Фитоценоздардың динамикасы

Өсімдіктердің қауымы өте динамикалық құбылыс. Фитоценоздар структурасының кері дамымайтын, қайталамайтын ішкі және сыртқы себептерге байланысты өзгеруін фитоценоздардың динамикасы деп аталады. Көптеген алмасулар фитоценоздар динамикасына себепкер болады. Қарапайым алмасуларды топтастырғанда (сукцессия) бір фитоценоздың орнын екінші фитоценоз басып алмастыруы, фитоценоздар эволюциясы және каталиклизмдер (астан –нестен өзгеріс) олардың бірі бөлімдері. Күрделі алмасулардың компоненттері болып фитоценоздар эволюциясы, сингенез (гр. Syn – бірге qenesis – шығу) және галогенез 4гр. holos – түгел, qenesis – шығу – табиғи және антропогендік факторларға байланысты түгел ландшафтық даму процессінің салдарынан болатын антропогендік сукцессия) жатады.

Күрделі алмасулардың алғашқы этаптарында аллогендік (сыртқы себептер), ал соңғы этаптарында автогендік (ішкі себептер) өзгерістердің маңызы зор. Күрделі алмасуда барлық қарапайым алмасулардың ішінен үлкен роль атқаратындары эндоэкзогенез, гологенез, шамалы роль атқаратындары – сингенез және эволюция.

Қарапайым алмасулардың топталуы.

Ғалымдар Б.М.Миркин.,Г.С.Розенберг (1978), Сукачев 1954, Ярошенко 1961 жұмыстары негізінде өсімдіктер жабынындағы қарапайым алмасулардың топтасуын (классификациясын) берді. Алмасуларды топтастырғанда оның ең ірі бөлігі ретінде алмасу класы қабылданған. Бірінші класс – фитоценоздардың эволюциясы – бұған кіретін өзгерістердің нәтижесінде табиғатта бұрын болған фитоценоздар типі қалыптасады. Екінші класс – сукцессия -өзгерістер ақырындап жүреді соның нәтижесінде өсімдіктер жабынының басқа учаскелерінде кездесетін фитоценоздар пайда болады.

Үшінші класс – катаклизмдер (астан – кестен өзгеріс) – бұлардың табиғаты басқа өсімдіктерге кенеттен кейбір факторлардың әсер етуі нәтижесінде болады. Соның салдарынан бұрын тіршілік етіп жатқан фиоценоз жарым – жартылай немесе түгелдей жоғалады.

Фитоценоздардың эволюциясы

Фитоценоздардың эволюциялық класы екі типке бөлінеді :

1). Флорогенез (лат flora-гүлдермен көктемнің құдайы, дене sis

– шығуы)

2). Фитоценоз (грек fito – фитоценоз, qenesis — шығуы) – фитогенез – фитоценоздар дәрежесінде сұрыптау жұмысының нәтижесінде өсімдік түрлерінен қиыстырып өсімдіктер қауымын құрастыру деп түсінуге болады. Өсімдіктер эволюциясы кезінде түрлердің саны көбейеді. Флорогенез түрлердің экологиясының және биологиясының бөлшектенуі арқылы өтеді. Флорогенез және фитоценогенез типтері антропогендік және табиғи тармақтарға бөлінеді. Антропогендік тип тармағы саналы және стехиялы варианттарына бөлінеді. Адам саналы еңбегінің нәтижесінде өсімдіктердің жаңа түрлерін шығарады, жаңа сорттарды жергілікті жерге енгізеді. Ал стехиялы антропогендік эволюция жергілікті жерге кездейсоқ өсімдіктің жаңа түрлерінің келіп қалуын, интродуценттердің жабайылануынан немесе радиация дәрежесінің көбеюінен өсімдіктердің жаңа түрлерінің шығуынан болады. Б.А. Быковтың (1978) анықтамасы бойынша фитоценогенез – фитоценоздардың эволюциясы. Бұл эволюция фитоценоздардың құрамына кіретін өсімдіктер қауымының жаңа типтерінің (асоциациялар, формациялар) пайда болуына алып келеді. Фитоценогенез келебриде балдырлардың құрылыққа шығуынан басталған.

Сукцессия.

Сукцессия (лат. succesis – орнын басушылық, жалғастырушылық) – белгілі – бір учаскеде бір фитоценоздардың тіршілік ететін орында екінші бір фитоценоздардың алмасуы. Нәтижеде бірте- бірте кері дамымайтын 10 жылдан астам осы ауданда кездесетін фитоценоздар типтес қауымдастықтар қалыптасады. Сукцессия терминін американ фитоценологі Каулс 1901 жылы енгізген Американ ғалымы Келментс сукцессияның екі типін ажыратады. 1). Бұрын өсімдіктер болмаған субстратта фитоценоздардың пайда болуынан басталады. 2. бұрын өсімдіктер болған бірақ әртүрлі себептерге байланысты жойылып кеткен жерден басталады.

Бірінші сукцессия кезінде процесстер : субстраттың құрылуы, өсімдіктер миграциясы, олардың жаңа жағдайға үйренуі.

Екінші сукцессиялар бұрын өсімдіктер болған бірақ кейбір сыртқы факторлардың әсерінен жойылып кеткен жерден басталады. Олар біріншіге қарағанда көп жағдайда 5-7 рет қысқарақ.

Сукцессия әртүрлі сатылардан тұрады. Прогрестік сукцессиялардың соңғы сатысы болып климакс саналады. Сукцессия өсімдіктер динамикасының ең көп тараған формасы ретінде ішкі (автогенді және сыртқы) (аллогенді) себептерге байланысты болады.

Автогенді сукцессиялар сингенез және эндогенез жатады. Сингенез (грек. Syn – бірге, qenesis – шығу) — өсімдіктер қауымының құрамы және структурасы, олардың орналасуына көбеюіне жандануына байланысты — өзгерісіндегі фитоценоз дамуындағы күрделі алмасудың бір компоненті.

Эндогенез (грек. еndon – ішінде, oikos – үй, qenesis – шығу) — өсімдіктердің тіршілік әрекеті нәтижесінде ортаның өзгеруі салдарынан өсімдіктердің өзгеруі. Эндоэкзогенез өсімдіктер қауымының тұрақтылығын, биомасса қорын, тіршілік формаларының әртүрлілігін арттырып ценопопуляциялардың әдеттегі қарапайым типінің қалыптасуына алып келеді.

Каталиклизмдер – (грек. Kataklae – сындыру, қарату – сыртқы табиғаттың немесе ортаның антропогендік әсерінен өсімдіктер қауымының структурасының секірмелі (кенеттен) өзгеруі фотосинтездер динамикасының бір формасы каталиклизмдер тек қанааллогенді (фитоценоздардың сыртқы ортаның әсерінен өзгеруі) бола алады, себебі фитоценоздар өзін — өзі күйрете алмайды. Фитоценоздардың күйренуі барлық уақытта сыртында орналасады.