Түрлер санына қарап фитоценоздар флоралық қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым фитоценоз бір немесе аздаған түрден құралған, күрделі – бірнеше түрлерден құралған. Өте қарапайым фитоценоз бір түрден құралған болады олар табиғатта кездеспейді. Екпе егінді өсімдіктер, топырақ бактерияларының кейбір топтарында болуы мүмкін.
Флоралық күрделі фитоценоздарда өсімдіктер түрлері көптен кездеседі олар экологиялық – биологиялық жағынан түрліше болады. А.А.Гросгейм (1929) фитоценоздарды бір түрден тұратын аггрецация, бірнеше экологиялық топ бір түрден тұратындарды аггломерациялық фитоценоздар деп бөлген. Көп түрлі фитоценоздар ылғалды тропикалық ормандар өсімдіктерінде кездеседі мыс : Африка орманының 100м2 да 100 түрден көп өсімдіктер кездеседі, ағаш шөптесін өсімдіктер, бұталар т.б.
Фитоценоздарды флоралық тығыздығы (байлығы)
1.Фитоценоздар мекендейтін территориялардан физико – географиялық және тарихи жағдайына
2.Эдафикалық (топырақ) жағдайларға
3.Экологиялық режимнің тез өзгеруіне
4.Биотикалық факторлар
5.Фитоценоздағы және компоненттердің ерекшеліктеріне байланысты
Өсімдіктер қауымдастықтарын үйренгенде белгілі – бір көлемдегі территорияда өсімдіктердің флорасын (түрін) анықтауы керек. Бұл территорияда фитоценоздың жалпы характері тұтас белгіленуі шарт. Өсімдіктер қауымдастықтарын үйрену оңай іс емес ол үшін систематиканы жақсы білу керек (балдыр, саңырауқұлақ микрофлора т.б.).
Қазіргі заманғы геоботаникада өсімдіктер қауымдастықтары жазу және өсімдіктер түрлерін жазуда көзге көрінетін өсімдіктер түрлері алынады. Өсімдіктер қауымдастықтарын үйренуде 4-10м2 мекен – жай алынуы керек. Фитоценоздардың түрлерін анықтаудағы территория түрлі өсімдіктер топтарында түрліше алынуы мүмкін мыс : мүк қауымдастықтары үшін 0,25-0,50м2 шалғын өсімдіктері үшін 100м2 болады (О. Веснов 1936).
Фитоценозда өсімдіктердің сандық қатынастары және оларды үйрену.
Өсімдіктер қауымдастықтарының флорасының толық тізімі
Қауымдастықтардағы өсімдіктер түрлерін анықтайды. Қауымдастықтарда әрбір өсімдік түрлері бір түрлі жағдайда өмір сүрмейді (фитосреда) нәтижеде өсімдік түрлерінің сандық қатынасы пайда болады. Түрлердің сандық қатынасы негізгі фитоценоз белгісі есептелінеді. Түрлердің өзара сандық қатынасы фитоценоздарда төмендегіше характерленеді.
- Түрлердің сандық мөлшерін көзбен көру арқылы бағалау
- Өсімдік қауымдастықтарында санап көру арқылы бағалау
- Қауымдастықтардың территориясын анықтау
- Өсімдіктер массасын (жер үсті, жер астын) өлшеу арқылы анықтау
- Өсімдік түрлерін көлемдік анықтау
Геоботаника пәнінде өсімдіктердің түрлерінің кездесуін бірнеше
әдістемелермен анықтайды. Солардың ішінде Ресей Геоботанигі
— О. Друденінің 6 баллдық шкаласы көбірек пайдаланылады. Друде шкаласы көзбен бағдарлау жолымен үйреніледі.
Өсімдіктердің тығыздығын Друде шкаласымен анықтау.
Друде бойынша | По шестибалльной системе | |
Цифровой | Словесной | |
Sociales (Soc) | 6 | Көп (өте) басымдық белгілері бар түрлер бойынша |
Copiosus Cop3
Cop2 Cop1 |
5
4 3 |
Тарқалған –көп
Әр жерде таралған – көп Кездеседі азырақ |
Sparsus (sp) | 2 |
Аз кездеседі |
Solitarus (sol) | 1 | Өте аз кездеседі |
Өсімдіктер жабындылары.
Өсімдіктер жабындыларының территорияларын анықтау өсімдіктер түрлерінің қатынасын және олардың маңыздылығын анықтауда негізгі міндет. Өсімдіктер жабындылары территориясы немесе проекциялық жабындылық деп жеке немесе өсімдіктер қауымдастықтарының жер бетіндегі жабындылығы түсініледі. Ол белгілі территорияда 100% жалпы жабындылықтың мөлшері түсініледі мыс : өсімдік жабындалған мекен жай 70 % болса, 30% жабындалмаған болады (жоғарыдан көрінгенде).
Өсімдіктер жабындылығында басым түрлер басым –доминант түрлер деп атайды. Өсімдіктер жабындылығы м2 мекен – жайдағы өсімдіктер санымен анықталынады. Олардың ішіндегі доминант түрлер анықталынады. Проекциялық әдістеме көбірек шөптесін өсімдіктерге тиісті болып оны Л.Г. Раменский жаратқан. Өсімдіктердің проекциялық жабындыларын 10 –баллдық шкаланы қолдану арқылы анықтауға болады.
Өсімдіктер жабындыларының проекциясы.
10-балл шкала
Баллдар | Өсімдік қауымдастықтары жабындану характеристикасы | Жабындану
% -пен |
10 | Толық жабындану | 100-90 |
9 | Өте үлкен жабындану | 90-80 |
8 | Үлкен жабындану | 80-70 |
7 | Үлкенірек жабындану | 70-60 |
6 | Орта жабындану | 60-50 |
5 | Сиректенуі | 50-40 |
4 | Күшті сиректену | 40-30 |
3 | Аз жабындану | 30-20 |
2 | Өте аз жабындану | 20-10 |
1 | Жабындану жоқ дәрежеде | 10-нан аз |
Өсімдіктер массасын анықтау, салмақтық қатынастар.
Өсімдіктер қауымдастықтары үшін биологиялық характеристика беруде олардың биомассаларын және түрлерінің салмақтылық қарым – қатынастарын анықтаудың маңызы бар.
Өсімдіктер қауымдастықтарында шаруашылық және биологиялық өнімділігі бар. Жалпы биологиялық өнімділік деп өсімдіктердің ауада құрытылған жер асты және үстка массалары түсініледі.
Шаруашылық өнімділік деп анық алынған органикалық масса (белгілі – бір территориядан) түсініледі. Мұнда өсімдіктердің шаруашылықта керекті болған биомассасы, өнімі өлшенеді.
Фитоценоздардың өнімділігі және салмақтың қатынасы түрлер ара және топтарда өлшеу арқылы анықталынады (белгілі территорияда). Шөптесін өсімдіктерде 1м2, 10м2 өлшеніп гектарға айланады. Өсімдіктердің көк массасын соң оны құрыту олардың құрамындағы судың мөлшері анықталынады.