Раменский (1938) фитоценоздар теңбілдігін экологиялық, фитоценотикалық және эпизодтық (ауық — ауық) деп бөлуді ұсынды.
Т.А.Работков (1972) теңбілділіктің (мозайканың) жеті түрін ажыратуды ұсынды.
1) Эдафикалық, эдафотоптық біркелкі еместігіне байланысты (жердің тегіс еместігіне)
2) Эпизодтық өсімдіктердің ұрық бастарының таралуының және олардың өскіндерінің өсіп жетілуінің кездейсоқтығына байланысты
3) Ценобиотикалық өсімдіктердің бір түрлерінің екінші түрлеріне әсер етуі әсіресе ортаның өзгеруі арқылы, рельефтердің пайда болуы.
4) Клоналдық кейбір өсімдіктердің вегетативтік көбеюінің ерекшеліктеріне байланысты бір – біріне жақын орналасқан бір түр жататын дербес организмдердің клоналар пайда болуы.
5) Зоогендік ценоздардың зоокомпоненттердің әсерінен микрорельефттердің пайда болуы, ортаның өзгеруі.
6) Антропогендік адам әрекетінің жергілікті әсеріне байланысты (орманды таңдап ағаштарды кесу, от жағу т.б.).
7) Экзогендік жел, су тағы басқа сыртқы факторлардың фитоценозға әсері. Фитоценоздардың мозайкалылығының, эпизодтық ценобиотикалық, клональдық формаларын мозайкалықтың бір типіне біріктіріп фитогендік деп аталады. Мозайкалықтың фитогендік түрі фитоценоздардың барлықтарында кездеседі.
Теңбілділік – оның түрлері және айқындылық дәрежесі- фитоценоздардың өте маңызды белгісі болып табылады. Көптеген фитоценоздардың теңбілділіктерінің ерекше белгісі олардың динамикалылығы (қозғалыстығы немесе өскінділігі) уақыт өткен сайын бір микротоптың басқаларымен ауысып тұруы.
Фитоценоздың геометриялық структурасы.
Фитоценоздардың өнімділігінің үлгісін жасау үшін олардың геометриялық структурасының бейнесін білу қажет. Фитоценоздардың геометриялық структурасы дегеніміз – фитоценоздағы өсімдіктер жапырақтарының тіршілік ету орнына бейімделуіне байланысты кеңістікте орналасуы. Фитоценоздардың геометриялық структурасы олардың құрамындағы өсімдіктердің белгілі – бір биіктікке және кеңістікке бейімделген жапырақтарының белгілі – бір көлем мөлшеріндегі аумағымен сипатталады.