Клеткалық дақылдар негізінде көптеген жаңа технологиялар жасалынуда:
Өнеркөсіптік әдіспен өсімдіктерден биологиялық активті бағалы заттар алу. Мұндай өндірістің негізінде клеткалық дақылдардың бастапқы өсімдіктің белгілерімен бірге, екінші реттік метаболиттерді синтездеуге қабілеттілігін сақтауы жатыр. Клеткаларды дақылдаудың жай плантацияларда өсірілген өсімдіктермен салыстырғанда бірнеше артықшылықтары бар:
- мутагенез, селекция және гендік инженерия әдістерімен жаңа клетка штамдарын алу мүмкіндігі;
- продуцент – клеткалардың өнімділігінің климаттық және маусымдық жағдайларға тәуелсіздігі;
- клеткаларды дақылдау жағдайларының стандартизациялау және оптимизациялау мүмкіншілігі;
- клетканың өсуі мен өнімділігін бақылау.
Әлемдегі көптеген елдерде жүргізілген ғылыми лабораториялардағы зерттеу жұмыстары клеткалық биомассаны өнеркәсіптік деңгейде алуды іске асырып отыр (Ресейде – женьшень, Жапонияда – шиконин және темекі – убихинон-10 продуценті воробейник). Мұндай өндірістің жоғары өнімділігі (тәулігіне бір литр қоректік ортадан 13 грамм құрғақ масса алу) және үлкені масштабтылығы дақылдау мүмкінділігі рентабельді екенін көрсетеді. 17-суретте мысал ретінде, мақта өсімдігін әртүрлі түспен өсіруге болатындығы көрсетілген.
Ұлпа және клетка дақылдарын өсімдіктерді сауықтыру және тез клональды көбеюі мақсатында пайдалану.
1949 жылы апикальды меристема (дифференцияланбаған клеткалардан тұратын, сабақ ұшында орналасқан әр қашан өсуші және өсімдік мүшелерін түзетін 0,1 мм-лі бөлік) вируссыз болып табылды. Меристема клеткаларының бөліну кезінде 5-6 жапырақты кішкентай өсімдіктер пайда болады. Бірнеше апта ішінде өскен сабақты 5-6 кішкентай кешеттерге бөлшектейді. Кейін осы көшеттерден, қолайлы жағдай жасау арқылы қалыпты өсімдік еседі. Клонды микрокөбейтудің техникасы көп еңбекті қажет ететін күрделі процесс. Бірақ, бұл әдісті пайдаланудың маңыздылығын арттыратын көптеген ерекшеліктері бар. Мысалы, таңқурайды осы әдіс арқылы өсіру кезінде, өсімдік саны жылына 50000-ға дейін жететін болса, ал қалыпты жағдайда 50 өсімдік алады. Ұлпалық және клеткалық дақылдау әдісі арқылы вируссыз картоп, бақшалық құлпынай, таңқурай, сәндік өсімдіктерді алу, әртүрлі өсімдік сорттары мен түрлерінің коллекциясын құру және сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдіктердің геномының пулын сақтау мақсатында қолданылады.
Клеткалық және гендік инженерия әдістерін пайдалану арқылы клетканы генетикалық өзгерту жөне оның негізінде өсімдікті алу.
Клеткалық және гендік инженерия негізінде клеткаға геномды, бір топ генді немесе жеке генді енгізу үшін келесі әдістемелік мәселелерді тексеру керек:
- генді бөліп алу (геномнан бөліп алу, синтез т.б.);
- өсімдік протопластарына қажетті гендерді енгізу үшін векторларды құру;
- экзогенді генетикалық материалды нуклеаза ферментінің әсерінен қорғау;
- өсімдіктерден функциональды активті протопластарды бөліп алу. Қарастырылып отырған әдіс өсімдіктердің әртүрлі фитопатогендерге төзімділігін арттыруда, өсімдік белогының аминқышқылдық құрамын жақсартуда тиімді болып саналады.