Клетка инженериясы негізіндегі ең перспективалы биотехнологиялық бағыт моноклонды антизаттар алу. Моноклонды антизаттар өздерінің қасиеттері бойынша бір келкілікпен сипатталады және тек жалғыз ғана антигенмен байланыса алады. Осыған орай моноклонды антизаттардың вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, токсиндер, аллергендер және қатерлі ісіктер қоздыратын ауруларды тану және емдеу үшін үлкен практикалық маңызы бар.
Гибридомалар технологиясы негізінде моноклонды аитизаттар алу үлгісі төменде көрсетілген. Одан моноклонды антизаттар алу сома клеткалардың гибридизациясына негізделгенін байқау қиын емес.
Моноклонды антизаттарды әр түрлі ауруларды диагностикалау үшін қолданады. Әр түрлі рак, ҚИЖС, гепатит, оба т. б. көптеген ауруларға диагноз қоюда моноклонды антизаттар кең практикалық қолдану алуда. Гибридомалар технологиясының ветеринария үшін маңызы ұлғая түсуде. Мысалы, ірі қараның р24 лейкемия вирусы белогына қарсы моноклонды аитизаттар синтездйтін клеткалар культурасы алынды. Қазіргі кезде моноклонды антизаттар алу технологиясымен 500-ден астам компаниялар айналысады. Олар құны 5 млрд. долларға жуық биотехнологиялық өнім – моноклонды антизаттар өндіреді.