Тірі табиғат эволюцияның ғылыми концепциясын 100 ж астам жыл бұрын ағылшын биологы Ч.Дарвин құрды . Бұл теория сол ғылымның атымен “Дарвинизм” деп аталды. Қазіргі уақытта Дарвинизм деген сөз “эволюциялық теория” немесе «эволюциялық ілім деген атауға ауыстырды.
Эволюциялық деген терминді латынша эволушн — “даму” 18 ғ ортасында биология саласына Швейцар биологы Шарль Боннэ енгізді.
Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбрональды даму мен ғана байланысты болды..
Эвлоюцияны материяның ерекше даму формасы деп қарастырды. Оның 3 қасиетін атауға болады.
1.Биологиялық эволюция қайта оралмайтын процесс.
- Эволюция дегеніміз биологиялық пайдалы белгілерін
өзгерту.
- Эволюция ұрпақтар жалғасына негізделген басқаша айтқанда жаңа элементің бұрынғы организмге үлесімді енуі.
4.Даму процесі дегеніміз- бір жағдайдан екінші жағдайға өту тек кана жаңа қасиетіне ғана байланысты емес сонымен қатар ежелгі организмнің ерекшеліктерімен сақтаумен сипатталады.Организмнің және түрлердің Эволюциялық қайта құрулары оның орын басушылыққа басқаша айтамыз ата-тектен болашақ организм тұқым қуалауға негізделген.
Эволюцияның жеке дамудан онтогенез айырмашылығы ол алдын ала жоспарланып қоймаған бірақ сонымен қатар бұл прогрессті бағыттағы организмнің күрделену процесі.
Адам баласының мүддесі және оның практикалық іс-әрекеттері биология ғылымының барлық салаларымен тығыз байланысты екенің Дарвинизм курсы таныстырады. Дарвинизм жұмысынан бастап биологиядан ашылдған заңдар, тірі организмдермен тікелей байланысты шаруашгылық салаларындағы практикалық жұмыстарға пайдаланып келеді.Қазіргі кезде өте күрделі үнемді аппаратуралардың конструкциясын жасау үшін биолошгиялық структуралар мен ондағы болып жатқан процестерге инженерллер көңіл бөле бастады.Осыған байланысты ерекше–ғылым бионика шықты.Сөйтіп қазіргі биология техникада қолданыла бастады.Осы тұрғыдан қарағанда организмдердің эволюциялық процесте пайда болатын бейімділік қасиеттерін зерттеудің ерекше практикалық мәні бар.
Эволюциялық теория тірі материяның тарихи дамуы.
Эволюциялық теория басқа биология пәнінен тығыз байланыста бола отырып, өзінің проблемаларын да тұрады. Оның ең басты міндетті “Әртүрлі организмнің шығу тегінің себепкері мен оған әсер ететін жағдайларын табу”
Сондықтан “Эволюциялық ілім теориясын” Правдин бойынша “Органикалық әлемінің тарихи дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым-дарвинизм деп аталады”.
Ал Веняев “:Тіршіліктің тегін, организмнің әлемінің дамуын зерттейтін немесе организмнің эволюциялық жолдарын басқаратын ғылым — эволюциялық ілім деп аталатын.
Органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын дәлелдеу үшін Дарвинизм биологиялық әртүрлі салаларының және ауыл шаруашылығының, сондай-ақ геология мен палентологияның қорланып, жиналған бай материялдарын пайдаланады.Бұдан Дарвинизм курсы бүкіл биологиялық және ауыл шаруашылық ғылымдары мен өзара тығыз байланысты екенің көреміз. Эволюциялық теория өзіне қатысты пәндердің жаңа фактыларымен үнемі толықтырып отырылды. Сонымен бірге тірі табиғаттың даму жөнінде жалпы заңдылықтардың ашылуы әрбір жаратылыс зерттеушілердің нақтылы зертеу жұмысына тікелей көмектесіп отырады.Үй жануарларының жаңа тұқымдарын және мәдени өсімдіктердің жаңа сортарын жасау жөніндегі адам бьаласының практикалық жұмыстарын тәжірбиелерін қорытып Дарвинизм, жануарлармен өсімдіктердің осы кездегі селекциялық әдістерге сүйенетін теориялық негіздерін жасады. Бұл ауыл шаруашылығының жаңа міндеттеріне және талаптарын сәйкес жаңа органикалық формаларды жасау жөнінеде бұрын белгісіз болып келген жолдары табуға мүмкіншілік береді.
Биологияның, сондай-ақ Дарвинизмнің де осы кездегі жаңа даму кезеңі 20 ғасырдың ортасынан басталады. Мұнда, тіршіліктің әртүрлі құбылыстарының зерттеуде жаратылыстық тарихи ғылымдарының тұтас комплекстері ене бастайды. Бірақ сонғы кезге дейін дерлік биологиялық проблемаларды шешуде химиялық және физикалық әдістерді енгізу жұмысы екінші ддәрежеде келді. Алайда биолог, химик және физиктердің талаптардың тұтастырып, өзара кіріккен идеялар мен әдістер биологияға жарасымды пәндердің шығуына себеп болды. Бұл биологияның жаңа саласы- молекулалық билогияның құрылуына жағдай жасап генетика саласында үлкен табыстарға жеткізді. Генетиктермен экологтардың бірлесіп зерттеулерді Дарвинизмдегі өте күрделі проблемалардың бірі – түр және түрдің пайда болу жайындағы мәселені жаңаша шешімділігіне мүмкіндік берді. Адам баласының космосқа ұшуына байланысты биологияның алдына жаңа проблемалар қойылды, өзінше ғылыми пән- космостық биология қалыптасты.