Ұрпақ беру циклдері

Жынысты және жыныссыз процесстер бірін-бірі толықтырады, сондықтан өсімдіктердің көптеген түрлеріне жынысты және жыныссыз ұрпақтардың ауысып отыруы тән. Өсімдіктегі мұндай қасиетті ұрпақ ауысу деп. айтады. Ұрпақ ауысу гаплоидты және диплоидты ядро фазаларының алмасуына байланысты. Диплоидты спорофіт мейоз жолымен гаплоидты гаметофит, гаплоидты гаметалар өндіреді. Өз кезегінде ол гаметалақосылып диплоидты хромосомаларды бар зигота береді. Зиготадан қатадан диплоидты спорифіт өсіп шығады. Міне осылайша ұрпақ ауысу және ядро фазаларының алмасуы іске асады.

Сонымен өсімдік түрі өмірінде жаңа жараларының ұрпақтары жүйелі түрде ауысып, олардың ұрпақтану циклдары анық бөлінеді. Ұрпақтану циклы дегеніміз гаплобионттангаплоьионтқа, спорофиттен спорофитке, зиготадан зиготаға, мегаспорофилден мегаспорофилге дейін, демен екі аттас кезеңдермен шектелген, түр өмірінің кесіндісі.

Өсімдіктердің эфолюциялық дамуында олардың жыныссыз ұрпағының ұлғаю және жынысты ұрпағының қарапайымдану бағытында өзгеретіндігі анықталған.

Ұрпақ ауысудың және ядро фазаларының алмасуының өсімдіктердің систематикалық топтарына қарай (мүктер, папоротниктер, қылқанжапырақтылар және т.б.) әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар.

Гүлшоғын өркендер жүйесінің ерекше түрі өзгерген бөлігі ретінде қарайға болады. Гүлшоғының негізгісінде жапырақтар орнында гүлдер немесе жанама бұтақтар орналасады. Бұлардағы бұтақтану заңдылықтары кәдімгі өркендегідей. Демен, гүлшоғы – гүлдерді қалыптастыратын түрі өзгерген өркендер жүйесінің бөлігі. Өркеннің гүлдерге ауысу барысында, ондағы төбелік меристема өзінің пішінін өзгертіп, ұлғайып бөлшектенеді.

Гүлшоғындағы гүлдердің біруақытта ашылмауы және гүлшоғының мол тарамдалуы ондағы гүлдердің өзара жақын орналасады тозаңдану мүмкіншіліктерін арттырады. Гүлшоғын сипаттауда олардың бірқатар морфологиялық ерекшеліктері пайдаланылады:

  1. Олардағы жапырақтардың бар-жоғына және олардың сипатына қарай: фрондозды, брактеозды және жалаңаш гүлшоғы болып бөлінеді.
  2. Осьтің бұтақтану ретіне қарай жай және күрделі болып бөлінеді.
  3. Бастр осьтің өсу тәсіліне қарай моноподийлі және симподийлі болып бөлінеді.
  4. Негізгі өркеннің және жеке гүлшоқтарының осіндегі төбелік меристеманың қызметінің ерекшелігіне қарай жабық немесе анықталған және ашық жабық немесе анықталған және ашық немесе анықталмаған болып ажыратылады.

Жоғарыда келтірілген гүлшоқтарының морфологиялық ерекшеліктері бір-біріне тәуелді емес, олардың өзара үйлескен түрлері де кездеседі. Қазіргі кездегі гүлшоқтарының морфологиялық жіктелуі мынадай:

Өркен өзінің сырт пішіні мен бейнесі жағынан өсімдіктің ең түрі өзгергіш мүшесі.

Өркеннің мамандануына сыртқы ортаның әсері зор. Оның ең бастылары – жарық, ауа және топырақ ылғалдылығы. Құрғақшылық аймақтарда ассимиляциялық өркен ерекше. Мысалы олардың жапырақтары немесе сабақтары шырынды, етжеңді болады. Өркеннің су асты және жерасты тіршілігіне байланысты оның морфологиялық және анатомиялық құрылысы күрт өзгерістерге ұшырайды. Бұл жағдайда өркеннің терең маманданғаны сонша олар түрлене өзгерді деп айтуға болады.

Тамырсабақта жасыл жапырақтар болмайды, бірақ буын және буынаралықтары айқын байқалады. Мұндағы буындарды оның бойында сақталған жапырақ іздері, қураған жапырақ қалдықтары, қабыршақты жапырақшалар және ондағы қойнаулық бүршіктер арқылы анықтауға болады. Осы бүршіктерден жаңа жерүсті өркендері немесе тамырсабақтың жанама тармақтары қалыптасады. Тамырсабақ буындарынан қосалқы тамырлар дамиды. Тамырсабақтың тамырдан ерекашелігі мунда тамыр оймақшасы болмайды. Жерүсті өркендері сияқты тамырсабақтың бұтақтануы моноподийлі және симподийлі. Шығу тегіне қарай тамырсабақ эпигеогенді және гипогеогенді болып бөлінеді. Пиязшық түрі өзгерген жер асты кейде жер үсті өркен. Оның сабағы қысқарған, біршама жалпайған осьтен тұрады да оны түбіртек деп, атайды. Түбіртекте бойына су және қоректік зат жинайтын шырынды етжеңді жапырақтар орналасады.

Өркеннің жер бетіндегі түр өзгерістері:

  1. Мұртша және жер бетіндегі столондар.
  2. Кладодий
  3. Филакладодий
  4. Тімен, сояу, шөңге