Экологиялық факторлардың әсері нәтижесінде өсімдіктің айқын сырт көрінісі, кейпі, оның тіршілік формасы қалыптасады. “Тіршілік формасы” деген термин бірінші рет Варминг (1884) ұсынды. Ол өмір бойы сыртқы ортамен үндестікте болатын индивидтік денесінің формасын тіршілік формасы деп атады. Тіршілік формаларының классификациясының ішінде дұрыс қабылданып, көп тарағаны Рауникер классификациясы. Ол тіршілік форманың негізіне жылдың қолайсыз уақыттарына өсімдіктердің шыдап ерекшеліктерінің ішінен бір белгісі ретінде тоқтаған (жаңару) бүршіктердің немесе су бетінде қатысты орналасуына байланысты тіршілік формаларын 5 топқа бөледі :
1). Финерофиттер – Р – бүршіктері топырақ бетінен 30см және одан жоғары ауада орналасқан.
2). Хамефиттер (сһ) – қолайсыз кезеңде бүршіктері топырақ бетіне жақын
(20-30см) орналасқан.
Мысалы су жеткіліксіз болса, оны қор заттың мөлшерін көбейтумен орнын толтыруға болмайды. Жылылық жеткіліксіз болса, басқа факторлармен толтыруға болмайды.
Экологиялық факторларды абиотикалық және биотикалық факторларға бөлінеді : негізгі, басты экологиялық факторлар бір – бірімен тығыз байланысты. Әдетте олардың біреуінің өзгерісі басқаларының өзгерісіне әкеледі.
Белгілі фактордың екі мөлшері (максимум, минимум) биологиялық процестің осы факторға қатысты толеранттылығының (tolerant – шыдамдылық) шекарасы болып табылады. Түрлер стенобионттар және эврибионттарға бөлінеді.
Стенобионттар (stenos – тар, bios — өмір) ортаның салыстырмалы тұрақты жағдайында өмір сүруге қабілеті бар экологиялық бейімделу.
Эврибионттар (eurus – кең және bіоs — өмір) әртүрлі жағдайда өмір сүруге қабілеті бар экологиялық бейімдеушілікке ие организмдер. Эвритермді түр – температураға қатысты болып, кең амплитудалы жағдайда өмір сүре алады. Стенотермді – температураның өзгермейтін қысыққа жағдайында өмір сүре алады.
Биотоп – төменгі тіршілік, бөлшек, белгілі – бір түрдің барлық генетикалық туыс особьтарының жиынтығы. Түр көптеген биотоптардан тұрады, биотипте бір – бірінен анық ажыратылады (жапырақ ерекшелігімен, жемістер түсімен, гүл шоғыры құрылысынан).
Ценопопуляция –ортаның белгілі – бір нақтылы жағдайында өмір сүруге қабілеттілігі бар биотиптер топтарын популяция деп атайды. Бұл бір түр особьтарының белгілі топтары, олар генетикалық біркелкі емес өйткені ол биотиптер жиынтығынан тұрады.
Экотип –(оікоs – үй typos — тип). Экотиптер өсімдіктердің мекен — жайының экологиялық факторларының комплексті әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Экологиялық факторлардың ішіндегі негізгісі : климаттың эдафикалық биотикалық факторлар. Соған байланысты экотиптерді климаттық, эдафикалық және ценотикалық топтарға бөледі. Өсімдіктері ұқсас тіршілік орындары жанама әсер ететін факторлардың әртүрлілігіне қарамастан биологиялық бірдей (тең бағалы) немесе ұқсас орындар деп аталады.