік (бірдей) және түраралық (әр түрлі).
Бірігіп тіршілік ету кезінде өмір сүру қабілетінің артуына әкелетін физиологиялық процестердің тиімділігін “топтық эффект” деп атайды. Ол жеке дараның өзінің түріне жататын дараның қасында болуына психико – физиологиялық реакциясы түрінде көрінеді. Мысалы қой жеке болса тамыр соғуы, тыныс алуы жиілейді, ал жақындап келе жатқан үйірді көргенде бұл процестер қалпына келеді.
Экологиялық факторлар және олардың жүйесі
Көгершіндердің кейбір түрлері егер басқа құстарды көрмесе жұмыртқа салмайды.
Топтық эффект жеке тіршілік ететін түрлерде байқалмайды. Егер мұндай жануарларды бірге тұруға мәжбүр етсе, олардың көптеген көрсеткіштері қалыпты шамадан ауытқиды, Мысалы құлақты кірпілерді, топта ұстаса жеке кірпімен салыстырғанда 134% -ке оттегін көп пайдаланады.
Әрбір жануарлардың түрі бойынша түрдің оптималды мөлшері мен популяцияның оптималды тығыздығы болады (олли принципі).