Өсімдіктер жабындыларын картаға түсіру геоботаника ғылымының бір бөлігі. Өсімдіктер жабындарын картаға түсіру өз кезегінде геоботаниканың кейбір бөлімдерінің (өсімдіктер жабындыларының классификациясы, динамикасы, геоботаникалық аудандастыру, фитоценоздар географиясы) дамуына жағдай жасайды. Қазіргі геоботаникалық карталар картаға түсірілетін территорияларының өсімдіктер жабыны туралы мәліметтерге (құрамы, структурасы, динамикасы, тарихы географиясы) олардың табиғи факторлармен байланыстылығы оларды талқылап ботаника – географиялық проблемаларды шешуге мүмкіншілік береді.
Барлық геоботаникалық карталар толықтығына, дәлелдігіне және масштабына қарай төртке бөлінеді :
- масштабты карталар, масштабы 1 : 500000
- орта масштабты карталар, масштабы 1: 300000 – 1:100,000
- ірі масштабты карталар, масштабы 1:50000 – 1:10,000
- толық дәл карталар және пландар масштабы 1:50000 –1:500
Әртүрлі масштабтағы карталарға өсімдіктер жабынының
әртүрлі категориялары түсіріледі. Барлық геоботаникалық карталар мақсатына қарай, бірнеше кластарға бөлінеді : биоэкологиялық жіктеудің негізінде өсімдіктер жабынының ерекшеліктері туралы мәліметтер беретін карталар (картаға берген сөздер жазылады).
Генетикалық немесе география – генетикалық жіктеудің негізінде өсімдіктер жабынының ерекшеліктері туралы мәліметтер беретін карталар.
Өсімдіктер жабындарының кейбір жеке ерекшеліктері туралы мәліметтер беретін арнайы карталар мыс : мал азықтары, жалпы өсімдіктер- қорлары туралы карталар.
Өсімдіктер жабынын картаға түсіру әдістері әртүрлі
Фитоценоздарды толық дәл түсіруді территорияны алдын – ала квадраттарға бөліп қазық (пикст) қағып белгілеп алып бастайды. Ірі және орта масштабқа түсіруге топографиялық карталар пайдаланады. Бұл жағдайда топографиялық картаға алдын –ала рельеф ерекшеліктерін ескере отырып паралельді (қатар маршруттарда сызып алып барып картаға түсіреді). Қазіргі уақытта геоботаникалық картаға түсіруде аэрофотосъемка кең пайдаланылады. Аэрофотосъемка дегеніміз жер бетін ауадан суретке түсіру. Ол үшін аэрофотоаппараттан 1: 200 –ден 1:100000 масштабта суретке түсіріледі. Соның нәтижесінде алынған фотоаппараттар геоботаникалық картаға түсіруде негізге алынады.
Геоботаникалық карталар геоботаникалық аудандастырудың ғылыми негізі болып табылады. Геоботаникалық аудандастыруды дамыту және геоботаникалық картаға түсірумен тікелей байланысты.
Барлық ботаникалық карталар екі топқа бөлінеді : флоралық және өсімдіктер жабынының картасы. Өсімдіктер жабынының карталары өз кезегінде геоботаникалық немесе өсмдіктер қауымының карталары.
Геоботаникалық карталар мақсатына және жасалу принциптеріне байланысты екі категорияға бөлінеді
1) Универсальды
2) Арнайы универсальды
Геоботаникалық карталар өсімдіктер жабынының бөлшектерінің табиғи қалыптасу процессі кезінде құрылып жер бетінде таралуын көрсетеді.
Универсалды геоботаникалық карталарды қалпына келген өсімдіктер жабыны карталары және қазіргі кездегі өсімдіктер жабыны карталары деп екіге бөледі. Қазіргі кездегі өсімдіктер жабыны туралы карталар өсімдіктер жабынын пайдалануға байланысты проблемаларды шешуге пайдаланылады. Қалпына келген өсімдіктер жабыны туралы карталар экологиялық жағдайды бағалауға және әртүрлі палеографиялық мәселелерді шешуге қажет.
Универсал карталар синтетикалық және аналитикалық болып бөлінеді. Синтетикалық геоботаникалық карталар жасау үшін өсімдіктер жабыны толық картаға түсіріледі. Мақсаты әртүрлі. Аналитикалық карталардың қосалқы маңызы бар. Ол карталар кейбір жеке өсімдіктер қауымдарын олардың топтарын көрсетеді. Бұл карталар мәлімет және монографиялар үшін жасалып әртүрлі салыстырма жұмыстар үшін пайдаланады.
Арнайы геоботаникалық карталардың универсал карталардан айырмашылығы, оларда шаруашылықтағы маңыздылығы туралы түсініктемелер беріледі.
Арнайы геоботаникалық карталар оларды шаруашылықта пайдалану бағытына байланысты төмендегі типтерге бөлінеді.
1). Мал азығы карталары
2). Индикациялық карталар
3). Ормандар картасы
4). Өсімдіктер қоры туралы карталар
5). Медико – географиялық карталар т.б.
Мал азығы туралы карталар мал азығы үшін пайдаланатын жерлердің өсімдіктер жабынының практикалық маңызы бар структуралық биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін белгілейді.
Индикациялық карталар – ортаның факторларымен, табиғат құбылыстарымен (жер асты суы, пайдалы қазбалар, топырақтың физикалық – химиялық құбылыстарымен ерекше байланыстарын анықтап;) келетекте өсімдіктер жабындары арқылы оларды іздеуге мүмкіншілік береді.
Ормандар туралы карталар — әртүрлі ағаш өсімдігі тұқымдарының орналасу ерекшеліктері туралы түсінік береді. Бұл орман шаруашылығын дұрыс жоспарлауға қажет.
Өсімдіктер қоры карталары — өсімдіктер қорын дұрыс пайдалану үшін түрлі өсімдіктер қорларын карталарға түсіреді.
Медико – география проблемаларын шешуде мыс : кейбір сұрауларды табиғи ошағын зерттегенде, курорттарды орналастыру жұмыстарында (медико – географиялық карталар түзіледі). Өсімдіктер жабындарының классификациясын негізге алып, карталарға легенда жасалды.