Бейімделгіштің түрі.Жануарлардың сыртқы және ішкі құрылысы, инстениктері,мінез-қылықтарыолардың тіршілік жағдайларына бейімделгіштігімен сипатталады.Бір ғана ортадағы әр түрлі жануарлардын түрлі-түрлі бейімділік байқалады. Көртышқан топырақты аяқтарымен,алсоқырақ жерастыжолды басының және қуатты күрек тісінің жәрдемімен жасайды.Түлен ескек аяқтарымен, ал дельфинқұйрық қанаттары арқылыжүзеді.
Өсімдіктер әртүрлі бейімделулерарқылы айқас тозаңданады.Желайдар мен көгілдір қамекгүлдің көтемгі нәзік өскіндері клетка шырынындағы концентрациясы қант ерітіндісінәтижесінде нолден төмен температураға төзеді.Ағаштармен бұталардың тырбық,жапырақтарының ұсақ болып, тамырларының жер бетіне жақын орналасуы, көктеммен жазда өсімдіктердің тез дамуы –осының барлығы тундра тіршілігіне бейімделушіліктен туған әрекет.
Көбею қарқынының түрлі-түрлі болуы түрдің, оның популяцияның сақталуына маңызды бейімделу қызметін атқарады. Ұпағы жаппай түрлерде ұрпақ өте көп болады.Ал ұрпағының қамқорлық жасау инстинкті дамыған түрлерде ұрпақ саны оншакөп емес.Аталығы жасаған ұяға шаншар балық бар болғаны120-150 уылдырық салады, ұрықтанған уылдырық пен шабақтарды аталық балық күзетеді.Треска 4 милионға дейін уылдырық шашады, бірақ ұрпағын қорғамайды.
Организмдерде бейімдеушіліктің пайда болуы.Дарвин теориясы бойынша күрделі және көптүрлі бейімделудің қоршаған ортадағы нақтылы жағдайларға сай пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіндіреді.Жасыл жапырақтарда тіршілік ететін кейбір популяциядағы жұлдыз құрттар денесінде бүркеніш реңнің болып, бәлкім қарастырайық.Олардың ата тегі басқа реңді болып, бәлкім жапырақтармен қоректенбеген де болар.Олар әлде бір жағдайдаң әсерінен жасыл жапырақтарының қоректенуге мәжбүр болады делік.Мутациялардың үнемі туындап тұруына байланысты бұл популяциядағы бунақденелердің реңі біркелкі болмайд, сондықтан көптеген жұлдыз құрттардың арасында жапырақтар реңінен нашар байқалатын жасылдау ренді особьтар кездеседі.Тіршілік үшін күресте табиғи сұрыпталудың әсерінен жасылдау реңді особьтардың ұрпақтары басымырақ өмір сүріп тірі қалады.Бұл процесс келесі ұрпақтарда да жалғаса береді. Уақыт өткен сайын жұлдызқұрттар денесінің реңі барған сайын айналадағы орта түсіне үйлесе түседі.
Мимикрияның туындауын да осылай түсіндіруге болады. Дене пішіні,реңі, мінез-қылығы тұрғысынан қорғана алатын жануарлармен ұқсастығын азда болса күшейте түсетін тұқым қуалауға ыңғайлы особьтар пайдалы өзгеістері жоқ особьтарға қарағанда өмір сүріп ұрпақ қалдыруға мүмкіндік алады. Тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу әсерінен пайдалы өзгеріс ұрпақтан-ұрпаққа күшейіп,жетіле береді де, қорғана алатын жануарлардың ұқсастық белгілері жинақтала түсті.
Олардың әрбір бейімделумен бүкіл комплексі тіршілік үшін күреспроцесіндегі тұқым қуалайтын өзгергіштік пен ұрпақ қатарындағы сұрыптау негізінен қалыптасады. Организмдердің бейімделушілігі эволюциялық қозғаушы күшінің дәл сол тіршілік ету жағдайларындағы әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Даврин бейімдеушіліктің туындайтын Ламартың осы мәселесі мен пішіні ұғынуынан мүлде басқаша түсіндірілді.Организмдерінің бірімен-бірінің өзара бейімдеущілігін де, мысалы, жұмысшы балаларыныңтұмсығы тозаңдандыратын өсімдік гүлінің құрылысына сәйкес келуін былай түсіндіруге болады:жұмысшы балалар көбеймейді, ал балаларының аналықтары ұпақ таратқанымен де тозаң жинақталмайтын болғандықтан, тұмсығын «жаттықтыра» алмайды. Организмдердің тек пайдалы тұқым қуалайтын өзгерістерініңпайда болу жолымен ғана тікелей бейімделу теориясы сайып келгенде әуел бастан мақсатқасай келу түсінігінен туындайды. Оның эволюциялық қозғаушы күші туралы Давриннің идеалистік сипаты ілімі негізінде ашуға болады.
Организмдердің бейімдеушіліктердің салыстырмалығы. Организмнің құрылысы және атқаратын қызметінің мақсатқа сәйкестігіның тек сыртқы ортамен нақтылы жанасу арақатынасынан ғана білінеді.Организмнің тірі қалуына кез келген бейімдеушілік тек эволюциялық қозғаушы күш әсеріне қалаптасқан жағдайларда ғана жәрдемдесе алады. Бірақ осы жағдайлардың өзінде де ол салыстырмалы сипатта болады. Қысқы жайма шуақ ашық күні-ақ құр қардағы көлеңкесімен көзге түседі. Ормандағы қардан байқалатын
Орқоян қошқыл түсті ағаш діңдерінен тез байқалады.
Бақылаулар нәтижесінде жануарларда инстикті көптеген жағдайларда салыстырмалы тұрғыда ғана мақсатқа сәйкес болатынын көрсетеді. Түн көбелектері өлетініне қарамастан отқа қарай ұшады. Олар негігінде түнде жақсы байқалатын ашық түсті гүлдерден шірне жинайды,сондықтан олар инстинкт бойынша орқа үрлейді.
Дене мүшесінің арнайы бір бағытта ғана қалыптасуынан организм жойылп кетеді. Сұрқарлығаш қанаттары ұзын аяқтары өте қысқа болғандықтан, тегіс жерден бірден ұшып көтеріле алмайды.Олтек бір нәрсенің жиегімен ғана трамплин тәрізді тебініп барып ұшады.
Жануарлардың жеуіне бөгет боларлықтай өсімдіктердің бейімделуі де салыстырмалы құбылыс. Тікенекті өсімдіктерге әдетте сиырлар жоламағанымен, жантақты түйелер, ешкілер ашыққан ірі қаралар сүйсіне жейді.
Сан алуан түрлерге жататын организмдердің ,мысалы қынадағы балдырлармен саңырауқұлақтардың бірлесіп тіршілік етуі-селбесудің де пайдасы салыстырмалы ғана. Кейде саңырауқұлақ жіпшесі оның балдырлармен берлескен тіршілігін бұзады. Организмдерде қажетсіз мүшелер мен белгілер кездеседі.Мысалы жылқының қоламса сүйегі суға еш уақытта жоламайтын тау қазының саусақтары арасындағы жарғағы, маймыл мен адамда үшінші қабықтың сақталып қалуы. Міне,осылар және басқада көптеген фактілер бейімдеушіліктің абсолютты емес, салыстырмалы екенін білдіреді.
Адаптация үлкен екі топқа бөлінеді:
1.Қарапайым қорғаныштық адаптация —
а)бүркеніш рең;
ә)жасурушы рең;
б)сақтандырғыш рең;
с)қорғаныш рең;
Күрделі адаптациялардың мысалына тропикалық жерлерде тіршілік ететін шыбынжегі өсімдігін келтіруге болады. Ол шыбын-шіркейлермен қоректенеді. Қоректену аппараты күрделі дамыған. Қорегін ұстап қалу үшін арнайы сұйықтығын бөліп, шыбын өсімдіктің гүліне қонғанда, жабысып қалады, күлте жапырақшалары ине тәрізді болғандықтан шайнау қызметін атқарады.