Бас бетБиологияӨсімдіктерді клондық микрокөбейту және сауықтыру
Өсімдіктерді клондық микрокөбейту және сауықтыру
Өсімдіктер биотехнолгия саласындағы ғалымдардың жұмыстары өнімінің шығымдылығын және оның қоректік құндылығының арттыруға, қолайсыз табиғи жағдайларға және әртүрлі фитопатогенді микроорганизмдер мен зиянкестердің әсеріне төзімділігін жоғарылатуға, сонымен қатар, мәдени өсімдіктердің әртүрлілігі мен генетикалық ресурстарын сақтау мәселелеріне бағытталған. Мәдени өсімдіктердің түрлерін және сорттарын көбейтудегі жаңа жетістіктер, өсісдік клеткаларын дақылдау әдістерін жетілдірумен байланысты болып келеді.
Мәдени өсімдіктердің сорттарын жақсарту. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа астық өнімдердің жоғары өнімді сорттарын шығаруда селекциялық жұмыстар жүргізіле бастады. Олардың нәтижесінде бидайдың (Мексикада), күріштің (Филиппинде), соргоның, сұлының, жүгерінің және т.б. астық тұқымдастарының жаңа сорттарының түрлері пайда болды. Бұл жаңа сорттарды жергілікті линиялармен шағылыстыру, өнімділігі жоғары және табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімді сорттарды алуға мүмкіншілік туғызды. 1970 жылдың ортасына бастап, қазіргі 100 жылдықтағы зерттеулер зиянкестер мен әртүрлі ауруларға, құрғақшылыққа төзімді жаңа өсімдіктерді селекциялау мен дақылдауға бағытталып отыр. Бұл зерттеулер тек шағылыстыру, айқас гибридизация және айқас шығылыстыру әдістеріне негізделіп қана қоймай, сонымен қатар өсімдіктердің биологиялық әртүрлілігін қамтамасыз ететін, молекулалық және клеткалық механизмдерге бағытталған әсер арқылы мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын алуды көздейтін, гендік инденерия әдістеріне және клеткалардың, протопластар мен ұлпалардың дақылдарын пайдаланатын жаңа технологияларға сүйенеді. Өсімдік обьектісіне бейімделген, рекомбинантты ДНҚ технологиясы – түр аралық шағылыстыруда кездесетін кедргілерге қарсы тұруға және ауруға шалдыққан өсімдік ұлпаларындағы вирустарды анықтауға мүмкіндік беріп, нәтижесінде, сау екпе материалды пайдалану арқылы сапалы құнды өнім алуға болады.
Ұлпалық және клеткалық дақылдарды пайдалану
Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық биотехнология саласының кейбір практикалық мәселелерді шешу үшін перспективті әдістерінің бірі — өсімдік клеткаларын дақылдау техникасы болып табылады. Мұндай клеткалар типті микрообъект болып табылады, сондықтан оларды өсіру кезінде микробиологиялық дәстүрлі әдістер мен құрал-жабдықтарды қолданылады. Олардың ерекшелігі in vitro жағдайында ұзақ уақыт өсірген кезінде, бастапқы өсімдіктердің негізгі генетикалық белгілері мен тотипотенттілігін сақтап қалады, Нәижесінде дақылданған соматикалық клеткадан өсуге және көбеюге қабілетті бүтін өсімдік пайда болады. Жыныссыз көбею әдісімен пайда болған өсімдікті атауға 1903 жылы АҚШ ғалымы Уэббер «клон» (грекше кlоп — өсімдікті көбейтуге қабілетті, сабақ немесе көшет) деген терминді ұынды.