ХИМИЯ КУРСЫНДА КРИТЕРИАЛДЫҚ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу — көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономомикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет, ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті — әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет. Біз әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс мүмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет», — деген болатын [1].

Білім берудің қазіргі заман талабы — шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.

Оқыту – оқытушының студентке жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін студенттердің өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Оқытушылар, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, студенттердің білімді меңгеруін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта оқытушы оқыту ортасын құру керек. Осыған байланысты студенттер арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, студенттердің сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады[2, 27-б].

Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, студенттер білімді меңгеру барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Критериалдық бағалау — бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, студенттердің оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен студенттердің оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді [3,17-б].

Сондықтан біз, мектеп химия курсының 10-сынып жаратылыстану бағыты бойынша тұздар тақырыбына критералдық бағалау технологиясын қолдандық.

Тұздар

Мақсаты: бейорганикалық қосылыс кластарын еске түсіре отырып тұздарға жалпы сипаттама беру, оларды жіктеу, алу және химиялық қасиеттері туралы мағлұмат беру.

Жабдықтар: оқулық, тәжірибеге қажетті бірқатар тұздардың ерітінділері және ұнтақтары.

Оқу міндеті: бейорганикалық қосылыс кластарын еске түсіре отырып тұздарға жалпы сипаттама беру, оларды жіктеу, алу және химиялық қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.

Жетістік деңгейі Критерий А

Дескрипторлар

0 *Төмендегі ұсынылған деңгейлердің ешқайсысына қолым жетпеді
1 *Қышқылмолекулаларындағысутекатомдарының орны толықтай немесе жартылай металл атомдары неОНтоптарына ауысқан қосылыстар екендігін білемін.
2 *Тұздар — қатты кристал заттар, біразы суда жақсы еріп, мөлдір ерітінді түзетіндігін білемін.
3 *Электролиттік диссоциациялану теориясышыққаннан кейін, тұздардың суда ерігенде металл атомдары катиондарын және қышқыл қалдығы аниондарын түзетін күрделі заттар екені анықталғандығын білемін.
4 * Тұздар орта, қышқыл, негіздік, қос және кешенді болып бөлінетіндігін білемін.
5 * Тұздар суда ерігенде иондарға ыдырап, ерітінділері электр тогын өткізетіндігін білемін.
6 * Тұздар қышқылдармен, сілтілермен және өзара ион алмасу реакцияларына түседі, металдармен әрекеттесетіндігін білемін.

 

Жетістік деңгейі Критерий В

Дескрипторлар

0 *Төмендегі ұсынылған деңгейлердің ешқайсысына қолым жетпеді
1 *Тұздардың химиялық қасиеттеріне мысалы келтіре аламын
2 *Тұздардың классификациясына мысал келтіре аламын
3 *Гидролиз теңдеуін жүру жағдайын білемін
4 * Тұздардың қатты және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездесетіндігін білемін
5 * жазбаша есеп түрінде көрсете аламын.
6 * сызба немесе презентация түрінде көрсете аламын.

Жетістік деңгейі Критерий С

Дескрипторлар

0 *Төмендегі ұсынылған деңгейлердің ешқайсысына қолым жетпеді
1 * Ақпаратты қате айтамын. Ойларым қойылған міндетті дұрыс шешуге сәйкес емес
2 *1 аспект тұрғысынан тақырыпты аша аламын

*қате пікір беремін

3 * Тұздардың металдар мен әрекеттесуі белсенді металдар белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарының құрамынан ығыстырып, орын басуреакциясыжүреді, нәтижесінде жаңа тұз бен бос күйіндегі металл алынатындығын білемін және мысал келтіре аламын
4 * Әрбір металдың басқа металдарды оның тұздарынан ығыстырып шығаруы, металдардың кернеу қатарына тікелей байланысты екендігін білемін және реакция теңдеуін жаза аламын
5 *Оқулықты пайдаланып тұздардың гидролиз теңдеуін жаза аламын
6 *Тұздардың физикалық және химиялық қасиеттері туралы білімді нақты және тиімді сипаттаймын

Жетістік деңгейі Критерий Д

Дескрипторлар

0 *Төмендегі ұсынылған деңгейлердің ешқайсысына қолым жетпеді
1 * мұғаліммен бірге мәселені анықтаймын.
2 * мұғаліммен бірге мақсат қоямын.
3 *мұғаліммен бірге болжам ұсынамын

*мұғаліммен бірге зерттеу нысанын және затын анықтаймын

*тұздардың физикалық және химиялық қасиеттерін, олардың жіктелуін, биологиялық маңызы, қолданылуы және табиғатта таралуы туралы түсіндім

4 *Өз бетімше мәселені анықтаймын

*өз бетімше жұмыстың мақсатын қоямын

5 *Танымдық қызметімді өз бетімше ұйымдастырамын
6 *жұмыстың талдауын өз бетімше жүргіземін

*жұмыстың нәтижелері бойынша өз бетімше қорытынды жасаймын