Жеміс тек жабықтұқымды өсімдіктерге тән мише. Ол ұрықтанғаннан кейін гүлде болатын өзгерістердің нәтижесінде пайда болады.
Жемістердің әртүрлілігі олардың 3 белгісімен анықталынады.
- Перикарпийдің құрылысымен
- Қақырау немесе ыдырау әдісімен
- Таралуына байланысты ерекшелігімен.
Перикарпийдің консистенциясына қарай барлық жабықтұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды және құрғақ жеміс деп екіге бөлеміз.
Тұқымдардың жемістен босанып шығуы үшін, перикарпийдің белгілі ауданында арнайы бөлгіш ұлпалар пайда болады. Жемістердің қақырауы көбінесе көп тұқымды құрғақ жемістерге тән. Қақырамайтын жемістердің перикарпийлері механикалық немесе микроорганизмдердің әсерінен бірте-бірте ыдырап жойылады. Құрғақ жемістің перикарпийі сүректелген. Ол қақырайтын және қақырамайтын құрғақ жеміс, ал шырынды жемістер жидек жеміс және сүйекті жеміс деп екіге бөлінеді.
Қақырайтын құрғақ жемістердің ішіндегі тұқымның саны бір, бірнеше немесе өте көп болуы мүмкін. Олар өздерінің қақырау жолына, ішіндегі ұяларының санына қарай былай бөлінеді:
- Таптама
- Бұршаққап,
- Бұршаққын.
- Қорапша
Қақырамайтын құрғақ жемістерге жатады:
- Тұқымша
- Дәнек
- Жаңғақ