Тамыр жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативті мүшелерінің бірі. Тамыр ұшындағы меристема қызметінің нәтижесінде ұзақ уақыт ұшындыққа өсе алатын қабілеті бар, радиальды симетриялы мүше. Өркенен айырмашылығы – тамырда еш уақытта жапырақтар пайда болмайды және тамырдың ұшындағы меристема оймақшамен жабылған.
Өсімдік тіршілігінде тамырдың атқаратын негізгі қызметтері:
- Топырақтан суда және әртүрлі заттарды сіңіріп, оларды сабаққа және жапыраққа беру, бұл тамырдыңбасқа қызметі.
- Өсімдікті субетратка бекіту, тамырлар үзілмейтін өте берік мүше.
- Тамырда әртүрлі заттар синтезделеді: органикалық қышқылдар, амин қышқылдары, ферменттер, пигменттер, витаминдер, гормондар, алкооидар және т.б.
- Тамыр жасушасында зат алмасуға қатысатын барлық қоспалар бөлініп шығады.
- Топырақтағы кездесетін әртүрлі ағзалармен өсімдікті байланыстыруы, тамыр өзінің бөліп шығарушы қызметіне байланысты өсімдікті топырақтағы саңырауқұлақтармен, бактериялармен байланыстырады.
- Қорлық заттарды жинау. Кейбір өсімдіктердің тамырлары қорлық заттардың жиналатын мүшесіне айналады. Мысалы, қызылша, сәбіз, шомыр т.б.
- Тамыр көптеген өсімдіктердің вегетативтік көбею мүшесі болып табылады. Мысалы: сүттіген, көктерек, шие т.б.
Тамырдың осы жоғарыдағы аталған қызметтері оның морфологиялық құрылысына әсер етеді. Тамыр өсімдіктің құрылыққа шығуына байланысты пайда болған мүше. Тамырдың өсу нүктесінің жасушалары көптеген өсімдіктерде екі бағытта бөлінеді, бір бағытта тамыр жасушалары, екінші бағытта тамыр оймақшасының жасушалары дамиды. Тамырдың ұшындағы апикальды меристемасы әдетте оймақшамен жабылған. Тек кейбір суда өсетін өсімдіктерде, паразитті және микоризалы тамырда оймақша болмайды. Микориза дегеніміз – күрделі өсімдіктер тамырының саңырауқұлақтар жіп шумағымен селбесіп тіршілік етуін айтады. Көп қабатты жасушалардан тұратын оймақша апикальды меристеманы қорғап, тамырың өсуіне жағдай жасайды.
Тамыр оймақшасы тамырдың ұшындағы өте нәзік бөлімі – бой конусы нүктесін қорғап тұрады. Тамыр ұшы өне бойы өседі және оның өсу жолында әр қилы бөгеттер ұшырайды. Оймақшаның арқасында нәзік тамыр ұшы ол бөгеттерден өтіп отырады. Тамыр ұшы оймақшасының кедергілераден өтіп отыруының себебі, оймақшаның сыртындағы жасушалары шетінен біртіндеп түлеп отыруынан және жасуша қабықшалары сілемейленуі салдарынан топырақ жібіп, өсіп келе жатқан тамыр ұшының әрмен қарай жылжуына жол ашуынан болады. Сол сияқты оймақшаның тірі жасушаларында тургор қысымы күшті болады, соның салдарынан тамыр ұшы алға қарай жылжи бастайды. Осы кернеудің әсерінен оймақшаның сыртындағы біраз жасушалар жойыладыда, біртіндеп түлеп отырады. Тамыр оймақшасының өне бойы түлеп отыратын сыртқы жасушалары мен калиптроген арасында орналасқан тірі паренхималардың ішінде ұсақ-ұсақ крахмал дәндері болады, оларды сақтаулы крахмал деп, атайды.
Егерде тамырды оның өсу нүктесінен бастап түбіне (негізіне) дейін қарайтын болсақ, онда оның әртүрлі бөлігінде қызметінің және осыған байланысты анатомиялық, морфологиялық құрылысының өзгеретіндігін байқауға болады. Осы тұрғыдан жас тамыр шартты түрде: бөліну, өсі (созылу), сору, өткізгіш аймақтарына бөлінеді.
Бөліну аймағы – бұл тамырдың ең жас бөлімі және оның ұшында өсу нүктесі болады. Бұл аймақтың ұзындығы 1 мм шамасында болады. Ол сарғыш түсті, басқа аймақтармен салыстырғанда ерекшеленіп тұрады, меристемалық жасушалары цитоплазмаға толы, вакульдері көзге көрінбейді.