Фитоценоздардың флоралық құрамынан басқа елеулі белгісінің бірі олардың құрамына кіретін түрлердің сандық ара қатынасы. Әдетте бір түр немесе бірнеше түрлер фитоценоздың қасиетін анықтауда басымдылық көрсетеді. Қалған түрлердің бұған онша қатысы болмайды. Түрлердің бұл екі тобы арасында ауыспалы түрлер жиі кездеседі. Түрдің фитоценоздағы роліне баға беру үшін оның мүшелерінің массасын анықтайды. Түрдің фитоценоздағы орнын білу үшін оның жер үстіндегі және жер астындағы массасын анықтауынан үстін болады. Шөптесін өсімдіктерде керісінше өсімдіктердің жер асты массасы жер үсті массасынан көп.
Тропикалық ылғалды ормандарда үстемдік жасаушы өсімдік қауымын жасаушы өсімдік түрлерін білу өте қиын. Дегенмен көптеген фитоценоздарда бір немесе бірнеше түрлер фитоценозды құрауда басқа түрлермен салыстырғанда бірнеше түрлер фитоценозды жасауда басқа түрлермен салыстырғанда басымдық көрсетеді. Ондай түрлерді доминанттар деп атайды. Санына қарай моно және полидоминантты болып бөлінеді.
Егер доминанттардың жер бетіндегі мүшелері көп жылдық болса олар әдетте тұрақты болады. Шөптесін өсімдіктердің доминанттары тұрақты болмайды, олар вегетациялық маусым кезінде және жыл сайын көп жағдайда өзгеріп отырады. Сондықтан маусым сайын және жыл сайын өзгеріп тұратын доминанттар болады мысалы : эфемерондтар көктемде ал сыть Аlqopodium/ жазда үстемдік жасайтын маусым сайын өзгеріп тұратын доминанттар қатарына жатады. Көп доминантты шөптесін фитоценоздарда ауа райының жағдайына байланысты жыл сайын доминанттар ауысып тұрады.
Шөптесін фитоценоздарда түрлердің қатысын жер үстіндегі мүшелерінің массасын анықтау арқылы біледі. Соның нәтижесінде тұрақты және тұрақсыз доминанттарды ажыратады. Тұрақты доминанттар жыл сайын жер үстіндегі мүшелер массасының
90-95% беріп отырады мыс : қамыс, суда өскен фитоценоздарда, көп доминантты фитоценоздарда бірігіп басымдық жасайтын түрлерді кондоминанттар деп атайды.
Күрделі фитоценоздарда түрлердің басым көпшілігі доминанттар емес. Доминант емес түрлердің кейбіреулері осы фитоценоздың өткен дәуірін немесе келешек даму стадиясын көрсететіндер тобына жатады. Бірінші топқа жататын түрлер бірте – бірте фитоценоздардан жойылады, ал екінші топқа жататындардың рөлі арта береді, кейбіреулері доминантқа айналады.
Фитоценоздардағы ценотикалық маңыздығы әртүрлі түрлер тобын фитоценотиптер деп атайды. Фитоценотиптер биоценозда тұрақты орын алуға биологиялық мүмкіншіліктері бірдей түрлер жиынтығы. Фитоценотиптердің әртүрлі классификациялары бар. Кең таралғаны В.Н.Сукачев (1924), Л.Г. Раменскийдің (1938),
Б.И. Быковтың (1966) классификациялары.
В.Н.Сукачев (1928) фитоценотиптердің екі негізгі тобын ажыратады :
1). Эдафикаторлар – қауымды жасаушылар, құрушылар
2). Ассекторлар –қауымды жасауға қатысушылар. Эдафикаторлар екіге бөлінеді : аутогокда – табиғи, дегресивтілер – адам және жануарлар әсерінен бұзылған қауымды құрушылар. Л.Г.Раменский (1938) түрлерге сәйкес популяцияларды үш түрлі фитоценотиптерге бөледі.
1). Виоленттер (Violent – лат –күштілер)
2). Патименттер (patiens – төзімділер)
3). Эксплеренттер (ехрlera – орындаушылар Б.А.Быков (1966) өсімдік, жануарлар, микроорганизмдерді қамтитын ценотиптерді 5 типке бөледі).
1). Кондоминанттар
2). Доминанттар
3). Субдоминанттар
4). Эзодоминанттар
5). Ингредиенттер
Кондоминанттар, олардың екі – көп түрлі ценопопуляциялары қауымның негізгі бас қабатын құрады
Доминанттар, олардың әрқайсысының популяциялары қауымның негізгі бас қабатын құрады
Субдоминанттар : олардың популяциялары қауымның негізгі емес, болмашы қабатын жасайды
Эзодоминанттар : олардың популяциялары доминанттармен субдоминанттардың консорцияларында, сонымен қатар микроценоздарда ең маңыздылары болып табылады (мысалы қарағай жібек құрты, нағыз қарағайдың консорциясында)
Ингредиенттер – қауымның басты және басты емес қабаттарындағы басқа қатысушылар.
Біздің елімізде (бұрынғы ССРО) күрделі өсімдіктердің 20000 – нен аса түрі бар. Солардың ішінде доминанттары шамамен 14000 (Быков 1963). Бұдан еліміз флорасындағы өсімдік түрлерінің 7% ғана фитоценоздарда доминанттар екенін, қалған 93% доминанттар емес екендігін көреміз.