Сахароза дегеніміз гликозидтік байланыс арқылы қосылған α-D-глюкоза мен β-D-фруктозадан тұратын дисахарид. Оның практкиалық маңызы зор, табиғатта өте кең таралған дисахаридтердің бірі. Ол өнеркәсіпте қант қызылшасы мен қант қамысының шырынынан алынады. Көмірсу өсімдіктің бойына сахароза түрінде қозғалады деген мәліметтер бар. Ол өсімдіктің жапырағында, сабағында, тамырында, тұқымында, жемістері мен түйнектерінде кездеседі.
Сахароза β-фруктфурнаозидаза ферментінің әсерімен α-D-глюкоза мен β-D-фруктозаға ыдырайды. Бірқатар басқа ферменттердің әсерімен оның биосинтезі жүзеге асады. Микро организмдерден сахарозофосфорилаза ферменті табылған. Ал жоғары сатыдағы өсімдіктерде сахарозаның биосинтезі глюкозаның қалдығын тасымалдаушы сахарозосинтетаза және сахарозофосфатсинтетаза ферменттерінің жәрдемімен жүреді. Өсімдіктерде басқа да дисахаридтер – мальтоза, целлобиоза, лактоза кездеседі.
Крахмал. Төменгі сатыдағы өсімдік – балдырлардан бастап, жоғары сатыдағы қос жарнақтыларға дейінгі барлық өсімдіктерде фотосинтез процесі нәтижесінде түзілген көмірсу теза арада крахмалға айналады. Ол жапырақ мезофилінің клеткаларында жиналады да, ассимиляциялық крахмал деп аталады. Соңынан ол тез арада басқа заттарға немесе крахмал қорына айналады. Ассимиляциялық крахмал өсімдіктің жапырағынд, тұқымында, жімісінде, сабағы мен тамырында басқа заттарға айналады.мұндай өсімдіктердің жапырағында ассимиляциялық крахмал жоққа тән. Фотосинтез процесінің өнімдері оларда қарапайым көмірсу түрінде жиналады, сондықтан астық тұқымдастардың жапырақтары “қантты” жапырақ деп аталады. Ал крахмал олардың арнаулы мүшелерінде түзіледі. Жапырақ қынабы мен тұқым осындай мүшелер болып табылады. Гүлдеу кезеңінен бастап пісіп жетілудің соңына дейін мұнда крахмал жедел синтезделеді. Арпа, қарабидай, күріш дәндерінің толысу сатысында крахмалдың түзілуі жоғарғы жапырақтар мен масақтың ассимиляциялық қыбілетіне байланысты. Төменгі жапырақтардағы фотсинтез дәнде крахмалдың жиналуына әсер етпейді деуге болады.
Крахмал қоры әртүрлі пішінді крахмал дәндері түрінде сақталады. Крахмал дәндерінің ең ірісін картоптан, ал ең ұсағын қарамық пен күріштен байқауға болады. Крахмал дәндерінің пішіні әр өсімдіктің өзіне тән болады да, ұнның қандай өсімдіктен дайындалғанын, онда белгілі бір қоспалардың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Крахмал дәндері жай және күрделі болып келуі мүмкін. Олардың құрылысында бірнеше қабат бар екені жақсы байқалады. Оны электрондық микроскоппен жүргізілген зерттеулер растап отыр. Крахмал дәнінің бірнеше қабатты болып келуін оларды сумен және жапырақпен қамтамасыз ету жағдайлары тәулік ішінде ауысып отыруының салдары деп санайды. Тәулік ішінде крахмалдың бір қос қабаты түзіледі. Осы мәліметтің негізінде зерттеушілер: түзуші ферменттердің активтілігі тәуліктік ырғақтылыққа байланысты, сол себептен бір тәулікте түзілген крахмал бір қабат болып қалыптасады деген пікір айтады.
Әр түрлі өсімдіктерден алынған крахмалдың құрамы да түрліше. Ол амилоза мен амлопектин деп аталатын екі компоненттен құралады, ал бұл екеуінің құрамында түрлі мөлшерде α-D-глюкозаның қалдықтары бар. Амилозаның құрамында α-D-глюкоза қалдықтары өзара тек 1,4 байланыспен жалғасқан. Бір қалдықтың бірінші көімртегі гликозмдтік байланыс арқылы басқа глюкозаның төртінші көміртегімен жалғасуын 1,4 байланыс деп атайды.
Глюкоза қалдықтарының өзара осылайша қосылу тәртібінің нәтижесінде олар амилозаның тармақталмаған түзу тізбегін түзеді. Амилозаға қарағанда амлопектинде глюкоза қалдықтары өзара 1,4 байланыспен ғана емес, 1,6 байланыспен де жалғасады, сондықтан тармақталған тізбек салынады.
Целлюлоза өте кең таралған полисахарид, ол клетка қабықшасының негізін құрайды. Оның молекуласы 1,4 байланыспен өзара жалғасқан β-D-глюкозаның қалдықтарынан құралған. Целлюлоза молекуласындағы глюкоза қалдықтарының мөлшері 6000-нан 8000-ға дейін өзгеріп тұруы мүмкін, оның молекуласы бос күйінде кездеспейді. Целлюлозаның 2000 молекуласы бірігіп, түзу шоқтар түзеді. Бұл шоқтар клетка қабықшасының микрофибрилдері болып табылады. Ал микрофибрилдер өз кезегінде мкрофибрилдерге біріккен. Өсімдіктер клеткасында целлюлоза аденозиндифосфатглюкозаның қатысуымен синтезделеді. Плазмалемманың сыртқы беті мен Гольджи көпіршіктері целлюлоза биосинтезін жүзеге асыратын орын болып табылады. Өсімдіктерде маннан, ксилан, арабан деп аталатын полисахаридтер де кездеседі.