Кері байланыс.
Ал сабақтың тәрбиелік мәні, сабақтың мазмұнына сай анықталып, тәрбиенің барлық түрлерін қамтамасыз ететіндей, тәрбие мәселелерін шешу мүмкіншіліктерін анықтайтын болу керек.
Сабақтың дамытушылық мақсатына қойылатын талаптар, оқушылардың оқу – танымдылық, іздемпаздық, шығармашылық, қызығушылық іс — әрекеттерімен белсенділіктерін дамыту, сонымен бірге қоғамның дамуына сәйкес білім деңгейлерін жоғарылату.
Экскурсиялар — оқушылардың табйғй жағдайда өсімдіктер мен жа нуарлартіршіліктерімен танысуына мүмкіндіктер берді. Табиғатқа өндірістерге, мұражайларға, ауыл — шаруашылық қожалықтарына т.б. оъектілерде өткізіледі. Экскурсйялар сабақтың тақырыбымен тығыз байланысты. Топсеруендер түсініктер комплексне кіріспе немесе түсініктерді бекіту, нақтылау, тереңдеу, қортындылау үшін жүргізіледі. Экскурсйя кезінде бақыланған құбылыстар, объектілер, жинақталған материялдар сабақ кезінде көрсетіліп, қайталанады.
Әдептілікке және эстетикалық талғамға тәрбиелеу Үй жұмыстары — да сабақпен тығыз байланыста болады. Оқушылар үйде аса күрделі емес тәжрибелер орындап бақылауцлар жүргізеді.
Эксперимент – сипатындағы жұмыстар сабақтың мазмұны мен тығыз байланымта, оның қортындысы міндетті түрде сабақтадемонстрацияланады. Сабақ кезінде басталған практикалық жұмыстар аяқталмай қалған жағдайда үйде жалғастырады. (мыс: гүлдердің бөліктерін дәптерге жапыстыру, таблицалар толтыру, схемалар мен суреттер салу. Т.б.) жұмыстар.
Әсіресе оқушыларды қызықтыратын алдын – ала орындалатын үй жұмыстары, жаңа сабақ өту кезеңінде оқушы өз бетінше үйде орындаған жұмысының қорытындысын алып келеді, оқушының өзі немесе мұғалім үй жұмысын сабақтың мазмұнымен байланыстары отырып демонстрациялайды.
Үй жұмыстары мен сабақтың бір – бірімен тығыз байланысы жүйелі түрде биология курстары бойынша сабақтан – сабаққа жалғаса береді.