Фитоценоздың компоненттерінің қарым – қатынастарына негізделген организациялық формаларының структурасын оның функционалдық структурасы деп атайды (Миркин, Розенберг 1983) фитоценоздың функционалдық структурасының элементтеріне ценоячейка, синузия, консорция жатады.
Ценоячейка – туралы ұғымды фитоценоздың функционалдық структурасының қарапайым элементі ретінде В.С.Ипатов (1966) енгізді. Ценоячейка дегеніміз орта арқылы бір – бірімен тікелей қарым – қатынас жасайтын өсімдіктер тобы : мысалы, ормандағы ағаш және үстіндегі оның ықпал өрісіндегі өсімдіктер. Бір ценоячейкада барлық особьтар бір – біріне тікелей әсер етеді. Ценоячейкалардың шекаралары жоқ сырт көрінісімен көзге шалынбайды. Олардың бірін – бірі жабуы жер бетіндегі өсімдік жабынының үзіліссіз болуына себепкер болады.
Синузия – (грекше – Sinusia – бірге мекендеу, қауым терминін геоботаникада бірінші рет Швейцария геоботанигі Рюбель (1918) пайдаланды. Бұл термин Гамстың синузия туралы жұмысы жарияланғаннан кейін ғана геоботаникаға еніп кеңінен пайдалана бастады. Гамс синузияны экологиялық және биологиялық біркелкі түрлерден тұратын – біркелкі тіршілік орнына орналасқан өсімдіктер мен жануарлардың эколого –биологиялық бірлестігі деп түсінді. Гамс синузияны үш қатарға (категорияға) бөліп оларға сипаттама берді.
1 – қатардағы синузия – дербес өсімдіктер қауымы ішіндегі өмір сүретін особьтарының жиынтығы
2 – қатардағы синузия – дербес өмір сүретін бір тіршілік формасына жататын бір өсімдіктер қауымы ішіндегі әртүрлі түрлердің особьтарының жиынтығы.
3-қатардағы синузия – дербес өмір сүретін әртүрлі тіршілік формаларына жататын түрлер особьтарының жиынтығы. Олар белгілі – бір ортаның жағдайында бірге өсетіндігімен бір – бірімен байланысты.
Т.М.Д. мемлекеттерінде геоботаниктердің көпшілігі синузияны В.Н.Сукачевтың (1952) берген анықтамасына сәйкес түсінеді.
Сукачевтың берген анықтамасы бойынша синузия дегеніміз нақты түрлер құрамымен, осы түрлердің айқын экологиялық сипатымен кеңістікте жекеленген синузияны құратын өсімдіктердің жасаған ерекше фитоценотикалық ортасымен сипатталатын фитоценоздың структуралық бөлігі. Сукачев бойынша синузияның міндетті, негізгі белгілері болып оның кеңістікте бөлініп көрінуі және ішкі ортасының болуы.
Сукачевтың кеңістіктегі синузиясы Гамстың екінші қатарындағы синузиясымен және Т.М.Лимпааның бір ярусты өсімдіктер қауымымен синузиясымен сәйкес келеді. Т.М.Лимпаа (1946) синузияларды фитоценоздардың қарапайым структуралық бөлігі деп санады. Лимпаа бойынша фитоценоздар дегеніміз қарапайым синузиялар комбинациясы, ассоциациялар – синузия типтерінің комбинациясы.
Геоботаникада синузия туралы басқа да түсініктер бар мысалы В.В.Алехиннің (1928) ойы бойынша синузия деп атау үшін міндетті түрде олардың кеңістікте бөлінуі және ішкі ортасының болуы қажет емес. В.В.Алехин аралас жалпақ және қылқан жапырақтылар ағаштарының ішінде екі синузияны ажыратты. Шөптесін бұташықтар ішінде шөптесін бұташықтар синузиясын ажыратты. В.В.Алехиннің көзқарасы В.Н.Сукачевтің көзқарасына сәйкес келмейді В.Н.Сукачевтің синузияға берген анықтамасына сәйкес әрбір жақсы бөлінген ярус ерекше синузияның құрамына кіреді мысалы ерекше синузияларға трахеялы эпифиттер жиынтығын, лианаларды, эпифитті, қыналарды жатқызуға болады. Синузиялар ретінде қысқа уақыт өмір сүретін ярустарды құратын түрлер тобын бөлуге болады мысалы : көктемдегі орман эфемероидтары, өйткені олар уақыты бойынша жазда вегетациялайтын шөптесін өсімдіктер синузияларынан жақсы бөлінген, ал көктемдегі басқа өсімдіктерден экологиялық және ценотикалық ерекшеліктері бар. Кейбір жылдары болып тұратын синузияларды айтуға болады мысалы : шөлейт жерлерде жаңбыр көп болған жылдары пайда болған бір жылдық өсімдіктер синузиялары. Ормандардың синузиялары айқын ажыралып тұрады.
Фитоценоздарда синузиялар және ярустар әртүрлі принцип пен анықталады. Олар тек кейбір жағдайда ғана бір – бірімен сәйкес келеді. Ярус синузияға қарағанда фитоценоздың кеңірек структуралық бөлігі болып табылады. Ярустың ішінде бір – бірінен тіршілік формаларымен ажыратылатын бірнеше синузияларды бөліп көрсетуге болады мысалы : дала өсімдіктері қауымының ярусында астық тұқымдастар синузиясын тамыр сабақты астық тұқымдастар синузиясын кіндік тамырлы қосжарнақтылар синузиясын т.б. ажыратуға болады. Ярус бірнеше синузиядан тұруы мүмкін, ал синузия барлық уақытта бір ярусты. Синузия көбінесе екі немесе одан көп бір тіршілік формасына жататын түрлерден құралады.