Экожүйелік эволюциясы

Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңдерден өтеді . Солардың барысында биотикалық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады . Сукцессия кезінде түрлердің алмасуының себебі , популяциялар қоршаған ортаны модификациялауға (өзгертуге) ұмтыла отырып , өзге популяциялар үшін қолайлы жағдайлар туғызады .Бұндай жадай жүйенің биотикалық кампоненттерімен абиотикалық компоненттерінің арасында тепе – теңдік орнағанша жалғаса береді .

Егерде экожүйенің дамуы бұған дейін ешқандай өзге қауымдастық қоныстанбаған (жуырда ғана жер беті не көтерілген жартас , құм немесе жанартау жыныстарынан ) басталса , бұндай процесс бастапқы сукцессия деп аталады. Егер экожүйенің дамуы бұған дейінгі қауымдастықтан тазартылған алаңда (мыс, өңделмей қалған егістік жер немесе ағашы шауып әкетілген орман) жүретін болса , онда бұл қайталанған сукцессия болады .Ол әдетте бастапқы сукцессияға қарағанда тезірек жүреді , себебі бұрын қоныстанған територияда “таза” (стерильді) аймақпен салыстырғанда қауымдастықтың дамуы үшін біршама қолайлы жағдайлары бар ортамен зат алмасу үшін қажетті кейбір организдер сақталып қалған .

Сукцессияның әрбір келесі кезеңі өзінен ілгері тұрған кезеңге қарағанда ұзағырақ созылады , биомассаның энергия ағыны бірлігіне қатынасының (В/ R.R) біршама жоғарылығымен және өзіне тән даминант түрлерімен сипатталады . Ортаға әсіресе өсімдіктердің даминант түрлері күшті әсер етеді . Өсімдіктердің қауымдастықты қалыптастыруға қосар үлесінің үлкендігі олардың бастапқы продуценттер ретіндегі ролімен ғана емес , сондай-ақ олардың баяу ыдырататындығы мен де байланысты .

Бұталармен ағаштардың орташа ылғанданған жерлерден шөптесін өсімдіктерді ығыстырып шығару қабілеттілігі едәуір дәрежеде олардың негізінен өлі трек ұлпасынан (ағаш суретінен) тұратын ұзын да күрделі тармақталған қақпасының төңірегінде дамыған тамыр жүйесінің болуымен байланысты .

Дамып келе жатқан серияның терминалдық немесе орнықты қауымдастығы – климакстық қауымдастық болып табылады . Климакстық қаумдастықтың дамып келе жатқан және басқада орнықсыз күйдегі қауымдастықтардан айырмашылығы – органикалық заттардың жылдық таза өнімінің өте аз болуы немесе мүлде болмауы . Әрбір климаттық аймақ үшін жалғыз ғана климаттық климакс және көптеген эдафикалық климакстар танылады .

Климаттық климакс – эколжүйенің берілген аудандағы бүкіл дамуы соған жетуге бағытталған жалпы климаттық жағдайлармен тепе – тең күйдегі теориялық қауымдастық

Бұлардан басқа апатты (немесе циклдық) клімакс ұғымы бар. Апаттық климакс экожүйенің орт, зиянкестер және т.с.с. периодты түрде қайталанып отыратын апараттарының арқасында пайда болатын терминалдық күйі .

Сонымен сукцессия дегеніміз нәтижеснде биотиналық қауымдастық пен физикалық орта арасында тепе – теңдік орнатын , экожүйенің бағытталған дамуы.