МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТАҚТАНЫ ҚОЛДАНУ

Бүгінгі күннің басты талабы білім беруді ақпараттандыруды болып табылады. Олай болса, бұл талапты орындау бағытында мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру кажет. Интербелсенді технология ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін дамыту бағытында қолданылады. Ол арқылы кез келген педагог өзіне қажетті оқу материалдарын электронды түрге аудара алады, сабақты көрнекі түрде өткізе алады. Сондықтан оның мүмкіндіктерін мұғалімдерге жан-жақты таныстыру мен оны қолданудың әдістерін үйрету қажеттілігітуындайды[1, 25-б].

Интербелсенді оқыту дағдылы білім алу процесінен өзге логиканы болжайды: теориядан тәжірибеге емес, керісінше жаңа тәжірибені қолданудан оның теориялық ұғынуына сол тәжірибені пайдалану арқылы жету жолын болжайды. Білім алу процесінің қатысушыларының тәжірибесі және білімі олардың өзара оқыту және өзара байыту құралы ретінде қызмет етеді. Әрекет тәжірибесімен және өз білімдерімен бөлісе отырып, қатысушылар оқытушының функцияларының бір бөлімін өз жауап-кершілігіне алады бұл және дәлелдісін оқыту үлкен өнімділігінің жағдайын жасайды оларды жоғарлатады. Интербелсенді оқыту моделі қосымша кәсіптік оқытуда өте эф­фективті, ересектерді формалсыз түрде оқытуда өте әсерлі, себебі ересектердің үлкен өмірлік және кәсіпітік тәжірибесі болады. В.Б. Гаргай атап көрсеткендей, кәсіптік қабілеттердің дамуы әрқашан «басқа адам» арқылы жүреді, адам тікелей тірі субъекті ретінде де және оқыту немесе компьютерлік бағдарламаның авторы сияқты ұсыныла алады.

Жалпы оқытуда химиялық негіздерді жаңа технологиялармен байланыстыра отырып, тапшы зертханалық жұмыстарды интер-белсенді түрде балаға жеткізу, оқыту технологияларын қолдану.

Сонымен оқытудың интербелсенді әдістемесі дегенімізбұл оқушы-лардың танымдық әрекетке жұмылдырылған болатын, өздерінің не білетіні мен ойлайтынын рефлексті түрде сыртқа шығаруға және түсінуге мүмкіндік алатын танымдық және коммуникативтік әрекеттердің арнайы формасы. Қазіргі уақытта химия пәнінде білім беруде сабақ барысында интербелсенді құралдарды қолдануда. Интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылыпотыр. Білім берудегі интербелсенді технология — мұндағы интербелсенді сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы[2, 137-б].

Интербелсенді құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі

Химия пәні бойынша базалық білімді меңгеру;
— Алған білімді жүйелеу ;
— Оқушыныңөзін — өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
— Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
— Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру [3, 63-б].

Интербелсенді тақта негізінде «Күкірт қышқылының қасиеттері, қолданылуы және алыну тәсілдері»тақырыбынасабақтың өткізу әдістемесі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күкірт қышқылы туралы жалпы сипаттама, оның қолданылуы, алынуы және қасиеттері туралы түсінік беру. Олардың сабаққа қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетін дамыту.

Күкірт қышқылын сумен сұйылтқанда көп мөлшерде жылу бөлінеді, слайд 1. [4, 128-б].

Өнімнің сорты Н2SO4,% SO3.,% Кристалдану

Тем-сы, С0

Мұнарлы қышқыл

Контактылы қышқыл

Олеум

Жоғары процентті олеум

75,0

92,5

104,5

114,6

0,0

0,0

20,0

65,0

-29,5

-22,0

+2,0

-0,35

Күкірт қышқылының жоғары активтілігі және арзандығы оны кең көлемде өндіруге және халық шаруашылығының әр түрлі саласында қолдануға мүмкіндік береді слайд 2.

Күкірт қышқылының қолданылатын аймағы

Күкірт қышқылын алу процесі екі реакциядан жүреді: слайд 3.

Күкірт қышқылын алу процесі

Күкірт қышқылын нитрозды әдісі

Слайд 4.

Нитрозилкүкірт қышқылы күкірт қышқылындағы ерітіндісі

Слайд 5.

Қорыта келгенде, интербелсенді әдістемені химия сабағында белсенді түрде пайдаланатын мұғалімдер білім беру ісі әсіресе өзара қарым-қатынас процесінде сәтті жүреді деп санайды. Интербелсенді тақтаны қолданып оқытқан кезде оқушылар сабақты жақсы қабылдап, пікірталас кезінде айтылған жайттарды жылдам ұғады. Оның себептері төмендегідей:

  • Оқушылар мағлұмат алып қана қоймайды, өздері айтқан пікірдің дұрыстығына логикалық түсініктеме береді;
  • Оқушылар пікірлерін алдымен терең ойланып барып айтады;
  • Мәселені талқылаған кезде оқушылар өздерінің және өзгелердің тәжірбиелерін пайдаланады. Мұндай жалпы білім қоры кез келген оқушының білімінен артық болатындығы белгілі;
  • Оқушылардан жаңа мағлұматтар алу арқылы мұғалім де білімін толықтырады.

Біз талап етілетін интеллектуалдық тәжірбиелер деңгейіне қарай таным қабілеттерін былайша жіктей аламыз:

  • Фактілерді еске салу (бұған көп күш-жігер қажет емес);
  • Ойлану;
  • Алған білімін жаңа жағдайда пайдалану;
  • Талдап үйрену (біртұтас нәрселерді құрамдас бөліктерге бөлу);
  • Синтездеп үйрену (бір ғана ортақ идея шығару үшін барлық идеяларды біріктіру);
  • Баға беру (әлдебір нәрсенің сапасы туралы ой қорытқанда).

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне еркін қол жеткізуге болады. Интербелсенді технологияны білім жүйесіне енгізуді қолға алатын Республикалық координациялық кеңес ұйымдастыру керек. Ол соңғы кезде көбейіп бара жатқан сапасыз электрондық оқулықтар шығаруды азайтып, өз ұсыныстары арқылы оқу орындарындағы істеліп жатқан жұмыстарды дұрыс жолға қоюға мұрындық болар еді. Жақсы электрондық оқулық — информациялық технологиялар аймағындағы білікті мамандар мен педагогтар жұмысының нәтижесі, мұндай жұмысты техникалық жағынан жүзеге асыру біраз қаржы жұмсауды керек етеді. Бұл жерде зертханалық, есептерді шешуде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі интербелсенді оқытудың басты мақсатының өзі сол — оқушыларды өз бетінше ой қортып, жауап таратуға үйрету.