Фитоценоздардың құрамы

Белгілі – бір районның өсімдіктерін зерттегенде оның флорасы мен жалпы танысып қоймай, әрбір фитоценоздың және әрбір ассоциацияның флоралық құрамына баса көңіл аудару керек. Ассоциация (аssociation – қосылу, қосылған) — өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация дегеніміз – белгілі –бір орында табиғи пайда болған, белгілі құрамды, тіршілік жағдайы біркелкі қауым.

Фитоценозды зерттеуді : оның флоралық құрамын анықтап, өсімдік түрлерінің

тізімін жасаудан бастау керек. Флоралық құрам –фитоценоздардың маңызды белгісі. Көп жағдайда оған сипаттама бергенде тек қана күрделі өсімдіктерге және қыналарға көңіл бөледі. Олармен бірге саңырауқұлақтар және балдырларды қатынасады оларға да көңіл бөлу керек.

Өсімдіктер қауымдарына терең талдау жасау үшін және әртүрлі қауымдарды

бір – бірімен салыстыру үшін олардың флоралық құрамын флоралық байлығын және флоралық толықтығын білу өте қажет.

Флоралық құрамы.

Фитоценоздың флоралық құрамы деп онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығын айтамыз. Фитоценозға кіретін әрбір түр биотопты жасауға өзінше ат салысады. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан қауым туралы толық мәлімет алу оның флоралық құрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білуді қажет етеді. Сонымен қатар толық жетілген және жас өсімдіктерді, өскіндерді де есепке алу керек. Көптеген өсімдіктер қауымдарында, әсіресе оңтүстік аудандарында (дала, шөл) өсімдік түрлерінің дамып жетілуі, вегетациялық кезеңдері бір мезгілде өте бермейді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін ондағы түрлер тізімін алу (инвентари) вегетациялық кезеңде екі (көктем, жазда) немесе үш (көктес, жаз,күз) рет жүргізген дұрыс.

Қазақстанның шөлейт дала зона тармағындағы қауымдардың түрлік құрамы б.з 1976 жыл.

Өсімдіктер тобы Жіңішке –жусанды –бетегелі қауымы ақшыл –сары топырақта Жіңішке жусанды-тырсық қауымы, ақшыл – сарғыш топырақта Сирекбас – жусанды көкпек қауымы сортаңдау кебірде Сирекбас-жусан қауымында кебірлі сортаңда

 

 

 

Түрлер саны % Жалпы саны % Түрлер саны % Жалпы саны % Түрлер саны % Жалпы саны % Түрлер саны % Жалпы саны %
Гүлді өсімдіктер 33 12,5 26 10,5 22 10,5 22 12,0
Мүктер 2 0,8 0 1 0,5 0
Қыналар 12 4,6 15 6,0 19 9,0 14 7,0
Балдырлар 26 9,9 42 17,0 24 11,5 8 4,0
Микроскопия-лық

Саңырауқұлақ-тар

85 32,3 85 3,4 71 34,0 72 38,0
Бактериялар, антиномицеттер 105 39,9 80 32,0 72 34,5 72 38,0
Барлығы : 263 100 248 100,0 209 100 190,0 100,0
Соның ішінде
Автотрофтар 73 27,8 83 33,5 66 31,5 44 23,0
Гетеротрофтар 190 72,2 165 66,5 143 68,5 146 77,0

Белгілі – бір территориядағы өсімдіктердің түрлерінің қазақша және орысша аттары жазылады. Мысалы : жіңішке жусан –полынь тонковатая, типчак – бороздчатая. Құрамындағы түрлердің санына қарай кедей флоралы (түр саны аз болса) және бай флоралы (түр саны көп болса) фитоценоздар болады. Нақтылы фитоценоздардың флоралық құрамы оларға диаспоралардың (грекше diaspora — таралу) келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп өсе алатындығына байланысты анықталады.

Флоралық байлық дегеніміз белгілі – бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп жетілетін түрлердің сандық көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау жасау үшін әрбір систематикалық топтар (қыналар,мүктер, папоротниктер жалаңаш тұқымдылар, жабық тұқымдылар) бойынша түрлердің санын есептеп шығару керек.

Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай флоралы және күрделі флоралы фитоценоздар болады : жай флоралы фитоценоз бір немесе бірнеше түрлерден, ал күрделі флоралы фитоценоз – көптеген түрлерден тұрады.

Қауымның флоралық байлығы көптеген факторларға байланысты, мысалы, осы ауданның флорасының түрлік байлығына, қауымның тіршілік ететін жерінің микроклиматына, экотоп жағдайына және оның өсімдігінің өмір нәтижесінде өзгеруіне, адам тіршілігінің әсеріне мыс: тропикалық ормандар өсімдік түрлеріне бай қауымдардан саналады, ал альпілік және арктикалық шөлдер өсімдік түрлеріне ең кедей қауымдарға жатады.

Фитоценоздың барлық компоненттері сол жерде бар ресурсты дерлік бірдей пайдаланатын жағдайда өсімдіктердің бірде – бір түрі доминант бола алмайды. Тек осындай жағдайда ғана фитоценоз флоралық құрамы жағынан өте бай болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар ылғалды тропикалық ормандарда кездеседі. Л.Г.Раменский (1924) флоралық мүшелері толық және мүшелері толық емес фитоценоздар деген түсінік кіргізді. Егер фитоценоз құрамына онда өмір сүруге қабілеті бар өсімдік түрлерінің кейбіреулері кірмей қалған болса оны Раменский мүшелері толық емес фитоценозға жатқызды. Фитоценоздардың флоралық мүшелері толық немесе мүшелері толық емес екендігін эксперимент жасап оларға қосымша тұқымдар сеуіп қана анықтауға болады.

Л.Г.Раменский фитоценоздарды мүшелері мүлде толық, жергілікті мүшелері толық, практикалық мүшелері толық және анық мүшелері толық емес деп бөлді. Фитоценоздарға адамның басқа аймақтардан алып келген өсімдік түрлерін енгізу немесе оларды жергілікті фитоценоздарға әдейі саналы түрде кіргізу жұмыстары табиғатта флоралық мүшелері толық емес фитоценоздардың кең кездесетіндігін көрсетеді. Фитоценоздардың флоралық мүшелерінің толық еместігінің үлкен практикалық маңызы бар. Ондай фитоценоздардың құрамына кіріп олардың өнімділігін арттыруға қабілеті бар өсімдік түрлерінің тұқымдарын қосымша себуге болады. Әрбір фитоценозда өте мол, көп кездесетін және өте аз кездесетін өсімдік түрлері болады.

Фитоценоздың флоралық байлығын анықтау үшін алынған ауданның көлемі үлкен болған сайын ондағы өсімдік түрлерінің саны көбейе береді. Көптеген зерттеушілердің жұмыстары бұл заңдылықтың толығынан өсімдіктер қауымына сәйкес келетінін көрсетті. Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің шамамен 90% жуығы кездесетін қауымның ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты табу ауданы дейміз (Раменский 1925). Флоралық байлықты табу ауданы қауымды құратын өсімдіктердің мөлшеріне үлкен – кішілігіне өсу ерекшеліктеріне, молдығына және таралуының біркелкілігіне, тіршілік ететін жағдайларының біркелкілігіне байланысты.

Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамы

Экоморфа (грек – оікоs – үй, моrрha — форма) – сыртқы ортаның жағдайымен қарым – қатынастарына байланысты тіршілік формасы. Мыс : жер бетіндегі өсімдіктер үшін бұл ылғалдық ылғалдыққа қатысы жөнінде өсімдіктер : гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер болып бөлінеді.

Фитоценоздар әдетте әртүрлі экобиоморфтаға жататын түрлерден тұрады. Фитоценоздардың экобиоморфтық құрамының біркелкі еместігі ормандарда айқын көрінеді. Себебі орман фитоценоздарының құрамына ағаштардан басқа бұталар, бұташалар, шөптер, мүктер, қыналар, балдырлар кіреді. Бұл тіршілік формаларының әрқайсысы өз кезегінде бірнеше экобиоморфалардан тұрады (мәнгі жасыл, қылқан жапырақтылар т.б.) Шөптесін фитоценоздарда (шабындық, дала т.б.) Экобиоморфтық құрамы әртүрлі болады. Бұлардың құрамына кіретін өсімдіктердің өсу формаларына, тамырының тереңдігі көбею жолына, вегетация ритміне қарай бір – бірінен үлкен айырмашылықтары болады.

Кейде өсімдіктер қауымына фитоценоздардың әртүрлі типтері сәйкес келетін өсімдік түрлері кіреді мыс : шабындыққа, шабындық, орманға және далаға тән өсімдік түрлері кездеседі.