Өткізгіш ұлпалар – ксилема және флоэма біріге өткізгіш шоқтарды түзеді. Өткізгіш шоқтар құрамында бұл екеуінен басқа ұлпалар да (тірі паренхималар, сүт жолдары, арқаулыұ ұлпа склеренхима) болады. Ал егер де, өткізгіш шоқтарға жабыса орналасқан арқаулық ұлпаның элементтері ілесіп отырса, мұндай шоқтарды талшықты –түтікті шоғы деп атайды. Өткізгіш шоқтар прокамбий элеиенттеоінің бөлінуі мен олардың қалыптасуынан түзіледі. Егер де барлық түзуші ұлпа ( прокамбий) түгелімен тұрақты ұлпалардың түзілуіне жаратылса, окда өткізгіш шоқ жабық деп аталады. Егерде прокамбий толық жаратылмай оның элементтерінің орта бөлігінде меристема қасиеті сақталса, онда өткізгіш шоқты (камбий қабатымен қамтамасыз етілген ) ашық деп аталады.Толық емес шоқтар тек флоэмадан, болмаса тек ксилемадан тұрады.
Ксилема мен флоэманың әртүрлі орналасуы жағдайына байланысты, толық өткізгіш шоқтар.
- Шенберлі өткізгіш шоқта өткізгіш ұлпаның біртүрі оның екіншісін барлық жағынан қоршайды.
А)флоэма ксилеманы- амфикрибральды шоқ немесе
Б) ксилема флоэманы- амфивазальды шоқ деп аталады.
2.Коллатеральды немесе бір-бір бүйірмен, ксилема мен флоэма тиісе жататын шоқ. Мұндайшоқтар тұқымдыөсімдіктердіңсабақтары мен жапырақтарында кездеседі. Сабақтағы коллатеральды шоқтарда ксилема өзекке бағыттала- адаксиальды, ал флоэма абаксиальды-өзектен алыстай (мысалы. сарғалдақ тұқымдастардың сабағы ) орналасады.
3.Биколлатеральды (қос бүйірлі) шоқта ксилеманың екі, үстіңгі және астыңғы бүіріне түйісе (мысалы, алқа, асқабақ тұқымдастар сабағында ) флоэма орналасады.
Сабақтан өсетін шоқтар жапырақта одан әрі жалғасса, онда оны жалпы, ал егер оның жалғасы болмаса, онда арнайы сабақтық болып аталады.
4 . Сеулелі ( радиальды) шоқтар. Өткізгіш шоқтардың бұл түрінде флоэма мен ксилема ауданы әр радиуыста, бір-бірімен жанаспай сәуле тәріздес шашырай орналасады. Олардың аралықтарын паренхима ауданы бөледі. Мұндай шоқтар даражарнақтылар тамырында және қосжарнақтылар тамырының алғашқы құрлысында ғана болады.
Өсімдіктер сыртқы ортаға алмасудың тек кейбір өнімдерін ғана бөліп шығарады. Көпшілік өнімдер өсімдік денесінде, яғни негізгі перинхималық клетка шырынынданемесе арнайы, маманданған қуыстарды жинақталады.
Өсімдіктен бөлінген заттар бірнеше топтарға бөлінеді.Оның ішінде ең ерекшесі терпендер тобы . Терпендерге жататындар – эфир майлары, бальзамдар, шайыр және каучуктер. Мұнан басқа өсімдіктерден полисахариттер, ақуызды заттар, тұздар және су бөлінеді.
Бөлініп шығарушы ұлпаларды сыртқа және ішке бөліп шығарушы ұлпалар деп екі топқа бөлеміз.
Сыртқа бөліп шығарушы ұлпаларға «безді» түктер, шірнеліктер, гидатоттар және жәндікпен қоректенетін өсімдіктердін, гидатоттар және жәндікпен қоректенетін өсімдіктердің ас қорытатын бездері жатады.
Ішке бөліп шығарушы ұлпаларға идиопластар, көпклеткалы сүт жолдар, шайыр каналдары және бөлінген заттарды жинайтын қуыстар жатады.