Ботаника өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылыс заңдылықтарын, жүйелерін, тіршілік әрекеттерін, таралу ерекшелігін, ортамен қарым – қатынасын өсімдіктер жабынының құрылысын зерттейтін ғылым.
Жер бетіндегі тірі организімдер қажетті энергияны күн сәулесінен алады. Оның басқа энергия түріне айналуы өсімдік клеткасында іс жүзінде асады. Бұл энергиянең басқа түрге айналуында хлорофилл пигментті басты орын алады. Хлорофилл күн сәулесінің энергиясін сіңіріп, фотосинтез реакцйясынең жүруін бағыттайды. Сәуле қуаты химиялық қуатқа айналып, өсмдік бойында жиналады. Өсімдіктегі тыныс алу құбылысында жылу қуаты бөлініп, қоршаған ортаға тарайды.
Органикалық заттарды алғашқы синтездейтін организімдер афтотрофтылар деп аталады. Бұлаодың тек сәулесінің энергиясын пайдаланытындары фототрофтылар, ал органикалық заттарды алғашқы синтездеуге химиялық риакциялардың энергия сын пайдаланатындары хемотрофтылар деп аталады.
Дайын органикалық заттармен қоректеніп, оны денесінде қорытып, олардың энергиясын өз қашетіне пайдаланатын организімдерді геторотротар деп аталады.
Дайын органикалық заттармен қоректеніп, оны денесінде қорытып, олардың энергиясын өз қажетіне пайдаланатын организмдерді гетеротрофтер деп атайды.
Өсімдіктердің жануарлардан тағы бір айырмашылығы, олар азотты неорганикалық қосындылардан (натраттардан, нитриттерден, аммоний тұздарынан ) құрамында азоты бар органикалық заттарды синтездейді. Жануарлар қоректенгенде тек органикалық заттардың құрамындағы азотты ғана сіңіреді.
Зерттеу мақсатына байланысты, ботаника әр түрлі салаларға бөлінеді. Әр салада өзінің бағыты мензерттеу әдістемесі болады.
Қазіргі тендағы ботаника көп салалы ғылым.
Ботаниканың басты салалары.
- Морфология өсімдіктердің сыртқы пішіні мен ішкі құрлысын жай көзбен, арнаулы оптикалық құралдармен ( лупа және микроскоппен ) зерттейтін сала. Бұл саланы құрылымдық ботаника деп атайды. өз кезегіндер өсімдіктер марфологиясы негізгі марфологиялық бір қатар бөлімдерді қамтиды.
- Цитология-клетка құрылысы мен тіршілігін зерттейтін ғылым.
- Гистология- өсімдіктер ұлпасының құрлысы мен олардың өсімдік мүшелеріндегі орналасуын зерттейді.
- Анотомия- микроскоп көмегімен өсімдік құрлысын зерттейді.
- Эмбриология- ұрықтың пейда болуын және оның бастапқы даму кезеңдерін зерттейді.
Морфалогианың негізгі зеттеу тәсілі, ол бақылау мен бейнелеу. Бірақ морфологияны тек бақылау немесе бейнелеу ғылымы деп санау жеткілксіз, өйткені ол кең түрде сыртқы ортаның өсімдік құрылысына тигізер әсерін тәжірибе арқылы зрттейді.
Морфологияда маңызды орын алатын бағыт ол салыстырмалы тәсіл, яғни қазіргі таңдағы өсімдіктер мен оның байырғы тктестерінің құрылысын салытыру. Бұл тәсіл өсідктердің әртүрлі түрлерінің құрылыстық ерекшелігін анықтауқа көмектеседі. Өсімдіктердің құрылысы олардың жеке және тарихи дамуына зерттелуі қажет.
ІІ. Өсімдіктер физиологиасы олардың өздеріне тән тіршілік құбылыстарын (зат алмасу, даму және тағы басқа ) зерттейді. Физиология физика мен химианың зерттеу тәсілдерін кең түрде қолданады.
ІІІ. Өсімдіктер систематикасы бір – біріне өзара тығыз байланысты екі мақсат қамтиды.
1.Өсімдіктерді туыстық топтарға жіктеу.
2.Өсімдіктердің эволюциалық дамуының тарихи тізбегін анықтау.
Бұл мақсатарға жету жолында өсімдіктер систематикасы тек морфологиялық, анатомиалық ғана емес, басқа да ботаника салаларының ғылыми жетістіктерін пайдаланады.
ІV. Палеоботаника өсімдіктердің геологиалық кезеңдердегі өзгеруінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Бүл ғылыми бағыттың мәліметтері, өсімдіктер әлемінің тарихи дамуының заңдылығын анықтауға біршама өз әсерін тигізеді.
- V. Фитоценология өсімдіктер қауымының қалыптасуын және даму заңдылықтарын зерттейді.
Фитоценоз табиғатта белгілі құрылымы бар, біршама тұрақты және заңды түрде қайталанатын орман, дала, шөл, батпақ, тундра өсімдіктерін құрайды.
- VI. Өсімдіктер географиясы — өсімдік түрлері мен фитоценоздардың жер шарындағы таралуының ауа-райына, топыраққа және геологиалық тарихына байланысты зерттейді.
VІІ. Өсімдіктер экологиасы өсімдіктің және олардың популяцияларының бір – бірімен және олардың сыртқыортамен қарым-қатынасын зерттейді. Демек ботаниканың бұл бағыты өсімдіктер морфологиасына тығыз байланысты. Кез-келген өсімдіу өкілі белгілі бір өмір сүру жағдайына эволюциалық даму процесінде бейімделеді. Сондықтан да олардың құрылысын, тіршілік заңдылықтарын сол өмір сүрген ортасының жағдайымен салыстыра зерттей отырып түсінуге болады. Ботаниканың басты бөлімдері бір-бірінен онша ерекшеленіп бөлінбейді, сондықтан да оларды жекелей бөлу, тек шартты түрде ғана.