Өсімдіктердің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылымды өсімдіктер экологиясы дейді. Өсімдік құрылымына әсер етуші табиғаттағы экологиялық факторлар әртүрлі, олар – ауа, топырақ ылғалдылығы, жарық т.с.с. Сыртқы ортаның белгілі бір факторына қатысты өсімдіктерді әртүрлі экологиялық типтерге бөледі.
Ылғалға қатысты өсімдіктердің мынадай топтарын ажыратады:
- Гидрофиттер.
- Гигрофиттер.
- Мезофиттер.
- Ксерофиттер.
Өсімдіктерді өсетін субстратқа да экологиялық топтарға бөледі.
- Олиготрофтар.
- Галофиттер.
Жарыққа қатысты бөлінеді.
- Сциофиттер.
- Гелиофиттер.
Өсімдіктің тіршілік формалары немесе биоморфа жергілікті жағдайда ұзағырақ бейімделу нәтижесінде пайда болған өсімдік ормасы ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ұрпаққа беріледі.
Өсімдіктердің тіршілік формалары (Раункиер бойынша).
- Финерофиттер.
- Хамофиттер.
- Гемикриптофиттер.
- Криптоффиттер.
- Торофиттер.
Өсімдіктердің өсу формасына және вегетативтік мүшелерінің тіршілік мерзімінің ұзақтығына негізделген эколого-морфологиялық жіктелуі бойынша тіршілік формаларын 3 категорияға бөледі.
- Ағаш өсімдіктері.
- Шөптесін өсімдіктер.
- Жартылай ағаш өсімдіктер.
Өмірінің ұзақтығына қарай бір, екі және кпөжылдық болуы мүмкін. Біржылдық өсімдіктер бір жылдан да аз уақыт тіршілік етіп, гүлдеп жеміс беріп, сонан соң бүтіндей өледі. Демек, біржылдық өсімдіктер монокарпты өсімдіктер тобына жатады.
Көпжылдық шөптесін және ағаш өсімдіктері екі жылдан артық өмір сүреді де әр жыл сайын өздерінің бүршіктерінен дамиды. Бұл өсімдіктер тобын-поликарптылар дейді.
Вегетациялық кезеңнің ұзақтығына қарай өсімдіктерді былайша бөледі:
- мәңгі жасыл
- жазғы-қысқы жасыл
- жазғы жасыл
- қысқы жасыл